- Учителю
- Және шеңберді тең бөліктерге бөлу Өзара параллель және өзара перпендикуляр түзулер салу, кесіндіні
Және шеңберді тең бөліктерге бөлу Өзара параллель және өзара перпендикуляр түзулер салу, кесіндіні
Сыныбы 9 - сыныптар
Сабақтың тақырыбы :Өзара параллель және өзара перпендикуляр түзулер салу, кесіндіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу
Сабақтың мақсаты : оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру
Тәрбиелік : ұқыптылыққа , еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Дамытушылық : оқушылардың ой - өрісін дамыту , пәнге деген қызығушылығын арттыру
Құрал - жабдық, көрнекіліктер :
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру , сызбалар орындау
І. Сабатың барысы: ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу
ә) Сыныптың сабаққа қатысын тексеру
б) Үй тапсырмасын тексеру
ІІ.Жаңа тақырып. С нүктесінен АВ түзуіне перпендикуляр түзу жүргізу.
Берілген С нүктесінен кез келген радиуспен АВ түзуіне D және F нүктелерінде қиып өтетіндей етіп шеңбер доғасын жүргіземіз. Осы нүктелерді центрі етіп аламыз DF кесіндісінің жартысынан ұзынырақ R радиуста екі шеңбер доғасын жүргіземіз де, олардың қиылысу нүктесін Е деп белгілейміз. С және Е нүктесін түзу арқылы қосамыз, содан шыққан СЕ түзуі ізделінген перпендикуляр болады.
Айталық , АВ кесіндісін тең 9 бөлікке бөлу керек болсын. Ол үшін кесіндінің кез келген ұшынан А нүктесінен берілген кесіндімен сүйір бұрыш жасайтындай етіп, көмекші түзу жүргіземіз. Осы түзу бойына өлшеу циркулін пайдаланып, қалауымызша ұзындықта тізбектей 9 өзара тең кесінділер саламыз. 9 нүктені кесіндінің ұшымен В нүктесімен түзу арқылы қосамыз.1,2,3,4,...8 нүктелерінен 9 В түзуіне параллель түзулер жүргіземіз, олардың әрқайсысы АВ кесіндісін қия отырып, оны өзара тең 9 бөлікке бөледі.
Шеңберді тең бөліктерге бөлу.Қақпақ контурының сызбасын салу кезінде шеңберді тең төрт бөлікке,содан кейін тең сегіз бөлікке бөлу қажет болады.Ол үшін алдымен перпендикуляр екі ось жүргізіледі.. Осьтердің қиылысу нүктесі О -ны центр етіп алып, шеңбер жүргіземіз. 1,3,5 және 7 нүктелері шеңберді тең төрт бөлікке бөледі. 2,4,6 және 8 нүктелерін алу үшін циркуль мен 45º бұрышты бұрыштықты пайдаланып, тік бұрышты қақ бөлудің бізге белгілі тәсілін қолданамыз. Шеңберді өзара тең үш бөлікке бөлу керек болсын ол үшін циркульді О нүктесіне бекітіп, шеңбердің радиусына тең радиуспен доға сызамыз,оның шеңбермен қиылысу нүктелерін 2 және 3 деп белгілейміз. 1,2 және 3 нүктелері шеңберді өзара тең үш бөлікке бөледі.Шеңберді тең бөлікке бөлудің және бір тәсілі негізінен шеңбер 360º тұрады енді шеңберді өзара тең үш бөлікке бөлу үшін 360º бөлеміз 3 - ке сонда 120 º болады.
Шеңберді тең алты бөлікке бөлу . Бұл жағдайда шеңберді тең үш бөлікке бөлудің тәсілін қолдануға болады.Бірақ мұнда 1 және 4 нүктелерін центр етіп алып, шеңбер радиусына тең радиуспен бір емес, екі доға жүргіземіз.
Шеңберді тең он екі бөлікке бөлу. Сызбада шеңберлер бойымен бірқалыпты орналасқан 12 тесігі бар қақпақ көрсетілген. Шеңберді тең 12 бөлікке бөлу үшін 1,4,7. 10 нүктелерін центр етіп алап,, шеңбер радиусына тең радиуспен доғалар жүргізу керек. Шеңбер бойнан алынған 1 - 12 нүктелері оны тең 12 бөлікке бөледі.
Шеңберді тең бес бөлікке бөлу. О нүктесін ценрті етіп алып, берілген диаметрідегі шеңберді сызамыз. А нүктесін центр етіп алып, берілген шеңбердің радиусына тең радиуспен доға сызамыз. Ол доға шеңберді n нүктесінде қиып өтеді. n нүктесінен горизонталь осьтік сызыққа перпендикуляр түсіріп, с нүктесін аламыз . с нүктесін центр етіп алып, с1-ге тең ардиуспен шеңбер доғасын жүргіземіз, ол горизонталь осьтік сызықты m нүктесінде қияды. 1 нүктенің центрі етіп алып, 1 m-ге тең радиуспен доға сызамыз, ол шеңберді 2 - нүктеде қияды. 1 мен 2 нүктелері - ізделінді нүктелер, ал 1 мен 2 доғасы шеңбердің ұзындығының 1/5 - іне тең болады.
ІІІ. Тақырыпты бекіту. 1. Шеңбер неше градустан тұрады?
2.Шеңберді кез келген тең бөліктерге қалай бөлуге болады?
3. Шеңберді тең бес бөлікке бөлудің тәртібін ретімен айтып беріңдер?
Бағалау . Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма. Үй тапсырмасына тақырыпты оқып, шеңберді өзара тең 3,4,5,6,8,12 бөліктерге бөлу.