- Учителю
- Урок самопознания в 9 классе на казахском языке
Урок самопознания в 9 классе на казахском языке
Тілектес орта мектебі
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ
«Еңбек- өмір мәні»
9 сынып
Өткізген: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Гульнара Сериковна Мухаметова
2013-14 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Еңбек-өмір мәні
Сабақтың мақсаты: оқушылардың еңбек, шығармашылық түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-еңбектің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;
-шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілетін дамыту;
-еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
-
Шаттық шеңбері.
-Шаттық шеңберінде мұғалім оқушылармен амандасып, «Мен» деген сөзді-ақырын, «Біз»- дегенді қатты айтады.
-Д.Әлімжановтың «Еңбек-гүлі өмірдің» өлеңін мәнерлеп оқиды
II. Үй жұмысын қайталау. Ауыспалы жұпта, жіберілген сөздерді қою:
В.Гете
Алдымен өзіңді өзің үйрет, сонда ғана .......................................
Б. Бұлқышев
Адам- өз өмірінің........... Ол өмірді сырлап бояуға, оған......., түр беруге, оны.................. еңбек етеді.
3. Т. Карлейль
Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат ...............
4. А.П. Чехов
Адам бойындағының бәрі де- бет-пішіні де, ....... де, жан дүниесі де, ақыл-ойы да ........... болуға тиіс
III. Жаңа тақырыпқа шығу:
Оқушыларға суреттер топтамасы беріледі, оларды қазіргі заманға сай заттармен аяқтау керек. Сұрақ:
Ненің арқасында, қалай адам осындай дәрежеге жетті?
IY. «Ассоциация» әдісі бойынша
Еңбек
Y. Дәйек сөзбен жұмыс:
-Қалай ойлайсыңдар, қандай сөздер жіберілген? Толықтырыңдар. (жеке жұмыс жасау)
.......- күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ....., ......, -бәрі осыдан шығады. АБАЙ
(Еріншектік.- күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік -бәрі осыдан шығады. АБАЙ)
YI. Диалог
-Еңбек туралы қандай мақалдар білесіңдер?
-Болашақта қандай мамандықты меңгересіңдер?
-Мамандықты таңдауда кім көмектесті, не әсет етті?
Оқулықта берілген аңызды мұғалім оқиды, бірінші бөлімнен кейін кідіріс жасайды, оқушылар жұпта аңызды өз ойларымен аяқтау керек.
Аңыз бойынша әңгіме:
-Қалай ойлайсыздар, егер ағайындылар жерден шынымен алтын тапқан жағдайда өзгерер ме еді?
-Сіздер ата-ана болсаңыздар, балаларыңызға еңбектенуді қалай үйретер едіңіздер?
Сұрақтар арқылы мәтінді талдау барысында негізгі ойды оқушылар өздері пайымдайды.
YII. Екі видеоролик: салыстыру, өз ойларын айту, сұрақтар қою.
YIII. Оқулықта берілген жағдаяттарды талдау.
IX. Рефлексия "Бес саусақ»
Оқушылар өз қолдарын параққа салып, әр саусаққа сабаққа байланысты әсерлерін жазады.