- Учителю
- Қазақ әдебиеті Тарихи шындыққа негізделген шығарма.Бақтығұлдың тағдыр. Жазушы шеберлігі
Қазақ әдебиеті Тарихи шындыққа негізделген шығарма.Бақтығұлдың тағдыр. Жазушы шеберлігі
Сабақ №8
Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятынан үзінді. Тарихи шындыққа негізделген шығарма.Бақтығұлдың тағдыр. Жазушы шеберлігі
Сабақтың мақсаты
Білімділік: «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятының мазмұнына, кейіпкерлерінің іс-әрекетіне талдау жасай отырып, Бақтығұлдың прототипі Рысқұлдың өмірдегі шынайы бейнесін таныту, жазушының тіл шеберлігіне талдау жасату
Тәрбиелік: Хикаят мазмұны арқылы адамгершілікке, бауырмалдыққа, ұлтжандылыққа, адалдыққа, намысшылдыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын белгілі бір мәліметтер арқылы дәлелдеуін, кейіпкердің іс-әрекеттеріне сай баға бере білуін, өз ойын ашық жеткізе білуін дамыту
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері. Баяндау, сұрақ-жауап, «Тұжырым кестесі», ауызша тіл дамыту, автор орындығы, терме диктанты
Сабақтың көрнекілігі: Теледидар, компьютер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Шығарманы талдау
-
Өткен сабағымызда М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятының мазмұнымен танысып, тараулары бойынша бөлімдерге бөліп, тақырып қойған болатынбыз. Бүгін осы шығарманың мазмұнына, кейіпкерлерінің іс-әрекетіне, тілінің көркемдік ерекшелігіне талдау жасаймыз. Ол үшін алдымен шығарманы еске түсіріп өтейік. Шығарма 8 бөлімнен тұрады. Әр бөлімге бір оқушы қысқаша шолу жасап өтеді.
(Шығарма бөлімдерінің тақырыптарын слайд арқылы көрсетемін)
-
Тектіғұлдың өлімі
-
Түнгі жортуыл
-
Соққы
-
Жарасбайдан пана іздеген Бақтығұл
-
Болыстық маңындағы талас
-
Сатқындық
-
Қашқын Бақтығұл
-
Қанды кек