7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары қазақ тілі 'Эвфемизм мен дисфемизм' (5 сынып)

Сабақ жоспары қазақ тілі 'Эвфемизм мен дисфемизм' (5 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Эвфемизм мен дисфемизм
Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм мен дисфемизм. 5 - сынып.
1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың білімін дамыту, тереңдету, ізденістігін арттыра отырып, ой - өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру, ережелерді түсіндіре отырып, ажырата білуге баулу.
2. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттер дамыту, ізгілікке, ынтымақтыққа, халықтық педагогика негіздеріне баулу. Жақсы, әдемі, орынды сөйлеп, мәдениетті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Іздендіру, салыстыру, топтау, ой жинақтау.
Сабақтың түрі: Тіл дамыту.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
а) Үй тапсырмасын тексеру.
- Сонымен, оқушылар - Табу дегеніміз не?
- Табу дегеніміз - ескі әдет - ғұрыпқа, діни - наным сенімге байланысты тура айтуға тыйым салынған сөздер.
Мысалы: Қасқыр - ұлыма, Найзағай - жасын
Өзен - сарқырама, Жылан - ұзын.
Қой - маңырама.
Мәтінмен жұмыс, оқушылар табу сөздерді табады.
Менің биыл ағам үйленді. Жеңешем бәрімізге ат қойды. Мені «Кішкенем», інімді «Шырақ», сіңлімді «Шырайлым» деп атап кетті. Ағайымның үлкен ағалары мен жеңгелерін де атымен атамайды. «Үлкен үйдегі қайнаға», «Әнші жеңгей», «Әкім аға», «Үндемес» деген аттары бар. Жеңешем о дүниелік болған адамдардың да атын атамайды, тергейді. Жақында жеңешем бәрімізге қуаныш сыйлады. Біздің ортамызға «тоқымқағар» қосылды. Бұрыннанда біздің жанұяда «Күлшашар», «Шайқұяр», «Гүл егер» бөпелер өте көп.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Эвфемизм (грек сөзі) - жақсы сөйлеймін,
Дисфемизм (грек сөзі) - дөрекі сөздер.
Эвфемизм дегеніміз - жағымсыз, дөрекі, қатты естілетін сөздерді сыпайы жеткізу.
«Жақсы» сөйлеймін деген мағына берді. Ал, Дисфемизм, керісінше дөрекі, қорлау, кеміту, жаратпай, жаман сөйлеу.
Тақтаға назар аударайық!
ІІ. Үйренушілік деңгей.

Кодоскоппен жұмыс.
Эвфемизм Дисфемизм
Жағымсыз естілетін сөздерді сыпайы жеткізу «Жақсы» сөйлеу
Мысалы: Қосып айту
Жарық дүние
Ақсаусақ
Жас
Қайтыс болды
Сөзуар
Ала жібін аттамау
Қолынан іс келмеу Кеміту, қорлау, жаратпай, жаман сөйлеу.
«Дөрекі» сөйлеу
Өтірік айту
Туу
Жалқау
Боқмұрын
Өлді
Мылжың
Ұрламау
Қолынан боқ келмеу

106 - жаттығуды жазбаша орындау (кітаппен жұмыс).
Ұры - қолының сұғанағы бар.
Өсекші - суайт, сөз таситын адам.
Боқмұрын - жас, жасы кіші адам.
Қырт - мылжың - көп сөйлеу.
Топас - білімсіз, надан
Саңырау - құлағы ауыр, құлағының мүкісі бар
Соқыр - көзі көрмейді, зағип адам.
Ақсақ - аяғын сылтып басу.
Сақау - мылқау, тілі жоқ.
Жынды - есуас, жарымес.
Ал, енді оқушылар ана тіліміз, тіл туралы мақал - мәтелдерді еске түсіріп кезек - кезек тақтаға жазайық! Мақал - мәтелдерді тақтаға жаздыру, ауызша айту.
1. Жанды жаралайтын да сөз,
Емдейтін де сөз.
2. Бал тамған тілден у да тамады.
3. Аз сөз алтын,
Көп сөз көмір.
4. Сөз қадірін білмеген,
Өз қадірін білмейді.
5. Жылататын да, жұбататын да сөз.
- Сонымен, балалар жылататын қандай сөздер, жұбататын қандай сөздер?
- Жылататын сөздер - Дисфемизмдер, жұбататын сөздер - Эвфемизмдер.
105 - жаттығу. Эвфемизм мен дисфемизмдерді теріп жазу.
Ақсаусақтар, ит терімді басыма қаптап.
Жылампаз, бейілі кедей, қызыл өңшең, оқыс сөйлейтін, пысқырма, Оттай берсін! Қағынды, түзге жөнелді, айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады, ана дүниеге кетіп бара жатады.
Деңгейлік тапсырмалар орындау: Үлестірмелі кәртішкілермен жұмыс.
1) Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған. (Дисфемизмді тап, Эвфемизмге айналдыр)
2) Қарағым, сөзді қосып айтпа! (Эвфемизмді, дисфемизмге айналдыр!).
3) - Қарағым, аузыңы келгенді оттама!
Аузыңнан ақ ит кіріп, көк ит шықта - ау!
(дисфемизм сөздерді тап, Эвфемизмге айналдыр).
4) Бағып - қаққан адал малыңның қолды болғаны қиын екен. (Дисфемизмді Эвфемизмге айналдыр).
5) Ағасы інісіне ренжіп: - Қолыңнан түк келмейді, - деді.
(Дисфемизмді Эвфемизмге айналдыр).
Сергіту сәті: Бір - екі - үш қолға қалам алып күш, Қолға қалам аламыз, Әдемі біз жазамыз, сауатты біз боламыз!
Антоним дегеніміз не?
- Антоним дегеніміз мағыналары қарама - қарсы сөздер. Тізімде Дисфемизмге Варваризм - боғауыз, былапыт, дөрекі, айтуға мүлдем болмайтын сөздер жатады.
Қорытынды: Сонымен балалар, бүгін қандай тақырып өттік?
Эвфемизм Дисфемизм
- Ережелерін айтайық!

Сыпайы сөйлеген жақсы ма, дөрекі сөйлеген жақсы ма?
- Күнделікті өмірде қай сөзді жиі қолдануымыз керек?
-«Оқу мен тәрбие егіз» - дегендей, білімді адам тәрбиелі болу керек, тәрбие сөзден басталады. Дисфемизмді, варваризмді қолданбай, ана тіліміздің қадір қасиетін дамытайық!

«Топтастыру» - стратегиясын толтыру.
жақсы
жылы жұбататын
жұмсақ шын
Сыпайы тәтті мағыналы аз
суық
Қатты жаман
Дөрекі жыланатын
Ащы мағынасыз көп өтірік
Шын орынды мәдениетті
Үлкенді тыңдап, аз сөйлеуіміз керек.
Орыс тілі - ну - орман.
Ағылшын тілі - алып мұхит
Қазақ тілі -көктегі күн! - дегендей тіліміздің мәртебесін күндей жарқыратайық, балалар!
Бағалау: Оқушыларды қатысып отырған тіл мамандары жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш белгілерімен бағалайды.

Үйге тапсырма: 104 - 108 жаттығу жұмыстары. 104 - мәтіннен дөрекі, әдепсіз сөздерді теріп жазу. Мысалы: Молда мен мұғалімді сүзістіріп, бірі өліп, бірі тірі қалсын.
108 - жаттығу (Ауызша



оқып, түсінгендерін айтуға әзірлену).

Эвфемизм

Мақсаты: Эвфемизмдердің тілдік сипатын таныту;

Ұлттық салт-дәстүрдің тілдегі көрінісі арқылы ұлттық құндылықтарды бағалауға үйрету;

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Талдау, өз бетімен жұмыс, жинақтау, салыстыру

Барысы: Ұйымдастыру

«Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы - сөз.»

(Олжас Сүлейменов)

Қызығушылықты ояту

Ой қозғау

Жазуы кенжелеу дамыған халқымыз сөз өнеріне ерекше мән берген. Халқымыздың бүкіл арман-мақсаты да, таным- түсінігі де, өткенінің ізі де сөз өнерінде жатыр. Барлық тағылым-тәрбиесі де, білімі де, болашаққа деген аманаты да сөз арқылы берілген.

Біздің бүгінгі сабағымыздың эпиграфы

«Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы - сөз.»

(Олжас Сүлейменов)

Үй тапсырмасын тексеру

Жалпы, тіл ғылымынан сөздердің бірінің орнына бірі жұмсалу құбылыстары бар екенін білесіңдер. Қазір «Дөңгелек үстел» жасап, осындай тілдік ұғымдар мен оларға мысал келтірейік.

Ауыспалы мағыналы сөздер - Синонимдер - Табу сөздер

Мысалы: Ауыспалы мағыналы сөздер - Бастапқы мағынаның негізінде туған туынды мағына - «Арыстан еді Исатай» - Ер жүрек

Синонимдер - Мағыналары жуық сөздер - Сұлу - Әдемі

Табу сөздер - Атауға тыйым салынған сөздер - Қасқыр - Жаман ауыз

Ұлттық тәрбиенің тілдегі тағы бір көрінісі - біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

ЭВФЕМИЗМ

Мағынаны тану

Түсіндірме күнделігі арқылы жаңа тілдік атаудың мәніне ой жіберіп көрейік.

Түсіндірме күнделігі

Грамматикалық атау

Шығу төркіні

Эвфемизм

Грек тілі

Eu

phemi

Жақсы

айтамын

Болжау

Қалай ойлайсыздар, қандай сөздерді жақсы етіп айтуға болады деп ойлайсыздар? Мысал келтіріп көрейік.

Дөрекі сөздерді

Өзіміздің осы түсінігімізді оқулығымыздың 47 бетінде көрсетілген теориялық түсінікпен салыстырайық, толықтырайық.

Insert кестесі

(Түртіп оқу)

V

+

?

Дөрекі естілетін құбылыстарды

Сыпайы сөзбен ауыстыратынын

Эвфемизм деген атау

Эвфемизмдердің өзге тілдік ұғымдармен қатысы

Көркем шығармалардағы қолданысы

Оқушы ізденісі

І топ

Білу, түсіну

Эвфемизмдердің сөздігін жасау

ІІ топ

Қолдану, талдау

Эвфемизмдерді пайдаланып, әңгіме құрау

ІІІ топ

Жинақтау, бағалау

«Эвфемизмдердің тәрбиелік мәні, қолданыс болашағы» деген тақырыпта пікір алмасу ұйымдастырыңдар.

ІҮ топ (мұғалімдер тобы)

Көркем әдебиеттен эвфемизмдерге мысал жазу

Ойтолғаныс

Венн диаграммасы

Табу

Ортақ қасиеті

Эвфемизм

Наным-сенімге байланысты

Салт-дәстүрге байланысты

Ауыстырып айту

Адамгершілікке байланысты

Қорытындылау

Үй тапсырмасы: Көркем әдебиеттен эвфемизмдерге мысал жазу

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: II

  5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың эвфемизм туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық сезімдерін ояту, ана тілді сүюге, елжандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың таным қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс -тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Қазір «Дөңгелек үстел» жасап үй тапсырмасын тексеремін, тілдік ұғымдар мен оларға мысал келтірейік.

Ауыспалы мағыналы сөздер - Синонимдер - Табу сөздер

Мысалы: Ауыспалы мағыналы сөздер - Бастапқы мағынаның негізінде туған туынды мағына - «Арыстан еді Исатай» - Ер жүрек

Синонимдер - Мағыналары жуық сөздер - Сұлу - Әдемі

Табу сөздер - Атауға тыйым салынған сөздер - Қасқыр - Жаман ауыз

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

Ұлттық тәрбиенің тілдегі тағы бір көрінісі - біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

ЭВФЕМИЗМ

Мағынаны тану

Түсіндірме күнделігі арқылы жаңа тілдік атаудың мәніне ой жіберіп көрейік.

Түсіндірме күнделігі

Грамматикалық атау

Шығу төркіні

Эвфемизм

Грек тілі

Eu

phemi

Жақсы

айтамын

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Кейде бір нәрсенің атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз естілетіндей сыңайы байқалады. Мұндай жағдайда олар басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айтылады. бұл құбылыс тілде эвфемизм деп аталады.Эвфемизм

әдепті, сыпайы, сөйлеу мақсатынан шыққан. Мысалы: «мылжың» деудің орнына «сөзуар», «ұрланды» деудің орнына «қолды болды» деген сөздер мен тұрақты тіркестер қолданылады. Эвфемизмдер - ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің бір тәсілі.

Өкпе ауруы,Жіңішке ауру,Құлағының мүкісі бар,Зағип,Аяғын сылтып басады,Аяғы ауыр,Дүниеге келді,Қайтыс болды,Сөзуар,Қолының жымысқысы бар,Аузы жеңіл,Қосып айтады.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінігін тексеру:

І топ

Сөз тіркестерінен эвфемизмді теріп жазыңдар.

Марат келді,дала жылы, аузы жеңіл,сылтып басады, мұғалім келді,құлағы мүкістеу, нұрын төкті,нұры кеткен,


II топ

Төмендегі сызбаға эвфемизм сөздерін жаз және сөйлем құра



III топ

Эвфемизмдерді пайдаланып, әңгіме құрау

Жіңішке ауру,Құлағының мүкісі бар,Зағип,Аяғын сылтып басады,Аяғы ауыр,Дүниеге келді,Қайтыс болды,Сөзуар,Қолының жымысқысы бар,Аузы жеңіл,Қосып айтады

VІІ .Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс

104 -жаттығуМәтінді оқыңдар.

VІІІ . Сабақты бекіту:

  1. Бағалау.

  2. Үй тапсырмасын беру.

1. Эвфемизм ереже жаттау

2. 105-жаттығу



Түсіндірме күнделігі




Атау

Шығу төркіні

Эвфемизм

Грек тілі

Eu

phemi

Жақсы

айтамын




І топ

Сөз тіркестерінен эвфемизмді теріп жазыңдар.

Марат келді,дала жылы, аузы жеңіл,сылтып басады, мұғалім келді,құлағы мүкістеу, нұрын төкті,нұры кеткен,

II топ

Төмендегі сызбаға эвфемизм сөздерін жаз және сөйлем құра



III топ

Эвфемизмдерді пайдаланып, әңгіме құрау

Жіңішке ауру,Құлағының мүкісі бар,Зағип,Аяғын сылтып басады,Аяғы ауыр,Дүниеге келді,Қайтысболды,Сөзуар,Қолының жымысқысы бар,Аузы жеңіл,Қосып айтады



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал