7


  • Учителю
  • Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан.Ұлттық аспаптар. Кірме сөздер.

Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан.Ұлттық аспаптар. Кірме сөздер.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Ашық сабақ

Пән: қазақ тілі

Тақырып: Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан.Ұлттық аспаптар. Кірме сөздер.

Пән мұғалімі: Жамантаева Сәуле Ғабделмәлікқызы

Сынып: 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан. Ұлттық аспаптар. Кірме сөздер.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Мәтіннің мазмұнымен таныстыру. Ұлттық аспаптар туралы білімдерін толықтыру.Тірек сызбалар бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

Дамытушылық: Сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Атадан қалған мұраны келесі ұрпаққа жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, карточкалар, сұрақтар, тақырыпқа байланысты суреттер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, музыка.

Сабақтың кезеңдері:

1.Үй тапсырмасын тексеру

121-122 бет

Музыкаға байланысты мақал - мәтелдерді жаттау

2.Жаңа сөздермен жұмыс:

ерекшелік - особенность

мұра - наследие

үркіту - спугнуть

орындау - исполнять

үрмелі - духовые

ішекті - струнные

ұрмалы - ударные

3. 1 - тапсырманы орындау.

Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан.

Мәтінді түсініп, оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

4.Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Халықтық музыкалық аспаптар қандай болады?

2) Ертеде аспаптарды неден жасаған?

3) Ертеде музыкалық аспаптарды не үшін пайдаланған?

4) Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін кім ұсынған?

5.Үш деңгейлі тапсырмалар.

Тірек сызбалар бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.

125-126 бет

3 деңгей

Сызбалар бойынша "Қазақтың музыкалық аспаптары" тақырыбына бірнеше сөйлем құраңдар.

2 деңгей

Кірме сөз дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

1 деңгей

Тірек сызбалар негізінде әңгіме құраңдар

6.Үйге тапсырма:

1- тапсырма 126-127 бет

Диалогке сұрақтарды әзірлеп, өзара сөйлесу.

Жауап үлгісі:

- Домбыра қандай аспап?

- Домбыра - қазақ халқының арасында өте ерте және кең тараған аспап.

7. 5- тапсырманы орындау.

Сөйлемдердің жалғасын табыңдар.

1. Жетіген - ...

2. Аспап ағаштан ...

3. Аспаптың үні ...

4. Жетіген аспабы ...

8. Сабақты қорытындылау.

Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Ұлттық аспаптың түрінен үрмелі аспапты табыңдар.

А) домбыра В) сыбызғы С) дауылпаз Д) жетіген

2. Жеті ішекті шертпелі музыка аспабын табыңдар.

А) домбыра В) сыбызғы С) дауылпаз Д) жетіген

3. Қазақтың ұлттық аспабына жатпайтынын табыңдар.

А) домбыра В) баян С) сазсырнай Д) жетіген

4. Орыс тілі арқылы енген кірме сөзді табыңдар.

А) ән В) күй С) музыка Д) өлең

5. Монғол тілі арқылы енген кірме сөзді табыңдар.

А) халық В) бәтеңке С) коньки Д) мерген

6. Араб тілі арқылы енген кірме сөзді табыңдар.

А) жәшік В) метр С) мұғалім Д) кино

7. Парсы тілі арқылы енген кірме сөзді табыңдар.

А) тақта В) қалам С) цирк Д) ғылым

1. В

2. Д

3. В

4. С

5. Д

6. С

7. А

9.Бағалау.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал