- Учителю
- Ашық сабақ: 'Сөз тіркестерінің мағынасы'
Ашық сабақ: 'Сөз тіркестерінің мағынасы'
Сабақтың тақырыбы: Сүт тағамдары
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларды тағам түрлерімен таныстыра отырып, сүт тағамдары туралы
түсінік беру.
-
Жазбаша тапсырмаларды дұрыс, сауатты орындау дағдыларын, оқушылардың
дүниетанымын , ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
-
Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылықтарын артыру, бір- біріне
қамқор болуға, сүтті құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,ойындар, сөздікпен жұмыс, мәтінмен жұмыс,
«Ішіне - сыртына» әдісі, деңгейлік тапсырмалар
Көрнекілігі: сүт өнімдерінің суреттері, интерактивті тақта, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Кезекші мәлімдемесі
3. Жаңа сабаққа дайындық
4. Назарларын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру
Балалардың дәптерлерінен үй жұмысының орындалу барысын тексеру
әжесімен дүкенге барды. Олар дүкенге - пен барды.
Дүкеннен , , сатып алды. Айша
, , алды.
-
Балалар, дүкенде не сатылады?
-
Азық-түлік сатылады.
-
Ал сендер, дүкеннен не сатып алар едіңдер?
Олар қандай тағамдар?
Жарайсыңдар, балалар!
Ал енді «Адасқан әріптер» ойынын ойнайық. Әріптерді орындарына қойып,
шыққан сөзді оқыңдар. Қандай сөз шықты?
Ү С Т А Ғ Т М А Д Ы Р А (сүт тағамдары)
III. Жаңа сабақ
Азық - түліктер түрлері көп. Олар: ет тағамдары, сүт тағамдары, нан тағамдары,
жемістер, жидектер, көкөністер.
Бүгін біз сабағымызда «Сүт тағамдары» атты қызықты тақырыппен танысамыз.
Бұл сабақта біз сендермен өз ойымызды айтып, сүт тақырыбына қатысты
қызықты суреттермен, жаңаша жаңалықтармен танысамыз.
Интерактивті тақтадан сиыр, түйе, жылқы суретін көрсете отырып , жаңа
сабақтың тақырыбымен байланыстыра әңгімелеу:
- Бұлар қандай жануарлар?
- Үй жануарлары.
- Олардың қандай пайдасы бар?
- Олар бізге сүт береді.
- Өте дұрыс, жарайсыңдар.
Ал, енді сүттен жасалатын тағамдармен танысайық:
Сөздікпен жұмыс
сүт тағамдары-молочные продукты сүзбе-творог
қаймақ-сметана май-масло
айран - кефир ірімшік-сыр
қымыз-кумыс шұбат-шубат
Оқушыларға оқытып, дәптерлеріне жаздыру, ауызша сөйлемдер құрастыру.
Сүт - басқа ешқандай азық-түлік тең келмейтін, аса бағалы тағамдық өнім. Ол
өте пайдалы. Оның түсі ақ немесе аздап сарғыш болып келеді. Дәмі тәтті, құрамында
су, май , қант, дәрумендер, кальций бар. Сүттен түрлі тағамдар дайындаймыз. Олар
айран, май, қаймақ, құрт, ірімшік , сүзбе, шұбат, қымыз.
Сиыр сүтінен айран, май, қаймақ, құрт, ірімшік , сүзбе дайындалса, түйе сүтінен
шұбат, жылқы сүтінен қымыз дайындалады. Сүт тағамдары өте пайдалы.
Сүтті төгуге болмайды. Нанды қаншалықты қадірлесек, сүт өнімдерін де соншалықты
қадірлеу керек.
Бүгінгі сабақ түсінікті болса, жаттығу жұмыстарын орындайық.
-
Мәтінмен жұмыс.
Оқушыларға мәтін таратып беріледі.
Оқушыларға мәтінді оқып беріп, сол мәтін бойынша тапсырмалар орындату.
Сүт тағамдары
Сүт тағамдары- айран, ірімшік, қаймақ, май, құрт, сүзбе, шұбат, қымыз. Сиыр
сүтінен ірімшік, қаймақ, май, құрт, сүзбе, түйе сүтінен шұбат, жылқы сүтінен қымыз
дайындалады. Сүт тағамдары дүкенде және базарда сатыла ды. Сүт - пайдалы
тағам. Сүтті қадірлеу керек.
1-қатар - мәтінді оқу
2-қатар - мәтінді аудару
3-қатар-мәтін бойынша сұрақтар дайындау
- Балалар , сүт тағамдары қандай сұрақтарға жауап береді?
- Нелер?
- Нені білдіріп тұр?
- Заттың атын білдіріп тұр
- Зат есімдер септеледі, көптеледі, тәуелденеді және жіктеледі. Олай болса, келесі
тапсырманы орындайық
2. Төмендегі сөздерді септеу, тәуелдеу
Сүт тағамы (септеу)
А.с не? сүт тағамы
І.с ненің? сүт тағамының
Б.с неге? сүт тағамына
Т.с нені? сүт тағамын
Ж.с неде? сүт тағамында
Ш.с неден? сүт тағамынан
К.с немен? сүт тағамымен
Тағам (тәуелдеу)
I ж. Менің тағамым
II ж. Сенің тағамың
Сіздің тағамыңыз
III ж. Оның тағамы
Сергіту жаттығуын орындау
3.Деңгейлік тапсырмалар орындау
а) Көп нүктенің орнына керекті әріпті кою
Сүт, айран, құрт, май , қаймақ
ә) Кестемен жұмыс
б) Сөзді өрбіту
1. Тағам
2. Тағам жедім.
3. Мен тағам жедім
4. Мен дәмді тағам жедім.
5. Мен мектепте дәмді тағам жедім.
IV. Сабақты бекіту
«Ішіне-сыртына » әдісі бойынша сабақты бекіту
Бүгінгі жаңа сабаққа байланысты сөздерді «ішіне», байланысты емес сөздерді
«сыртына» қойып шығу.
-
Ішіне
Сыртына
Наубайхана, ойын, сүт, үй, гүл, айран, орындық, қала, ірімшік, сүзбе, сөмке,
қалам, отбасы, жемістер, құрт, серуен, лагерь, балық, май, мектеп, кітапхана,
қаймақ.
V. Сабақты қорытындылау
Бүгін біз қандай тағамдармен таныстық?
Басқа қандай тағамдарды білеміз?
Сүт тағамдарына не жатады?
Сүттің қандай пайдасы бар?
Сиырдың сүтінен не дайындаймыз ? Түйе мен жылқының ше?
Интерактивті тақтада орындау
-
Сиыр
Түйе
Жылқы
айран, ірімшік, қаймақ, май, құрт, сүзбе, шұбат, қымыз
VI. Үйге тапсырма
Тағамдарға байланысты мақал-мәтелдер жаттап, жұмбақтар жазып келу.
VII. Бағалау
Сабақта жинаған күлекештер бойынша оқушыларды бағалау