7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему 'Отырар' по казахской литературе (5 класс)

Открытый урок на тему 'Отырар' по казахской литературе (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәннің атауы : әдебиет

Сыныбы : 5 «А» сыныбы

Өткізілетін күні :

Сабақтың тақырыбы: М.Шаханов «Отырар» балладасы (2-сағаты)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: М.Шаханов шығармашылығы туралы түсініктерін, алған білімдерін арттыру,кейіпкерлерді рөл арқылы сомдау,әдеби кейіпкерлер әрекетін талдау арқылы шығарма идеясын ашу

Дамытушылық: теориялық талдау жасау, түсініп оқу, мазмұнын әңгімелеу, мәнермен жатқа оқу, рөлге бөліп сахналау дағдыларын дамыту

Тәрбиелік: адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу, сатқындықтан аулақ болып, адал жүріп-тұруға тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі жаңа материалды бекіту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,рөлдік ойын,салыстыра талдау, мәнермен оқу, ғылыми ізденісін жария ету, жазбаша ой толғау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадан көрсетілетін бейнефильм үзіндісі, тарихи оқиғаға байланысты ұлттық киімдер, кестелер

Болжамды нәтижелер: оқыған поэма мазмұнын аша алатын, мәнермен оқи отырып, түсіне алатын, кейіпкерге деген жағымды, жағымсыз көзқарасын талдап айта алатын тұлға қалыптастыру

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі /Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысуларын тексеру;құрал-жабдықтарын тексеру; назарларын сабаққа аудару

2.Үй тапсырмасын тексеру: «Отырар» балладасының мазмұны бойынша рөлге бөліп, көрініс дайындау:

1-көрініс: «Шыңғыс хан мен Шағатай» жауыздық одағы(2 оқушы)

2-көрініс: «Отырардың қирауы»- авторлар (2оқушы)

3-көрініс: «Шыңғыс хан -Қайыр хан-Қарашоқы сатқын» үштігі (6 оқушы)

3.Қорыту: осы оқиғаға негіз болған тарихи шындықты еске түсіре отырып: Монғолияға Хорезмнен сауда керуені келеді де, Шыңғыс хан саудагер көпестерден естіген Отырар жайлы әңгімелеріне қызығып, Отырарға өзінің көпестерін жібереді. Отырарға барған монғол көпестерін Қайыр хан тыңшы деп есептеп, өлтіртеді. Бұл оқиға Шыңғыс ханның Отырарға жорыққа аттануына себеп болады; фильмнен Отырардың қирауы жайлы үзіндіні интерактивті тақта арқылы көру.

Шығарманың композициялық құрылымын талдап көрелік:

Не себепті поэма құрылымы дағдыдан тыс жүйелі емес?- себебі бұл- баллада, онда өлең құрылымы дағдыдан тыс күтпеген жерден құрылып, оқиғада бірізділік болмайды.

4.Жаңа сабақ:

4.1.Оқиғадағы кейіпкерлерді атайықшы: Шыңғыс хан, Қайыр хан, Қарашоқы, қария, Шағатай.

Осы кейіпкерлерімізді жағымды, жағымсыз деп бөлуге себеп болатын қасиеттерін атайықшы. (суреттері шығады,оларға ауызша сипаттама беріп, кестедегі тиісті нүктені басқанда, «дұрыс», «дұрыс емес» деген жауаптары шығады.

кейіпкер

адал

қатыгез

зиялы

опасыз

арам

ізгілікті

Шыңғыс хан

Қайыр хан

Қарашоқы


4.2.Осы кейіпкерлердің әрекеттерін талдап, концептуалдық кестені толтырып көрейік:

кейіпкер

адамгершілігі

Өмірге қызығушылығы

әрекеттері

Шыңғыс хан

Төмен: кәрі, бала, жүкті әйел дегенді аяуды білмейді,мәдениет пен өнер ошағын талқандадым деп ойланбайды да.

Жоғары: әлемді билеп, аяғының астына салсам, көп жасап, ұзақ өмір сүрсем дейді.

1.жорық жасады.

2.аяусыз өлтіруге жарлық берді.

3.талқандады

Қайыр хан

Жоғары: елін, жерін сүйеді,өз жанының азабынан гөрі халықтың өзін де, тарихын да қастерлейді.

Жоғары: 6 ай берілмей соғысып, тіпті өлердің өзінде Шыңғыс ханға өрлігін мойындата білді.

1.қорғады

2.ел тарихы үшін күйзелді.

3. сатқын болса да, өз адамына қол көтермеді.

Қарашоқы

Төмен: сатылып заты қалғанша, өліп аты қалсашы...

Жоғары: қамалдың қақпасын ашып беріп, жан сауғалайын деді.

1.қақпаны ашып берді.

2.жау табанына жығылып, кешірім сұрады.


4.3. Оқиғадағы аталған адамдар мен қамал тарихта болған ба?- иә.(Әр оқушы өзі ғаламтордан ізденіп келген материалын ауызша баяндайды.)

1.Отырар қаласы

2.Қайыр хан

3.Шыңғыс хан

5.Жаңа сабақты бекіту:

Оқылған шығарма жайлы сауалдарды тарих апай береді(тақтада апай суреті шығады да, ол сауалдарды қояды, жауаптар айтылған соң, жауабын тақтадан көреміз)

1.Отырар жайлы тарихи шындықты баяндайтын шығарма авторы кім? Ол қай жылы туылған?- М.Шаханов, 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар өңірінде дүниеге келген.

2.Шығармадағы кейіпкерлер өмірден алынған ба?- иә, шығарма тарихи ақиқатқа құрылған.

3. Автор кімге сүйсініп, кімді айыптайды?- Қайыр ханға сүйсініп:

Құтқарам деп арпалысқан қайраннан,

Аман өткен сан алапат майданнан,

Фараби мен Йасауидің жырларын

Таңнан таңға жатқа айтудан талмайтын

Әрі өзгеше ел басқару мәнері

Отырардың Қайыр атты ханы еді,-деп жырласа,

Сатқындықты айыптап:

Қара мұртты қара түн,

Қара түнде қаққан қара қанатын,

Шағатайға Отырардың қақпасын

Ашып берген Қарашоқы болатын,-дейді де, Қарашоқыны түлкіге, Қайыр ханды қыранға теңейді.

4.Шағатай таң қалатын рухы-өр, тәні- бекем, бірлікті тірліктен де артық қойған қай халық?- қазақ халқы, Шағатай халық ерлігін еріксіз мойындаған.Шыңғыс ханның өзі де «Шіркін, сендей бес қолбасшым болса, әлем аяғымның астында жатар еді» Қайыр ханның қайсарлығына таң қалған.

5.Баллладаны оқығанда кімдерді жақсы көріп, кімге жек көру, ыза сезімі пайда болды?Неге?

6.Жаңа сабақты қорыту: -Барлық әдеби, мәдени мұрамыз ұлықталып жатқан 21-ғасырда Отырардың бүгінгі халі қандай?

- ЮНЕСКО-ның қолдауымен 2004 жылдан бері «Ежелгі қалалар» жобасы бойынша тарихта аты бар, жерде тек орны қалған Отырардай қалаларды қазып, тарихи мұражай ашу жұмыстары жүзеге асып жатыр. Осы жобаның аясында Отырардың орнында археологиялық жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі ашық мұражай орны мынандай күйде.(суреттер тақтадан көрсетіледі.)

1-оқушы: Отырардың тарихи музейінің алдындағы тасқа: «Жиһанкез, сенің алдыңда Орта Азияға, Кавказға, орыстарға бет алған басқыншы Шыңғысханның сансыз әскерлерін жарты жыл ерлікпен ұстаған, сөйтіп барып өзі күйреген батыр қамалдың қалдығы жатыр. Бұл қамалдың қасиетін қадірлей біл», - деген сөздер қашалып жазылған.

2-оқушы: Әуелде үлкен қала Отырардан
Кейіннен кіші-гірім шоқы қалған.
Өртеніп өзі күл боп кетсе-дағы
Қаланың көкіректе оты қалған.
Тартады күзгі желмен дала күйді,
Қалдырды өшпейтіндей баба сыйды.
Арада мыңдаған жыл өтсе дағы
Көтеріп келеді ол Фарабиді. (С.Мәуленов)

7.Оқушылар білімін бағалау /жауаптары мен тапсырманы орындау деңгейіне,білім, біліктіліктеріне қарай «2»,«3»,«4»,«5» бағалары қойылады.

8.Үйге тапсырма: баллада бойынша алған білімдеріңді жинақтап, «Болашақ жауыздыққа жол бермейді» тақырыбында ой толғаңдар.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал