7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'жақсы мен жаман адам қасиеттері'

Сабақ жоспары 'жақсы мен жаман адам қасиеттері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

06.10.2015ж.

Қазақ әдебиеті

6-а,ә сынып

Сабақ тақырыбы

C.Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі

Жалпы мақсат

Адам бойындағы қасиеттерді ажырата алу мүмкіндіктерін қалыптастыру. Ойларын еркін жеткізе алу дағдыларын дамыту. Жаман қасиеттерден бойларын аулақ салуға үйрету.

Сілтеме

Әдебиет оқулығы, ғаламтор материалдары

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

Ақын өлеңі арқылы адам бойындағы қасиеттер туралы білімін нақтылайды,.жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата біледі, өздерінің бойына жақсы қасиеттерді сіңіреді.

Негізгі идеялар

Жақсылыққа жақсылық жақсы қасиет, жамандыққа жақсылық асыл қасиет.

Сабақта қолданылатын материалдар

Маркер, А4 қағазы, флипчарт, ақын портреті, кітаптары, кесте, нақыл сөздер, қосымша материалдар.

Оқыту әдістері

мәнерлеп оқу, түсіндіру, топтау, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы

Жеке, топтық жұмыс, диалог

Орындалатын тапсырмалар:

Уақыт

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

І.Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

4 минут

ІІ.Тұсаукесер


ІІІ. Негізгі бөлім


Қорытынды

а) Амандасу

ә) Сынып оқушыларын түгендеу

б) Санамақ арқылы топқа бөлу

Психологиялық дайындық:

Әрбір адам? - Туыс, дос, жұрағат
Әрбір сабақ? - Үйрету, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің?- Шындық, бірлік, адалдық.

Сырымды менің сұрасаң,
Тұманның суық суындай
Кеудеме қайғы толған соң
Тұнық жырмен жуынам.
Сорғалаған нөсердей,
Жырын тыңда Дулаттың,- деп ақын толғанғанадай, Дулат Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін мәнерлеп оқып, үзінді жатқа айту.

Қызығушылықты ояту «Жақсы», «Жаман» сөзіне туралы ассосация жасау.

Мағынаны тану

Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде
Бөлініп қалған жан емен - деп жырлағандай айтыс өнерінің асқан шебері, ешкімге жүлде бермеген ерен ақын Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» атты өлеңін бүгінгі сабақта өтеміз.


С.Аронұлы қай заман ақыны? Шығарма қалай аталады?(білу)

Ақын жақсы жігіт пен әйелдің қасиеттерін қалай суреттейді? (түсіну)

Түртіп алу стратегиясы бойынша

1-тапсырма Ақын шығармасында суреттелген жаман адамдарды ақын неге балтаның ұңғысына теңеген? біздің заманымызда бар ма? Сендер өздеріңді қай қасиетті адамға жатқызар едіңдер? (қолдану)

2-тапсырма Біздің заманымызда жақсы, жаман адамдарға кімдерді жатқызамыз олар бар ма?(талдау)

3-тапсырма «Топтастыру стратегиясы» арқылы «Жақсы» деген не?, «Жаман» деген не? Жақсы мен жаман адамның қасиеттерін өлеңнен табады. Өлеңге сүйене отырып сызбаны толтырады. (жинақтау)

Жақсы адам

Жаман адам

Сөзіне сақ тұрады,елінің ағасындай, жүзі жақсы, сөзін әркім пайдаланады, миуалы алмадай.


Өтірікші, өсегі көп,

іріткі салар, жалған сөзбен бықсытар ел арасын, әркімге бір ұрынады

4-тапсырма Сөздікпен жұмыс
Парқы , парық- бағасы
Миуалы - жемісті
Көр көкірек - еш нәрсеге түсінбейтін, бос кеуде
Көзі соқыр - түк білмейтін надан
Шала - оттағы толық жанып бітпеген ағаш
Тана - 1 мен 2 жас аралығындағы ірі қара
Сөзі майда - сыпайы, әдепті сөйлейді

Сабақты бекіту

Халық мақал - мәтелдерінен екінші сыңарын еске түсіру.
1. Жақсы көргенін мақтап жүрер,
(Жаман көргенін даттап жүрер)
2. Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды,
(Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды)
3. Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.
(Жаман адамның ашуы басы жерге тигенше.)
4. Жақсыға берсең асыңды, жақсы сыйлар басыңды.
(Жаманға берсең асыңды, итке тастар басыңды)
5. Жақсы көрісіп келіседі,
(Жаман келісіп керіседі).
6. Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа,
(Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа)

7. Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,
(Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ)
8. Атасы жақсы, көргенін айтады,
(Атасы жаман, бергенін айтады)
9. Жақсы адам елдің ырысы,
(Жақсы сөз жанның тынысы)
10. Жақсы болсаң( досың көп)

Бағалау

4минут

Сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды суммативті бағалау.

Кері байланыс

Стикерге сабақтан алған әсерлерін, өз көзқарастарын, пікірлерін жазады.

Үй жұмысы

2 минут

«Жақсы адам жанға сая» тақырыбында эссе




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал