- Учителю
- Ашық сабақ: Мағжан Жұмабаев (6 сынып)
Ашық сабақ: Мағжан Жұмабаев (6 сынып)
</ Күні-13.11.2015 ж
Сыныбы-6 «Б»
Пәні- әдебиет
№20М.Жұмабаев «Мен кім?», «Қазақ тілі» өлеңдері
Жалпы мақсат:
Оқушыларға ақпараттық білім көзі арқылы Мағжан Жұмабаевтың
өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру.
«Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдерінің мазмұнын ұғындыра отырып
ақынның өршіл де жігерлі бейнесін таныту.
Сілтеме:
-
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
-
Қазақ тілі мен әдебиетті оқыту әдістемесі
-
6-сыныпқа арналған оқулығы
-
Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі:
Оқушыларға бүкіл өмірін Алашына арнаған ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту;
Сабақта қолданылатын материалдар:
Мағжан Жұмабаевтың портреті, электрондық оқулық, интерактивті тақта, «Жұмабаевтар әулетінің шежіресі» кесте
Оқыту әдістері:
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: «Қара жорға»
биі
Ашықхаттар арқылы топтарға бөлу
Оқушылар билейді. Ортаға шығып берілген ашықхаттарды таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтар қою.
«Мен - қазақ », «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңдерінің мазмұнын сұрау
«Мен - қазақ» өлеңін жатқа сұрау
Талдау,жинақтау,қорыту.
ІІІ. Жаңа тақырып
- Балалар, бүгін біз сендермен жерлес ақын Мағжан Жұмабаевпен және оның «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдерімен танысамыз.
Таныспас бұрын осы жерлес ақын жайында кім не біледі?
( Оқушылардың ойын білу )
- Өте жақсы. Олай болса интерактивті тақтаға назар аударайық.
Электрондық оқулық арқылы «Ақын - жазушылардың өмірі мен шығармашылығы» модулінен Мағжан Жұмабаевтың өмірімен танысу.
( Қысқаша конспект жасап алу )
Электрондық оқулықта берілген М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп оқыту.
«Блумның сұрақ қою өлшемі»
Білім бойынша: Өлеңнің негізгі тақырыбы не?
Түсіну: Ақынды толғандырған тіл тағдыры екеніне көз жеткіз
Қолдану: Бұл өлеңнің бүгінгі күндегі маңыздылығы неде?
Талдау: Ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі мен үмітінің өміршеңдігін дәлелдеп көріңдер.
Жинақтау: Мемлекеттік тіл туралы сұхбат жүргізу.
Баға: Өлең мазмұны сендерге қалай әсер етті?
- Өте жақсы, ал енді тілге байланысты мақал - мәтел айтып көрейікші.
( Айтылған мақал - мәтелдерін талдатып, мағынасын ашу)
IV.Шығармашылық жұмыс
«Мен кім?» өлеңі бойынша ойға шабуыл
нұр теңіз
жолбарыс арыстан
жерде - жел көкте - бұлт
тұлпар жалын
күн
-Неліктен ақын өзін осылай бейнеледі деп ойлайсыңдар?
- Ал, сендер, өздеріңді кімге немесе неге балар едіңдер? Не себепті?
-Бұл өлеңде ақынның лирикалық қаһарманы кім?
V.Қорытындылау
Постер қорғау. «Мен саған, сен маған» ойыны арқылы сабақты қорыту.
Білу, түсіну, қолдану. Әр топтың спикері шығып қорғайды
VI. Үйге тапсырма беру
1. Ұнаған өлеңді жаттау
2. «Бабам тілі - мәңгілік» атты тақырыпта ойтолғау немесе эссе жазу
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
VII. Бағалау
Формативті бағалау
Топтардың бірін-бірі бағалауы
VIII. Рефлексия
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру
«Екі жұлдыз, бір тілек » кері байланысы арқылы сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын қысқаша жазу
№2 Ә.Бөкейханов атындағы жалпы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исмайлова Күнсұлу Мизамбекқызы , 6 сынып.