7


  • Учителю
  • қАзақ тілі 8-сынып 'Жақты, жақсыз сөйлемдер'

қАзақ тілі 8-сынып 'Жақты, жақсыз сөйлемдер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы : Жақты және жақсыз сөйлемдерСабақтың мақсаты : 1. Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған білімдерін қорытындылау,жақты , жақсыз сөйлемдердің жасалу жолдарын меңгерту.2. Оқушыларды 3. Оқушыларды Сабақтың әдіс-тәсілдері : баяндау,сұрақ-жауап,салыстыру,топтас
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы : Жақты және жақсыз сөйлемдер

Сабақтың мақсаты : 1. Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған білімдерін қорытындылау,жақты , жақсыз сөйлемдердің жасалу жолдарын меңгерту.

2. Оқушыларды

3. Оқушыларды

Сабақтың әдіс-тәсілдері : баяндау,сұрақ-жауап,салыстыру,топтастыру,

Сабақтың көрнекілігі :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың түрі :

Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау : Жай сөйлем

1. Жай сөйлемнің ерекшелігі неде ?

2. Жай сөйлемдерді табыңдар ?

  • Орманда жауынгерлер біраз тынықты. Енді кезекте жау шебін бұзып шығу.

  • Қасым жолдастарын көруге асығып еді , бірақ кездесудің реті келмеді.

  • Аспанның не бұлыңғыр бұлты көрінбеді , не жаймашуақ күні көрінбеді.

3. Жай сөйлем түрлерін атаңдар

ІІІ. Жаңа сабақ : Жақты , жақсыз сөйлемдер

Мысалы : Жастар - біздің болашағымыз.

  1. Құрылысына қарай : жай сөйлем , себебі тиянақты ойды білдіріп тұр.

  2. Бастауышы бар , Болашағымыз кім ? Жастар

Жақты сөйлем ,бастауышы мен баяндауышы бір -бірімен қиыса байланысып тұр.


Жақсыз сөйлемнің баяндауышы бірнеше жолмен:

Барыс жалғаулы тұйық етістіктен кейін "бол", "тура кел" деген көмекші сөздердің келуі арқылы ("Бұдан бірдемелерді ойлап шығаруға болады");

"-Ғы, -гі", "-қы, -кі" жұрнақты қалау рай арқылы ("Оның ештеңеге қарағысы келмейді");

Атау я барыс септік жалғаулы тұйық етістікке, "керек", "қажет" сөздері тіркесу арқылы ("Енді бізге ауылдағы адамдардың көңіл күйін білу керек");

Тәуелдік жалғаулы тұйық етістікке "мүмкін", "тиіс" сөздері тіркесу арқылы ("Біздің баруымыз керек");

Тұрақты сөз тіркестерінен ("Оның ішек-сілесі қатты". "Мұртын балта кеспейді") жасалады.

IV. Жаттығу жұмыстарын орындау :

  • Кітаппен жұмыс (Оқулық бойынша берілген жаттығуларды орындату)

  • Тапсырмалар беру :

Мақал-мәтелдерді сөйлем мүшесіне талдату :

1. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.

2. Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз.

3. Балалы үйде өтірік жатпайды.

4. Ана тілің алпыс тілге татиды.

Сөйлемдерді жақты,жақсыз түрлеріне қарай ажырату


Сөйлемдер

жақты

жақсыз


Бұл кезде тоғай да кемеліне келіп толықсып тұрады.

Әр жұмысты өз уақытында бітірген жөн.


Қайсардың шешесі Бәден апай - шалқып сөйлейтін адам.


Бұл жұмысты оған тапсыруға болады.


Былтыр жазда ауылға

бардым

Тапсырмаға тиянақты дайындалу керек.

Бір кезде қасқа атты қалт тоқтады.

Бізге шындықты айтуға тура келді.


Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды.

Болған жайды жасырмай айтып беруі мүмкін

V . Бекіту : Жақты сөйлемді жақсыз сөйлемге айналдыру

Ертең суреттер көрмесi ұйымдастырылады.

Бүгiн сабақтар аз.

Мен үйге ерте барамын, суреттерiмдi дайындаймын.

Қазақ тiлi апталығы жылда көңiлдi де қызықты өтедi.

Мен қазақ тiлiн бiлгiм келедi.

VI . Үй тапсырмасы : Жақты , жақсыз сөйлемдердің ережесін жаттау,

«Менің сүйікті кітабым» атты ойтолғау жазу. Жақты,жақсыз сөйлемдерді табу

VII . Бағалау .




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал