7


  • Учителю
  • Сәндік қолданбалы өнер (5 сынып)

Сәндік қолданбалы өнер (5 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала







Бейнелеу өнері пәнінен қысқа мерзімді жоспарыБейнелеу өнері және қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері туралы жалпы мағлұматтар беру, олардың түрлерімен таныстыру;

Оқушыларға ұлттық қол өнердің адам өміріндегі алатын орнын түсіндіріп, ой өрісін, сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін дамыту;

Оқушылардың ұлттық салт-дәстүрге, ұлттық өнер ерекшеліктерін сезінуге тәрбиелеу, ұқыптылыққа, тазалыққа, баулып, шығармашылық жұмысқа жетелеу;

Сілтемелер

Бейнелеу өнері оқулығы, 5- сынып. Интербелсенді тақтадан түрлі тапсырмалар, дәптер, акварель бояуы

Дәйек сөздер

ҚР-ның Президенті жолдауынан: «Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын сақтай отырып, байыппен алға жылжи беретін боламыз»

Оқыту нәтижелері

Сурет салу ережелерімен жұмыс жасай біледі.

  • Топпен пен жұмыс істей білуге үйренеді.

  • Өз ойын еркін жеткізе біледі.

  • Тақырыпты меңгереді

  • Өз-өзін бағалау қалыптасады

Негізгі идеялар

Көру, ойлау, байқау, сызба, суреттеуді, түсінуді дамытуға көмектеседі.

Тапсырма көздері



Оқушылармен сәлемдесу, құралдарын түгендеу.

1. «Ой қозғау» «Сөз жұмбақ» шешу арқылы сұраққа-жауап

1.Қою бояу түрі? (гуашь)

2. «Өлі табиғат» жанры деп нені атаймыз? (натюрморт)

3.Айналадағы табиғатты қалай атайды? (пейзаж)

4.Сурет салатын қою қарындаштың түрі? (фломастер)

5.Киім тігіншінің құралы? (ине)

6.Мүсін жасайтын зат? (ермексаз)

7.Ерітінді бояудың аты? (акварель)

2. «INSERT» түртіп алу (мәтінмен жұмыс). Сәндік қолданбалы өнер ою - өрнек, темір өңдеу, ағаш өңдеу, өндіріс заттарын көркемдеп безендіруден тұрады. Қазақ халқының қолөнер түрлері, оның ішінде мың құбылған ою - өрнек өнері, ши тоқу, алаша (қазіргі гобелен), сырмақ сыру және т. б. өнер түрлері ұлттық өнер мақсатына айналып, басқа елдерге де танымал болған. Қас шеберлердің қолынан шыққан төсеніш бұйымдары(тұскиіз, текемет, сырмақ,қоржын), ағаштан жасалған бұйымдар (кебеже,адалбақан,ер-тұрман, ыдыс-аяқ), зергерлік бұйымдар (білезік, сырға, алқа, шашбау) жасалуына қарай топқа бөлінеді.

3. Шығармашылық жұмыс. «Анама не сыйласам екен?» қағаздан білезік жасау.

Білезік-білекке салынатын сәнді зат. Ол алтыннан, қоладан, мыстан, күмістен жасалынады.Ал, біз оны қағаздан жасап көрейік. Аналарымызға ұнау үшін әдемі, көркем, сәнді етіп жасаймыз. Ол үшін таза қағазға өлшемін сызып алайық. Ені-5 см, және ұзындығы -20 см. етіп сызғышпен сызып аламыз. Бояулармен бояп, кептіреміз.Ою-өрнектердің суреттерін акварелбді бояумен бояймыз. Оюлармен безендіреміз, әшекей заттар әкелген болсақ, білезіктің ортасын желімдеп қоямыз(үлгісін көрсетіп отырамын). Оюлардың пішініне қарай, бояуы кепкен соң, сәндік заттарымызды жапсырамыз.Білекке байлау үшін жіп байлайтын тесік қиып, оған әдемі жіп байлаймыз. Кімде әшекей зат болмаса, түрлі түсті қағаздан гүл жасап, қиып, жапсыруға болады.

Бағалау

Оқушылар жасалған жұмыстарына бағасы қойылады.

Кері байланыс

  1. Білемін

  2. Білдім

  3. Білгім келеді



Үйге тапсырма

Оқулықтан «Сәндік қолданбалы өнер» туралы оқып келу

















































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал