- Учителю
- Урок по казахской литературе на тему 'Абайдың 37-қара сөзі' (10- класс)
Урок по казахской литературе на тему 'Абайдың 37-қара сөзі' (10- класс)
23.01.2015ж
| сәрсенбі | 6-сабақ 10 «ә» ІІІ тоқсан | |||
Сабақтың тақырыбы:
| отыз жетінші қарасөзі | ||||
Жалпы мақсаты: | Абайдың отыз жетінші қарасөзінің мазмұнын меңгерту. Оқушыларды шығармашылыққа,ізденіске баулу,оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау. Абай еңбектерін оқу арқылы адамгершілігі мол, ғылым-білімді жан-жақты меңгерген, көкірегі ояу, елін,жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу. | ||||
Оқу нәтижелері: | Абай қарасөздерінде келтірілген мәселелердің бүгінгі күнмен үндестігін талдады. (барлығы) Заман талабына сай құрал-жабдықтарды қолдана алды.(кейбіреуі)
| ||||
Әдіс - тәсілдер: | ОЖТ: Топқа бөліну, сұрақ - рефлексия, «Екі жұлдыз, бір тілек»
| ||||
Түйінді идеялар: | Абайдың қарасөздері көркем шығарма түрінде емес,ақынның өзі көрген өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған философиялық үлгіде жазылған. | ||||
Сабақ кезеңдері: | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | |||
Кіріспе Уақыты: 5-7 минут | Сергіту сәті: «Шеңбердегі өлең» | Оқушылар дөңгелек жасап тұрады, бірінші оқушы Абайдың кез келген өлеңінің бір шумағын айтады, қасындағы оқушы жалғастырады. Осылайша әр оқушы Абайдың өзі сүйіп оқып, жаттап алған өлеңінің бір шумағынан айтып шығады.
Стикерлерінің түсі арқылы «Ақыл, «Қайрат», «Жүрек» атты топтарға бөлінеді | |||
Тұсаукесер Уақыты: 8-10 минут Негізгі бөлім Уақыты: 20 минут
Қорытынды Уақыты: 5-8 минут
|
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Абай қарасөз жазудағы өз мақсатын осылай түсіндіреді. Қарасөздері арқылы кейінгі ұрпаққа ақыл-өнеге, өсиет, ғибрат қалдыруды көздейді.Бүгінгі сабағымызда сөз еткелі отырғанымыз - 37- қарасөзі
Тапсырма концептуалдық кесте толтыру. І топқа Абайдың қарасөздерінің ұнаған тұстары | Себебі | |||
|
|
-
ІІ топқа:
№
Абайдың сөзі
Абайдың айтпақ ойын анықтайтын мағыналас мақал- мәтел табу
1
Жаман дос-көлеңке.
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың.
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың.
2
Әкесінің баласы- адамның дұшпаны,
Адамның баласы- бауырың.
3
Дүние - үлкен көл,
Заман - соққан жел,
Алдыңғы толқын - ағалар,
Артқы толқын - інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер.
4
Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені.
-
ІІІ топқа:
Р/с
Абай пікірі
Сенің пікірің
1.
Егерде мал керек болса қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды.
2.
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым , ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылдық.
3
Биік мансап - биік жартас
Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,
Екпіндеп ұшып қыран да шығады;
-
Екі топқа ортақ тапсырма:
-
«Абай қарасөздері біз үшін...»
-
Білетін қарасөздерін мәнерлеп жатқа оқыту, оқу барысында сұрақтар беріп отыру, топтық талқылау.
«Өз ойыңды жеткіз» әдісі арқылы өз ойларын ортаға салады.
Бүгін сабақта мақсатымызға жеттік пе? Оны қалай дәлелдейміз? Сұрақтарымыз шешімін тапты ма?
Барлығы бірлесе отырып сабақтың мақсатын анықтайды және сол мақсатқа жету үшін қандай сұрақтың шешімін табулары керектігін анықтайды.
Бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар келтіріп, осы қарасөздің сабақ боларлық түйінін анықтайды.
Рефлексия: «Білім ағашы»
Дереккөздер:
Қазақ әдебиеті пәні оқулығы. Мектеп баспасы 2014 Сілтемелер, қосымша материалдар