7


  • Учителю
  • Құрбанқажы туралы тарихи ақиқат

Құрбанқажы туралы тарихи ақиқат

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ

ЖАҢАТАЛАП ОРТА МЕКТЕБІ КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІ















Баяндама тақырыбы: Қоңыз батыр-Құрбанқажы туралы тарихи ақиқат.





Орындаған: Кесенбаева Алмагул

















2015-2016 оқу жылы







Баяндама тақырыбы: Қоңыз батыр-Құрбанқажы туралы тарихи ақиқат.







</ Жалпақ жұртыңды, исі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады. Қазақ даласының әрбір ауылының, тау- тасы мен өзен бұлағының тарихы жазылуы тиіс.

Н.Ә.Назарбаев



Жоспар



Кіріспе бөлім: Алаш арыстарының қатарында тұрған тұлға.



Негізгі бөлім: Қоңыз батыр - Құрбанқажының батырлығы, қажылығы, әулиелілігі туралы бірер сөз.



Қорытынды бөлім: Қоңыз батыр - Құрбанқажының есімі ел ардақтыларының қатарында.





































Кіріспе: Өзге халықтар сияқты біздің де ел басқарған көсемдер, сөз бастаған шешендер қол бастаған батырлар болғаны шындық. Қазақ даласының қай жері қай пұшпағы болмасын қасиетті әрі тұнып тұрған тарих. Өйткені онда сан мыңдаған жылдар бойы мекендеп келе жатқан ата-бабаларымыздың жерін жаудан қорғап, төгілген қаны бар, мәңгілікке жаны жай тапқан мекені моласы бар. Қазақ өз алдына ел болып шаңырақ көтерген ХҮ ғасырдан бергі уақыттағы тарихы әлі тұтас зерттеліп, терең қазылмаған қазына, ал ол тарих сіз бен біздің қазір басып жүрген табанымыздың астында, ата-бабаларымыздың қалдырған асыл сөздерінде, жыр дастандарында, жер суларына қойып кеткен атаулары мен әр бұлақтың бойындағы,әр қыстаудың маңындағы қорым молаларда жатыр. Осы орайда мен өзімнің жобамды бастамас бұрын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына бір сөзін келтіре кеткенді жөн көрдім.« Жалпақ жұртыңды,иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын,табиғатын танудан,адамдарын ардақтаудан басталады.Қазақ даласының әрбір ауылының,тау-тасы мен өзен- бұлағының тарихы жазылуы тиіс» Уақыттың ұлы көшіне ілесіп, іргелі ел болу жолында мың өліп мың тірілсе де өзінің тұтастығын,түп іргесі мен болашаққа деген берік сенімін бойтұмардай қастерлеп сақтай білген халқымыздың ғасырлар бойғы аңсаған асыл арманы жүзеге асқан бақытты сәт туды. Тіліміз, дініміз,имандылығымызбен қайта табысып, келешегі кемел жеке-дара өркениетті даму даңғылына түстік. Миллиондаған жылмен саналатын адамзат тарихындағы тоқсан толғаулы тіршілікте ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы әрқашан алға қарай дамудың қуатты қорғаушы күші ретінде қызмет атқарып келеді. Кешегі күнсіз қазіргі талассыз өмір шындығы. Міне, сондықтан біз өткенімізге нақ осы тарихи үрдістердің өзара тығыз байланысы,үйлесімдігі мен біртұтастығынан баға беріп, зейін қойып,зерделеуге тиіспіз. Кеңес өкіметі орнағанға дейінгі уақытта осы өңірдегі Сайболат, Тоғас руларынан ел ішінде ықпалы бар,халыққа сыйлы,болыс, билер дін жолына түсіп қажылыққа барған адамдар аз болмаған. Олай болса менің бүгінгі ғылыми жобамның да негізгі өзегі өзімнің туған жерім Жаңаталап ауылының жоғарғы жағындағы Қызылащы қыстауындағы молада жатқан Құрбанқажы туралы болмақ. Құрбанқажы - жас кезінде арғы беттегі дүнгендер көтерілісін басуға келген «сарыаяқтармен» (қытай әскерлері) соғысқа қатысып, «Қоңыз батыр» деген атпен даңқы шыққан, кейіннен дін жолына түсіп, екі рет қажылыққа барған, шежірені тарихи оқиғаларды жақсы білген,болыс болған, әулие адам болған, елде тұңғыш рет орысша білім беретін мектеп ашып, бала оқыттырған, мешіт салдырған тарихи тұлға. Құрбанқажының «Қоңыз батыр» аталуының тарихи деректерге сүйенсек екі түрлі нұсқасы бар. Қоңыз батырдың азан шақырып қойған аты Байқоныс екен. Туған шешесі ерте қайтыс болып, өгей шешесінің қолында өскен бала кішкене кезінде өте тынымсыз болса керек.Сонда өгей шеше «қара қоңыз сияқты тынымсыз,жыбырлауық» деп Қоңыз деген лақап аты содан тарапты, ал Қоңыз батыр атағы жігіт кезінде берілген. Қоңыз батыр яғни Құрбанқажы өзінің қажылыққа барғандағы үшінші сапарындағы Түркия елінде Стамбул қаласында бір үйді жатар орын етіп, 40 қажымен қонады. Сол Түрік елінің ұсталмай жүрген қарақшысын өлтіріп, басқа қажыға барушыларды оятып, мен мына елдің адамын өлтірдім, сендер жолдан қалмаңдар, мен осы елдің заңымен жазамды тартуға тиіспін дейді. Бұған қасындағы серіктері көнбей Стамбулдағы заң адамдарына мәлімдейді. Олар тексеріп көріп, көптен бері ұсталмай жүрген жендет екенін біліп, қажыға сіз кінәлі емессіз сауапты іс істедіңіз деп, кешірім береді. Сіздің атыңыз Байқоныс, лақап атыныз Қоңыз екен, мұның бәрін қойып, сіз Құрбан айт байланысымен үшінші рет Қажыға кетіп бара жатыр екенсіз, сіздің атыңыз Құрбанқажы болсын деп ұйғарған екен, Меккедегі дін басшылар азан шақырып Құрбанқажы деп ат қойыпты.Содан бастап бүкіл ел Құрбанқажы атымен атап кетіпті Өкінішке орай Құрбанқажының суреті бізге жетпеген, ұрпақтарында да сақталмаған. Мен зерттеу кезінде мынандай деректі кездестірдім.

Қ. Жұмаділовтың «Тағдыр» романында Құрбанқажының бейнесін былай деп суреттейді. Еңсегей, ірі денелі, екі иығына екі кісі мінгендей, сүйегі тұтас ер тұлғалы адам еді деп суреттейді. Білетіндердің айтуынша, тұла бойында найзаның ұшы тимеген не оқ жалап отпеген сау жері жоқ деседі. Кезінде найза жырып кетіп, қазір сетік болып біткен оң жақ танауының тыртығыда сол сөздің растығын дәлелдейді деп жазады. («Тағдыр» Қ. Жұмаділов.90 бет)

Құрбанқажы - Қоңыз батыр батыр адам болған. Құрбанқажының әкесі Кенже жай шаруа баққан адам болған. Құрбан мазасыз тентек болып өсіпті. Жаны кеудесіне симай алып ұшып тұрады екен. Найзагерлікті далада жылқы бағып жүргенде үйренген. Қысырақтың үйірін қуып жүріп, тай- байталдардың құйрығын найзалағанда қимылына көз ілеспейтін көрінеді. Жылқының құйрығын қан жоса қылғаны үшін әкесінен ұрыста естіпті, таяқта жепті... Бірақ сол өнері түптің түбінде кәдеге асқаны ғой. Кейін ел басына күн туып, жаугершілік заман басталғанда әкесі Кенже ұлына арнайы сауыт соқтырып, бес қаруын сайлап, батасын беріп жауға өз қолымен аттандырған екен. («Тағдыр» Қ. Жұмаділов 70 бет). Құрбанқажының - Қоңыз батырдың батырлығы Қ. Жұмаділовтың «Тағдыр» кітабында былай деп суреттеледі, сарыаяқтардың тобына араласқанда қойға тиген қасқырдай, ол жүрген жер есіктей болып ойылып қалатын. Шеріктер білтелі мылтықтарын оқтап үлгергенше бастары домалап жерде жатар еді.... ал енді Бор батыр екеуі тізе қосқанда жау әскерінің ту -талақайын шығарушы еді. Кейін сарыаяқтардың жүрегіне майдай тигені сонша Қоңыз келе жатыр дегенде зәре құты қалмай тым - тырақай қашатын болған деседі. («Тағдыр» Қ. Жұмаділов 71 бет). Қ. Жұмаділовтің «Тағдыр» романында Қажы өзіңің батырлығы туралы былай дейді: адам іштен батыр болып тумайды, батырлықты заман, уақыт тудырады, адам намыстың құлы, сол намысы үшін оққа ұшып өліп кетсең де өкінбейтін кезің болады.

« Адамның жаны жас кезінде артында, қартайғанда көзінің алдында тұрады» дейді ғой, сол рас сөз. Көтеріліс басталғанда менің жиырма бестен жаңа асқан кезім болатын.Осы соғыста өлемін-ау оқыста мерт боламын-ау деген ой қаперіме кіріп шықсашы. «Өлсем мына қыршын кеткендерден жаным артық па?» деген бір жанкештілік тұрады көкейімде. Бірақ ажалсыз адамға дауа жоқ екен, талай рет түтеген отқа қарсы шапқан кезім болды. Оқ жанап өтпеген найза ,қылыш тимеген менің денемде сау тамтық жоқ.Егер мені шешіндіріп көрсеңіз шошып кетер едіңіз... Манас бойындағы соңғы бір шайқаста қара санның қалың етінен оқ тесіп өткен кезі болды, сол жер әлі күнге дейін тесік, үңірейіп тұр. Өзім кемінде жүз рет ажалдан қалған шығармын. Ал менің қолымнан сөз жоқ жүздеген адам жан тәсілім етті. Осы күнге дейін кейде солардың кейбіреуі түсіме енеді. Түсімде ылғи қырғын соғыстың ішінде жүремін. Кілең бір оқ тиіп шыңғырған, өкпесіне найза қадалып омақаса құлаған адамдар. Ояна келсем қара суға түсіп, терлеп жатқаным. Сол қан төгіс кім үшін, не үшін керек болды, қазір ойласам жаным түршігеді. Сірә адамзаттың оқта - текте қаны тасып, сол қанды ағызғанша тағат таппай тұрады - ау деймін, енді міне не болды бәрі айналып орынына келді. Көн қатып қалыбына барды. («Тағдыр» Қ.Жұмаділов 125 бет)

19- ғасырдың екінші жартысы Тарбағатай тауының арғы - бергі бетін мекендеген қазақ рулары үшін дүрбелеңге толы уақыт болады. 1860 жылы Жоңғар патшалығының қалдық қүштері қазақ жеріне қайтарма шабуылдап маза бермейді. Жұмық батырлары бас болып, Құлыстай бойындағы жоңғардың бытыранды күштерімен соғысады. Осы Жоңғар әскерімен болған Шәуешектің шығысындағы Еміл өзенінің бойындағы шайқаста Қоңыз батыр қалмақтың батыры Жырғамен жекпе - жекке шығады. Жырғаны өлтіріп, Жұмық батырларына абырой әпереді. Осы соғыс он жылға созылып (1860-1870жж), Құлыстай өңіріндегі жоңғарларды Қарашәрі, Байынғолынға дейін қуалайды.

Тарихшы Құрбанғали Халидидің «Тауарих хамса» атты еңбегінде 1860 жылдың қарсаңында және одан бірнеше жыл өткеннен кейінгі Қытай жеріндегі дүнгендер қозғалысы туралы оны басуға келген қытай әскерлері шекарадағы елдің де мазасын әлсін- әлі алып тұрғандығы айтылады. Ақыры оларға қарсы басталған көтеріліске шекара бойында отырған Найманның Қаракерейінен тарайтын Байжігіт елінің қолын бастаған Мәмбеттің Отыншы биі болса, сарыаяқтарға (Маншың әскерін жергілікті халық солай атаған) аяусыз соққы берген дүңгеннің Бор батыры бастаған қол мен Қоңыз батыр айрықша танылған. Осы көтеріліс - азаттық соғысы, жалпы алғанда осы өлкені мекендеген қазақ халқының тұрмысы, Құрбанқажының ерліктері, тарихи бейнесі қазақтың халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романында аса шыншылдықпен суреттелген. Құрбанқажы - Қоңыз батырдың жас кезіндегі ел іргесін қорғаудағы ерен ерліктері туралы ауылдың көнекөз, шежіреші шалдар бұрын таңды таңға қосып әңгіме айтып, жырдай қылып отыратын еді - деп суреттеледі. Соның бірі - Маңшың әскерімен болған бір қалың соғыс ортасында Қоңыз батыр жарақат алып, астындағы аты құлап түскенде, бір сарбаздың іле шала көлденең тартқан атына мінгесе кетіп, сытылып шығады. Сонда «Батыр, әйтеуір аман қалдыңыз» деп жұбатқан оған, «Аманмын ғой, бірақ біреудің артына міңгескенім жаман ғой» деп жауап беріп, қатты күрсініпті деседі. «Елінің ертең біреудің қанжығасында кететінін меңзегені екен?» - деседі үлкендер бұл туралы. Ал қара сөздің хас шебері, жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романында Құрбанқажы сол соғысты еске ала келіп, ажал деген жас кезде адамның желкесінде, қартайғанда көз алдында тұрады екен. Ол кезде өліп кетемін, деген ой кәперімізге кіріп шықпайтын еді деп еске алғанын жазады. («Тағдыр» Қ.Жұмаділов 125 бет)

Ел басына күн туғанда атқа мініп, халқын жаудан, ұрпағын оқтан сақтап, даңқы алыс - жақынға жеткенімен бұл дүниенің баянсыздығын ерте пайымдаған батыр ел іргесі тынышталған соң, жақсылықты бақидан күтіп, дін жолына бет бұрады. 1880 жылдың күз мөлшерінде алғаш рет қажылыққа аттанады.

Құрбанқажы әділдігімен қатар қазақтың арғы - бергі тарихын терең білген шежіреші, білімді, қасиетті адам болған. Құрбанғали Халидің өз еңбегінде қазақ пен қалмақ арасындағы «Қандыжап бітімнің» тарихын, болған жылын айқындайтын мәліметтерді осы кісінің аузынан жазып алғанын айтады. Батырдың жорығы жайлы аңыз - әңгімелері қажы 1914 - 1915 жылдарда осы Терісайрық болысында қазақтар «Пірәмилә» атап кеткен жерде (управление) мектепте бала оқытқан ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа айтып отырған екен. Ел ішінен орыс ықпалының келе бастауы көзі ашық көкірегі ояу ел ағаларында ойларындыра бастайды. Олар ендігі жерде заман ағымына қарай балаларына орысша білім берудің қажеттілігін түсінеді. Осы мақсатта Құрбанқажы өңірімізде мектеп ашады.

«Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болуды» армандаған жас пері Сұлтанмахмұтты ертіп әкеп сабақ бергізеді. Білімді жас ақынды қырда қымыз ішіп, денсаулығын түзеттіру, әрі балаларды орысша оқыту үшін еліне шақырған, қажының сөзін құп алған ол шежіре қарттан елінің өткен тарихын тыңдап, қағаз бетіне түсіріп кеткен. Ақын еңбегі шашылып кеткен асылдың сынығын тірнектеп жиғандай әсер қалдырады. Ақын Құрбан қажының аузынан жазып алған «Көкжарлы көкжал Барақ» туралы әңгімені «Айқап» жураналында жариялайды. (1913ж № 8).

Қажының тағы бір баласы Қанапия ақын адам болған екен. Әкесі өлгенде қажының қыздары мен келіндеріне жоқтау жазып беріпті. Сондағы:

Ертістен қуып қалмақты,

Манастан ары айдаған

Сексен беске келгенше

Түзуліктен таймаған,-

деген сөздері батырлық, әділдік сипаттарын айқын көрсетіп тұрса керек. Құрбан қажы қайтыс болғанда бүкіл Жұмық елі жиналып, өзінің қыстауы Қызылашыға жерлейді.Ұрпақтары кейінен басына биік мазар орнатады. Қоңыз батыр - Құрбанқажының есімі ел ардақтыларының қатарынан орын алуы керек. Ел жадынан өшпеген ерекше болмысты адамның бір кезде салдырған мешіттің қаңқасы ауыл сыртында қалқайып әлі тұр. Одан әрі көгілдір сағымға орнатып Тарбағатай биігі тұнжырайды. «Ұрпағым, өткеніңді ұмыттың ба?» - деп кеуде кере күрсініп тұрған батырдың асқақ тұлғасындай.











Қорытынды:

Бұл - тарихқа қатысты дүние. Ал қазақта тағы бір қасиетті сөз, мағынасы терең ұғым бар. Ол туған жер туралы түсінік.

«Құлазыған сенің құла жүздерің

Не білмеген, не көрмеген ізгі елім

Жазылмаған тарихымның жолдарын

Ауыз екі аңызыңнан іздедім...»

М.Мақатаев.





Пайдаланылған әдебиеттер:

Қ. Жұмаділов «Тағдыр» романы

Ниязбек Махмұтқан Кенжин «Құрбанқажы (Қоңыз батыр) жайлы деректі шежіре»

Еркінбек Асқарұлы «Алаш арыстарының қатарында тұрған тұлға»

Нұржан Қуантайұлы «Дидар» газеті.

Жанат Әскербекқызы «Қоңыз батыр - Құрбан қажы туралы»,

























































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал