- Учителю
 - Сабырлылық пен ұстамдылық 5 сынып
 
Сабырлылық пен ұстамдылық 5 сынып
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
 
Мектеп____Мерзiм_______№__22___Тақырып «Сабырлылық пен ұстамдылық».
Құндылық ішкі тыныштық Қасиеттер ұстамдылық,сабырлылық,
МұғалiмЕрежепбекова М Класс___5__Оқушылар саны___10_
 
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға «сабырлылық» пен «ұстамдылық» қасиеттері арқылы ішкі тыныштық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
 
 
Міндеттері:
-Оқушыларға «сабырлылық» және «ұстамдылық» қасиеттерінің адамның ішкі тыныштығын сезіне білуге ықпал ететінін түсіндіру;
-ұстамдылық,сабырлылық қасиеттерін дамыту.
-оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу.
 
Ресурстар құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
-  
Ұйымдастыру кезеңi.
 
Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену.
-  
Үй тапсырмасын тексеру.
 
Оқулық 77-78 бет, «Жан жарасы жазылмайды».
 
 
-  
Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті?
 -  
Баласы әкесінің айтқанынан не түсінді?
 -  
Өздеріңнің сабырсыздық танытқан кездерің болды ма?
 -  
«Ашуды ақылмен жеңу» дегенді қалай түсінесіңдер?
 
-  
Дәйексөз.
 
Сабырлық - ақыл-парасаттың белгісі,
Сабырсыздық сені ұятқа қалдырар.
Ж.Баласағұни
-  
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
 
Оқушылар жаттап алу үшін, бірнеше рет қайталау.
-  
Әңгiмелеу
 
Өкініш
Мектептегі екі дос, үйге қайтар жолда қымбат ұялы телефон тауып алды.
- Бұл телефонды ертең иесіне қайтарармыз,бірақ бүгін менде болсын, - деді Арман.
- Неге сенде болу керек? Телефон шалып иесін іздейік, - деп ренжіді Қайрат.
- Оның құпия сөзін білмейміз ғой!!!
Қайрат амалсыздан Арманның айтқанымен келісті. Келесі күні Арман телефонды үлкен ағасы алып, бермей қойғанын айтты.
Қайраттың жылағысы келіп кетті. Мұғалімге айтайын десе, Арманның ағасы бұзық - өзі одан қатты қорқады.Ал Арман болса, түк болмағандай ойнап жүр. Қайрат өзін қоярға жер таппады, не істесе де телефоноқиғасыоған маза бермеді.
-  
Қайраттың осындай күйге түсуіне не себеп болды?
 -  
Осындай жағдайларда не істеуге болады?
 
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Ұстамдылық - сүйіспеншіліктің бір қыры.
(1.10-минуттан бастап көрсетемін)
-  
Балалар, қане осы екі кейіпкерге мінездеріне сәйкес ат қояйық (1-топ итке, 2-топ мысыққа).
 -  
Енді екеуіне мінездеме беріңдер (1-топ итке,
 
2-топ мысыққа).
-  
Осы мінездемелерді негізге ала отырып, екі шумақтан тұратын өлең шығарайық. (1-топ итке, 2-топ мысыққа). (өзім көмектесемін)
 -  
Өлеңге келетін ән табайық. (Әнді 2 топ кезектесіп айтады. Әрқайсысы өз кейіпкерлерін мақтайды).
 
 
-  
Топпен ән айту.
 
Заттыбек Копбосынов «Әдемі»
 
-  
Үй тапсырмасы. Кітаппен жұмыс
 
23- сабақ. «Адал бала» (Корей ертегісі) 81-82 бет.
Дәптермен жұмыс. 51- бет, 3-жаттығу
«Аяқталмаған сөйлем».
 
-  
Соңғы тыныштық сәтi.
 
 
 
Балалар, бүгінгі сабақта алған ойларды жүрегімізге түйейік. Сабақ аяқталды,сіздерге рахмет!
Сау болыңыздар!