7


  • Учителю
  • Абайтану курсынан қысқа мерзімді сабақ жоспары 5 сынып

Абайтану курсынан қысқа мерзімді сабақ жоспары 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Абайдың көңіл қойып, Көкбайға жаздырған тарихи тақырыптарының бірі - Абылай хан тақырыбы. Көкбай Жанатайұлы Абайдың тапсырмасымен Абылай және оның ұрпақтары туралы циклды дастан жазып, Абай «Сабалақ» дастанының көркемдік қуатына ғана емес, тарихи мән-маңызына да аса ден қойып, сынап, түзеген. Көкбай ақын өмірінің соңғы жылдарында Абылай тақырыбына қайта айналып соғып, «Қандыжап» дастанын жазады. Алғашқыдағы Абылай бейнесі кейінгі шығармасында айқындала түсіп, жаңа қырынан көрініп, мейілінше шебер сомдалды. Уәйіс Шондыбайұлының «Жошы-Алаша хан» поэмасы - Абай ықпалымен жазылған тарихи шығармалардың бірі. Ертеден келе жатқан қазақ аңызын негізге алған Уәйіс Абай еңбегіндегі Алаша хан туралы аңызды поэмасына арқау ете отырып, өзіндік өрнекпен көркем туынды қашай білген.Абайтану курсынан қысқа мерзімді сабақ жоспары 5 сынып

Жанатайұлы Көкбай (1861-1925)

10.03.2013 12:27

Ақын, ағартушы. 1861 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Тақыр ауылында дүниеге келген.

Абайдың шәкірті, әрі інісі. Ұлы ақынның «Жаз», «Күлембайға» деген өлеңдері тұңғыш Көкбай қолымен 1888-1989 жылдары «Дала уәлаятының газетінде жарияланған.

Көкбай бала кезінде хат танып, үш жылдай Төлетай молдадан дәріс алған соң, Семейдегі Қамали хазірет медресесінде, уездік училищеде оқыған. Елге келген соң үнемі Абайдың жанында болады. 1901 жылы өз қаржысына медресе ашып, онда сол өңірдегі қазақ ауылдарының балаларын оқытады. Сабақ мұсылманша, орысша қатар жүрген. Оқулық ретінде шәкірттеріне «Араб тілінің қағидаларын» өлеңмен жазып шығады. 1908 жылы биік мұнаралы мешіт салдырады. 1913 жылы Меккеге барып қажы атанған. Жаңа оқу жүйесі шыққанда медресесін мұғалімдерге босатып береді.

Жастайынан айналасына өткір тілді, өжет, суырыпсалма ақын ретінде танылады. Абай ұстазына «Семейге Абай келсе бізге думан», «Абайдай ұлы тумағы болар ғайып», «Абайдан сабақ алдым бала жастан», «Жаннатта жаның болғыр Абай құтып» секілді өлеңдерін арнаған. «Сабалақ», «Құлынды», «Қандыжап», «Ғаділ патша қиссасы», «Арон Рашид қиссасы» дастандары белгілі. Көкбайдың ақындық талантына М. Әуезов жоғары баға берген.

Ақынның өлеңдері мен айтыстары «XX ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985), «Бес ғасыр жырлайды» (1989, 1 т.), «Айтыс» (1988, 2 т.), «Абайдың ақын шәкірттері» (1994, 2-кіт.) жинақтарына еніп, ол туралы зерттеу мақалалар «XX ғасырдағы қазақ ақындары» ұжымдық монографиясы (1988) мен Қ.Мұхамедханұлының «Абайдың ақын шәкірттері» кітабында (1994) жарияланған. 2005 жылы «Абайдан сабақ алдым бала жастан» атты кітабы (кұрастырып, түсініктерін жазған С. Ыдырысұлы) жарық көрген.



Жанатайұлы Көкбай

Көкбай Жанатайұлы - ақын. Көкбайдың өлеңмен жазған «Араб тілінің грамматикасы» еңбегі, «Сабалақ», «Құлынды», «Ғаділ патша», «Арон Рашид қиссасы», Әріп, Кемпірбай, Жүнісхан, Жидебай, Саржандармен айтыс т.б. шығармалары көпке мәлім. Жасында мұсылманша оқуды едәуір өндіріп оқыған соң, Көкбай әншілік, ақындыққа ауысады. Басында айтыс өлеңдерге де жиі араласып, ақындыққа ерте жеткен талапкер жастың бірі болады.

Бірақ жігіттікке жете бере қырдағы ән-өлең өнерін, сауатын тастап, Семей қаласына келіп, Кәмали хазреттің медресесіне түседі. Ұзақ жылдар сонда жатып мұсылманша оқу оқиды. Кейін Абай оны әзіл етіп молдалық пен сопылыққа беріліп, әсем әнінен, бозбалалықтан кетіп қалды деп сынайды. Көкбай туралы:

Сорлы Көкбай қор болды-ау,

Осыншадан құр қалып...- дейді.

Жас өнерпаздың діндар медреседе имам, халфелердің алдында мүлгіп жүргенін жақтырмай айтқан.

Бірақ Көкбай медреседе өзінше көп оқып, үлкен молдалыққа жетіп алғаннан кейін Абайға келіп қосылады. Ел ортасындағы бір сайлаудың үстінде Семейдің сол күнгі оязы Көкбайдың үстінен түскен арыз бойынша оны жазаламақ болады. Сонда өнерлі оқуы бар жігітті Абай аяп, кепілдікке алады. Осыдан соң Көкбай өмір бойы, Абай өлгенше оның іні-досы, шәкірті боп кетеді.

Абай өлгеннен кейін бірталай жылдан соң, жасы ұлғая бастағанда, Көкбай қайтадан бұрынғы молдалығына ауысады. Ел ішінде медресе салып, бала оқытады. Бірақ молдалыққа ауысуымен Көкбай ақындық еңбекті тастамайды.

1924 жылдан бастап Абайдың өмірбаянын жазушыларға және барлық толық жинағын құрастыруға Көкбай барынша зор көмек еткен еді. Абайдан қалған мұраның қазақ оқушыларына толық жинақ боп құралып шығуына анық еңбегін сіңірген кісінің бірі - Көкбай.

1909 жылы Кәкітай бастырып шығарған жинақ Абай еңбектерінің жарым көлеміндей ғана еді.

Көкбай қолжазбада сақталған шығармалар ғана емес, өзінің жадында жүрген, біржола жоғалып кетуге мүмкін болған Абайдың өлеңдері мен кейбір шумақтар, жолдарды хатқа түсіртіп, ұлы ақынның өзге мұраларының қатарына қосты. Онан соң Абайдың өмірбаянын толық етіп жазуда да Көкбай айтып берген материалдар аса көп еді. Олар құнды деректер болатын. Тек Көкбайдың Абай тұсында айтқан естелігі толық жазылмады. Бірақ 1933 жылы біз құрастырып жазатын алғашқы толық өмірбаянының көп фактылары Көкбайдың аузынан алынған. Абайдың көп өлеңдеріне кейінгі толық жинақтарда беріліп жүрген қосымша түсінік, деректердің көптен-көбі және де сол Көкбайдың айтуынан алынған-ды...

Одан қалған жазбалардың саны өте аз ғана. Жас кезінде, Абай уақытында айтып, жазып жүрген өлеңдерін өзі көп ұқыппен жинамаған. Бірақ ол кезде Абай айналасындағы бар ақынның ішінде суырып салма, импровизацияға ең жүйрік ақын Көкбай болғаны даусыз. Сол талантын бағалап, Абай бұны өзі жазып жүрген алғашқы өлеңдеріне ие ғып шығарады.

Көп өлеңдерін өзі жазып, Көкбай атынан таратады. Омбыдағы «Дала уәлаяты газетінде» басылған бірен-саран өлеңі де Көкбайдың атынан басылған. Абай бір өлеңінде:

«Сорлы Көкбай жылайды,

Жылайды да жырлайды...» -

дейтін жолдарда, анығында Көкбайды айтпай, өзін айтып отырған болады. Тек бертін келіп, «Жаз» өлеңін жазған соң ғана, Абай барлық өзі шығарған өлеңдерін өз атына ауыстырып алады. Көкбай Абайдан кейін 20 жылдан аса өмір сүріп, сол соңғы дәуірінде көп шығармалар жазады. Әсіресе баспаға шығып, бар оқушысына мәлім болған мұндай еңбектері зерттеушілер қолына түспегендіктен, Көкбайды бұл күнге шейін сыңаржақ түрде атап, танып келгеніміз бар-ды. Ал, соңғы жылдарда Семей қаласындағы Абай атындағы музейдің зерттеушілері жинаған қолжазбаларға қарағанда, біз Көкбайдың анық Абай мектебінің ақыны деген атақты ақтай алатын едәуір мол, елеулі шығармалары бар екенін көріп, біліп отырмыз. Тегінде, Көкбайдың анық айтқыш, талантты ақын екенін Абай өзі де өз шығармаларында бірнеше рет атап бағалап, аңғартып кеткен-ді. Ұстаз ақын Абайдың шығармаларына аты кірген шәкірт ақынның өзі де жалғыз ғана Көкбай болатын...

«Бұралып тұрып...» деген өлеңін де Көкбай досына әзіл-сын ретінде әдейі арнап айтады. Сөйтіп Абайдың өзі өз тілімен тірі шағында жақын ақыны есебінде атап кеткен Көкбай барын көреміз. Ал, кейін Көкбай шығарған өлеңдерді алсақ, бұл жағынан да Абайды үнемі өзіне ұстаз, аға тұтқан Көкбай барын айқын танып отырамыз.

«Жәннатта жайың болғыр Абай құтып,

Қасыңда бос жүріппіз шатып-бұтып.

Осындай ен дарияны жайлағанда,

Тым болмаса қалмаппын қана жұтып...» -

деген жолдармен Көкбай да Абайдың ақындық ұясы мен бауырында өмір кешкен жан екенін жыр етеді.

Абай мектебінің кейіннен қосылатын елеулі, ірі талантты, үлкен ақынның бірі - Әріпке айтқан сәлем сөзінде Көкбай тағы да Абай жайын толғайды:

«Семейге Абай келсе бізде думан,

Ән салып босамаймыз айғай-шудан.

Бас қосу, бақастасу, мәжіліс құру,

Секілді бір ғылымның жолын қуған.

Тарихтан неше түрлі Абай сөйлеп,

Өзгелер отырады отырады аузын буған,

Бір барсаң мәжілісінен кеткің келмес,

Кәкімдей Аплатон аңырап тұрған.

Келбетіне, біліміне лайықты,

Япыр-ау, мұндай адам қалай туған...», - дейтұғын үзінділерде ұстаз-ақын Абайдың қауымында жүрген басқа шәкірт-ақындардың да барлық шынын, дәл қалпын бейнелейді. Өзінің де үлкен ұстаз жанында өсіп келе жатқан анық етбауыр жақын дос екенін мәлімдейді.

Абайдың өзі барда Көкбай кейінгі ұзақ өмірінде де Абайды қадір тұтқан қалпынан жаңылған емес. Өмірінің соңғы кездерінде бір жалақор тап дұшпанына қарсы айтқан өлеңінде Көкбай және де Абайды аузына алады:

«Абай марқұм ескіге ермеуші еді,

Ескіні онша жақсы көрмеуші еді.

Жаңадан төте жолмен оқу шықты,

Сол қашан келеді деп шөлдеуші еді...», - деген шумақта Көкбай ескі оқудың, мешіт-медресе ұстаудың керексіздігін айтқан. Өзі сол медресені жауып тастап, мұғалім арқылы жаңаша мектеп ашуға өздігімен жол бергенін білдірген. «Молдалықты тастады, мешітін жапты» деп Көкбайды ескі діншіл, ғұламалық көне жолға қайта тартқысы келген байшыл-ұлтшыл болған еді. Соның Көкбайды жалалап, қаралап айтқан сөзіне орай, Көкбай тарихтық жаңа ашық сананың, кең мәдениеттің жоқшысы боп сөйлейді. Және осы молда жаңағы байшыл-ұлтшылдан өзінің де Абайдың да аулақ екенін саралап, айқындап ашып береді.

«Өзімнің жасым кәрі, көңілім жас,

Іштегі айтпаса да болады паш.

Абайдан құлағыма бұрын тиген

Дүние болады деп бір тайталас...

Түсіндім мен де сөйтіп жаңалыққа,

Жаспенен кіріспедім алалыққа.

Тура жол дүниедегі жалғыз-ақ сол -

Басқа жол іздегенмен табалық па?

Босаттым медресемді мұғалімге

Иесі сол берейін енді кімге?

Медресем балаларға орын болып,

Қағанағым қарқ болар осы күнде...» -

деп келіп, Көкбай өзін молдалыққа түсіп кеткен кезеңін мүлде сынап, серпіп тастай алады. Көкбайдың Абай жырлаған тақырыптарды өзіне тақырып етіп алып, Абай сынаған ру басы жуандарды, болыс билердей бұзақыларды, ел ұйтқысын бұзушы қанаушыларды дәл Абайша өткір сатирамен әйгілеп, әшкерелеп жырлағандарын білеміз. Осы қатарда Абай өлеңінде қатты сыналған Дүтбай болысқа Көкбайдың да Абайша қатты сыншы шабуыл жасап, жыр жазғанын еске аламыз.

«Дозаққа біреу кетсе, Дүтім кетер,

Дүтім кетсе, Көкшенің көбі кетер.

Кісінетіп қара айғырды байлап қойып,

Артынан тоғыз биді күпілдетер...» - деген жолдарда Көкбай азынаған айуандай Дүтбай болысты парақор тоғыз бимен қоса соққыға ұшыратады. Сол ретте «Семей саудагерлеріне» дейтін өлең, «Мұсажанға» дейтін өлеңі... Көкбайдың сол кездегі ел ішінде болған бұрынғы ақындардың бәрінен озған көрегендік танытқанын дәлелдейді. Бұл сипаттары да Абай мұрасының барлығын және ұлы ұстаз ақынның өмірбаянын кейінгі нәсілге түгел жеткізіп беруші болған тарихтық еңбегімен қатар, Көкбайдың анық Абай шәкірті деуге толық татитын адам екенін баяндайды.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал