7


  • Учителю
  • Төрт түліктің кеңесі ашық сабақ

Төрт түліктің кеңесі ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: Сыныбы: 2 «Б» Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі

</ Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Төрт түліктің кеңесі туралы мәтінді рөлге бөліп, түсініп оқуға үйрету. Төрт түлік мал жайлы білімдерін тереңдету, жүйелеу. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу.

Дамытушылық: Ой - өрісін, сөздік қорын байыту, мәнерлеп, түсініп оқуда білім-білік дағдыларын дамыту

Тәрбиелік: Қазақ халқының өмірін төрт-түлік малмен байланыстыра отырып, оқушыларды төрт түлікті құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау,іздену, ойын, ББҮ кестесі

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сөзжұмбақ, кесте

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық:

Балалар көзімізді жұмайық. Біз орман ішінде келеміз. Құстардың сайраған дауысы, түрлі аңдардың дыбыстары құлағымызға келеді.

Орманның бір бұрышынан жарық сауле көзімізге түсті. Сол жарық сәулеге қарай жүрейік. Жарыққа енейік. Біз білім жарығының ішіндеміз. Көзімізді ашайық. Балалар, білім алаңына қош келдіңдер.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

«Түйе» өлеңін жаттау

Қосымша сұрақтар:

Түйе туралы не білеміз?

Оның сүтінен қандай тағамдар әзірлейді?

Оның етінен не әзірленеді?

Терісінен ше?

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру

«Кім жылдам, кім тапқыр» ойынын ойнату

Сиыр, қой, жылқы, түйе суреттерінің артына сұрақтра жасыру. Оқушылар тақтаға шығып кезек-кезек жауап береді.

ІV.Мақсат қою

Сөзжұмбақ шештіру

Балалар, қазір біз барлығымыз бірлесіп, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы шешіп, тауып алайық.

қ о з ы

а т

т ү й е

т а й

а й р а н

л а қ

а қ

у ы з

1. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.(қозы)

2. Ер қанаты не?

3. Төрт аяғын тең басқан. ( түйе)

4. Жабағыдан кейінгі не ? (тай)

5. Сиыр сүтінен алынатын сусын. (айран).

6. Ешкінің төлі. ( лақ)

7. Сүттің түсі қандай? (ақ)

8. Малдың төлдегендегі алғашқы сүті не деп

аталады? (уыз)

-Сонымен бірінші қатардағы,торкөздегі әріптерді қосқанда қандай сөз шықты?

-Қайталау.

-Қандай ауыз әдебиетінің саласымен таныс едік?

Төрт түлік туралы жырлар.



V. Жаңа сабақ

Жырды мәнерлеп рөлге бөліп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.



А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары:

1. Өлең не туралы?

Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары: Дәптермен жұмыс

Мәтіннен төмендегі сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді дәптеріңе теріп жаз



Берілген сөздер. Мәтіндегі осы сөздердің мәні

Тұрмыс жағдайы төмен адам

Қоры үзілген қу

Еңбекқор адам

Шаруа қуған

Батыл, өжет адам

Найза ұстаған ер

Шаруасы жақсы, бай адам

Ел ішіндегі зор



Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар:

59 беттегі суреттерге зер сал. Қай түлік қай жерді қалайтынын айт.Мәтіндегі сөз тіркесін пайдалан.

Қой 1 сурет: күнгейлі қара тас

Сиыр 2 сурет. Қалың қорыс ну

Жылқы 3 сурет: бетегелі бел

Түйе 4 сурет: жалмаң құлақты сор



VІ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

Сонымен,төрт түлік қандай жерді, қандай кісіні қаладй екен?

Төрт түлікті бағып-күтуге байланысты еңбек түрлерін ата.

VІІ. Бекіту

ББҮ кестесін толтырту





VІІІ. Үйге тапсырмасы. Деңгей топ бойынша мәтінді сахыналауды ұйымдастыр.

Бағалау. Жинаған ұпайлары бойынша бағалау









Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың төрт түлік туралы ұғымдарын тереңдету,төрт түліктің адам өміріндегі пайдасы туралы түсіндіру.

2.Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын дамыту,тіл байлығын, ой-өрісін кеңейтіп,іскерлік дағдысын, шығармашылық қабілетін дамыту, сауатты жазуға, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру.

3.Оқушыларды мейірімділікке, төрттүлікке деген сүйіспеншілікке, еңбексүйгіштікке,ұйымшылдыққа баулу;

Сабақтың әдіс-тәсілдері:оқыту,салыстыру,талдау-жинақтау,топтастыру стратегиясы,ақпараттық технологияны пайдалану.

Сабақтың көрнекілігі:төрт түлік туралы плакаттар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II. Психологиялық көңіл-күй қалыптастыру.

Біз бақытты баламыз,

Биікке қанат қағамыз.

Болашаққа талпынып,

Оттай лаулап жанамыз.

III. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырма: «Түйе» өлеңін жатқа айту,түйе туралы сызбаны дайындап келу.

Бірнеше оқушыдан өлеңді жатқа сұрау.

IV. Қайталау-білім кілті.Түйе-киелі жануар.(топтастыру стратегиясы)

1.Пірі-Ойсылқара.

2.Қос өркешті және бір өркешті болады.

3.Көлік ретінде пайдаланады.

4.30-40 жылға дейін өмір сүреді.

5.Еті,сүті,жүні пайдалы.

6.Шөлге шыдамды, 10 күнге дейін су ішпей жүруге шыдамды.

7.Ыстыққа,ұзақ жүріске шыдамды.

V. Жаңа сабақтың мақсатын айқындау.

«Жұмбақ шешіп үйренейік» …

Иір-иір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады. (Түйе)

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Сыртылдаған тұяғы бар,

Бір желпуіші бар. (Сиыр)

Өзі жуас,өзі момын,

Бір шешпейді тонын.(Қой)

Қамбар ата- баласы,

Шөптің жеймін түр-түрін.

Дертке дауа қымызым,

Берік арқан қыл, түгім. (Жылқы)

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз. «Төрт түліктің кеңесі» мәтінімен танысамыз.

Интерактивті тақтамен жұмыс жасау.Тақтадан мәнерлеп оқып беру.

Мәтінді бірнеше оқушыға рөлмен оқыту.

VI. Дәптермен жұмыс.Дәптерімізді ашып,күннің жадын жазайық.Сөздік жұмысын жазып алайық.

Сөздік жұмыс:Мал төлдегенде ешкі лақтады,қой қоздады, бие құлындады, түйе боталады, сиыр бұзаулады дейді.

VIII. Сергіту сәті. «Қошақаным» әнін айтқызу.

IX. Ой түйін. «Түліктің пайдасы қандай?»сұрағына жауап берейік.

Түйе-байлық,

Қой-мырзалық,

Ешкі-жеңілдік,

Жылқы-сәндік,

Сиыр-ақтық.

X. Сабақты қорытындылау.

Қазақ халқы ежелден мал баққан ел.Мал мінсе көлігі, ішсе-сусыны, жесе-тамағы, кисе- киімі, тұтынса- бұйымы,байлығы мен салтанаты осы мал болған.Қазақ елін малсыз елестету мүмкін емес.Сондықтан біз кейінгі ұрпақ ата дәстүрін сақтап,қасиетті төрт түлікті,ұлтымыздың бай тәжірибесін қадірлеуіміз керек.

XI. Үйге тапсырма беру. «Төрт түліктің кеңесі» 57-59 беттер.

Мәтінді мәнерлеп оқып, сызбаны дәптерге толтыру.

XII. Оқушылардың білімін бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал