- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: 1917 – 1956 жылдардағы қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: 1917 – 1956 жылдардағы қазақ әдебиеті
Бекітемін.Оқу ісінің меңгерушісі:А.Ш.Байбулатова____________
Күні:16.03.2015 жыл. Пәні:Қазақ әдебиеті. Сыныбы: 9 «а» Сабақтың тақырыбы: 1917 - 1956 жылдардағы қазақ әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиеті туралы түсінік беру. Ақындардың шығармашылығына тоқталу, идеясын ашу. Алаш қозғалысы туралы әдеби - теориялық ұғымдарын кеңейту.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың талдау, тұжырым жасау, ой қорыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: Әдебиетті сүйіп оқуға, әдебиет тарихын білуге, қазақ елінің патриоты бола білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі : Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, эссе,сөзжұмбақтар т.б.
Көрнекілігі: Слайд,ақын-жазушылардың портреті, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сынып назарын сабаққа аударту. «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы бір-біріне сәттілік тілеу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1.Сұлтанмахмұт Торайғыров қай жерде дүниеге келді? (СҚО.Уәлиханов ауданында туған)
2.Шешесінен қашан айырылған? (Ерте)
3.Кімнің тәрбиесінде болды? (Әжесінің)
4.Мұғалімдерінің есімдері? (Мұқан Әбдірахман,Тортай деген ауыл молдаларынан)
5.Махамбет Өтемісұлын өлтірген досының есімі? (Ықылас)
III Халық әні «Елім-ай» бейнефильм қарап отырып, тест тапсырмаларын орындау.
IV Қазақ халқын сауаттандыру,мәдениетін көтеру жолында өшпес мұра қалдырып кеткен ақындар. (Слайд көрсету.)
V Жаңа сабақ
1917-1956 жылдары қазақ әдебиеті қарқынды дамып, жаңа даму белесіне көтерілді. Негізгі бағыттарының бірі - революцияшыл бағыт болды. Революция, жаңа заман елге тәуелсіздік, бостандық әкеледі деп сенді. Осы дәуірдегі әдебиетті әдебиет зерттеуші ғалымдар былай жіктейді:
«Бірінші дәуір - 1917-1930 жылдар арасы (Ұлы Октябрь революциясы, азамат соғысы мен шаруашылықты қалпына келтіру жылдары);
Екінші дәуір - 1930-1941 жылдар арасы елімізді индустрияландыру, колхоздастыру дәуірі;
Үшінші дәуір - 1941-1946 жылдар арасы (Ұлы Отан соғысы кезі); Төртінші дәуір - 1946 жылдан бергі, Отан соғысынан кейінгі кезі» ;
Бұл дәуірлерде қазақ әдебиеті кәсіби әдебиет ретінде әлемдік мәдениет деңгейінде қалыптасып, үлкен даму жолынан өтті.
VI Алаш бейнефильмін көрсету.
VII Шығармашылық жұмыс.
VIII «Азаттықты армандаған асылдар » тақырыбында эссе жазу.
IX «Қазақ қасіреті» атты слайд көрсету
X Семантикалық карта
Шығарма
авторы Шығ. аты
«Шұғаның
белгісі»
«Ленинградтық
өренім»
«Өмір мектебі»
«Қазақ
солдаты»
«Туған жер»
«Көкшетау»
«Абай жолы»
С.Сейфуллин
+
Б.Майлин
+
С. Мұқанов
+
Ж.Жабаев
+
М.Әуезов
+
Қ.Аманжолов
+
Ғ. Мүсірепов
+
XI Бекіту
А) Қ. Аманжоловтың «Туған жер» өлеңінің 1 шумағына талдау жасау
Шық/шы/ тау/ға,// қа/ра/шы /кең/ //да/ла/ңа, 11а
Мәз/ бо/ла/сың,// ұқ/сай/сың /жас // ба/ла/ға. 11а
Ол/ ше/ті мен/ //бұл/ ше/ті/не// жү/гір/сең, 11б
Шар/шай/сың/ ба,// кұ/ма/рың/ бір //қа/на ма?! 11а
(өлең 5 шумақты, 4 тармақты, 3бунақты, 11 буынды қара өлең
ұйқасына құрылған)
XII Салыстыру кестесі
XIX ғасыр әдебиетінің бағыттары
XX ғасырдың басындағы әдебиет бағыты
1917-1956 ж.ж. әдебиеттің бағыты
XIII Қорытынды
Ақын ойы
Менің ойым
Шықпаса жаным денемнен,
Не салса тағдыр көрем мен.
Бір өзім үшін өлмеймін,
Бір ғана соған көнем мен.
Кеудеде әзір жүрек бар,
Тілек бар! Соған сенем мен,
Артымда қыруар елім бар,
Өлсе де денем, мен өлмен.
Ж.аймауытов
XIV Үй тапсырмасы
-
1917-1956 жылдардағы әдебиет туралы қосымша ізденіп келу.
-
Шығармашылық жұмыс тапсыру ( реферат жазу.)
XV ББҮ - стратегиясы арқылы оқушыларды бағалау.
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім