7


  • Учителю
  • Разработка урока по казахской литературе на тему 'М. Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы»' (8 класс)

Разработка урока по казахской литературе на тему 'М. Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы»' (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Пән аты: әдебиет

Сынып: 8

Тақырыбы: М.Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы». Повестің тақырыбы, сюжеттік желісі.Повестегі Бақтығұл, Тектіғұл, Жарасбай бейнелері.

Мақсаты: 1. Повестегі басты кейіпкерлердің бейнесін ашу. Оқушылардың алған білімдерін тексеру.

2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау және жазу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу.

Түрі: дәстүрлі емес

Типі: бекіту сабағы

Көрнекі құралдар: презентация, қанатты сөздер, үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері

Әдіс-тәсілдері: сұхбат, шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс, іздендіру, әңгімелеу, рөлдік ойын.

Сабақтың ұраны: «Білген сайын келеді біле бергім»


Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, көңіл-күйлеріне бақылау жасау.

Оқушыларды екі-екіден үш топқа бөлу. Мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы өз жұптарын табады.

  1. Ашу - дұшпан, ақыл - дос.

  2. Ағасы бардың - жағасы бар,

Інісі бардың - тынысы бар.

  1. Біреу тойып секіреді,

Біреу тоңып секіреді.

2. Үй жұмысын тексеру.

Оқушылар шығармамен толық танысып шығу керек болды.


3.Бекіту кезеңі.

Қызығушылықтарын ояту.

1) Оқушылар бөлінген топтары бойынша оларға түскен мақал-мәтелдердің шығармаға қандай байланысы бар екенін талдап береді. (2 минут)

2) Шығарманың негізгі идеясын ашу.

Ол үшін топтарға келесі сұрақтар қойылады.

  1. Шығармада қай кездегі шындық суреттелген?

  2. Сол заманда елді кімдер билеген?

  3. Би-болыстардың шаруасын кімдер бітірді?

Қорытынды: автор сол замандағы халықтың ауыр тұрмысын, әлеуметтік теңсіздікті көрсетпек болды.


Эйлер шеңберін толтыру

Кедей қандай? Бай қандай?

Ағайынды өзгелердің қолымен от көсейді. Әділетсіз. Мейірімсіз.

Намысқой

Бауырмал

Қайратты

Заман қандай?

Сөздік жұмыс (анықтама бер)

Ұры, Ұрлық, Кек, Жоқшылық, Паналау, Барымта

«Бақтығұлдың тағдыр картасын дайындау»

Шарты: шартты белгілерді, түстерді қолдану.

2. Мағынаны тану. (2 минут)

Берілген тақырыптар бойынша шығарманы желісін қалпына келтіру. (топтарға бөліп беру)

1. Іште кеткен кек

2. Кек жолындағы жортуыл

3.Қуғыншылар

4.Пана іздеу

5. Адасу

6. Сатқындық

7. Қуғын

8. Өш алу

3.Менің пікірімше... (3 минут)

1)Тектіғұл өліміне не себеп болды? Оның өлімінде қандай саяси-әлеуметтік мән жатыр? Бұл өлімнің шығармадағы орны қандай?

2) Бақтығұлдың басты-басты қателіктері, адасулары қандай?


1)Ақылды әрі күшті рухы бар Бақтығұл неге қол шоқпар, барымташы, сорлы малайға айналды?

2) Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?


1)Бақтығұлдың барымтаға аттануына, ұрлық жасауына қалай қарайсың?

2)Бақтығұлдың Жарасбай болысқа баруын қалай бағалайсың?


4.«Тұжырым кестесі»

Кейіпкерлер

Іс-әрекеті

Қасиеттері

Тектіғұл

Бақтығұл

Сәлмен

Жарасбай


«Топтастыру»

Бақтығұл Тектіғұл Жарасбай


5. «Ойлану баспалдағы». Бір тақырып бойынша сұрақ дайындау - топта дайындайды, топтан біреу тілші болып тағайындалады. Оқушыларға сауал қояды.


Бақтығұл, Тектіғұл

Бақтығұл, Тектіғұл, Сәлмен

Бақтығұл, Тектіғұл, Сәлмен, Жарасбай, қоғам


6.Ой толғаныс

Келесі тұжырымдарды қорғау

Бақтығұл - кек алушы күрескер (сурет)

Бақтығұл - Сәлмен мен Жарасбайдың құрбаны (эссе)

Бақтығұл - қорғансыз сорлы (шартты белгілер)

7. «Қарлы кесек»

Шығарма туралы өз ойым және сауалым.

8. Үй жұмысы

Бақтығұл Жарасбайға әділ үкім шығарды: ия, жоқ (ойланып келу)

9.Бағалау

Топ жұмысын бағалау (топтар бір-бірін)

Топ мүшелері бір-бірін бағалайды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал