- Учителю
- Абайтану таңдау курс бағдарламасы 9 сынып
Абайтану таңдау курс бағдарламасы 9 сынып
Түсінік хат
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайтану негізінен Абайдың туғанынан бастап, азамат болу кезеңдерін зерттейді. Абай және оның өскен ортасы, ақын болып қалыптасу кезеңі негізінен сол дәуірдің қоғамдық сипаты мен халықтың әлеуметтік тұрмысына байланысты өзіндік жалғасын тауып отырады.
Жалпы, курстың мақсаты - Абай Құнанбайұлының қазақ жазба әдебиетінің көшбасшысы ретінде құбылыстық сипатын, бүкіл ақындық әлемін, өлең өнеріндегі өзгешілігін, шеберлігін танытуға бағытталған. Бұл курс өзіне төмендегідей міндеттерді жүктейді:
- Абай Құнанбайұлының шығармашылығының зерттелу жайына тоқталып, абайтану ғылымының тарихынан мәліметтер беру;
- Ұлы ақынның ғұмырнамасына байланысты тың деректерге иек сүйеп, ақынның жазба әдебиеттің көшбасшы ретіндегі орынын айқындау;
- Абайдың қазақ поэзиясына әкелген жаңалығын айтып, өлең өрнектерін дамытудағы рөліне тоқталу;
- Ғұлама ойшылдың философиялық нақыл сөздерінің мән - мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымы жайында сөз ету;
- Ақынның аудармадағы еңбегіне тоқталу, басқа ел шығармаларын қазақ тіліне аударудағы шеберлігін айқындау.
«Абайтану» курсында Абай мұрасын жан - жақты әрі терең танытуға мүмкіндіктер жасай отырып, оқушылардың ғылыми танымын қалыптастыруды басты нысана етіп алып отыру.
Абайтану өзінің даму жолында аса күрделі қиын жолдардан өтті. Абай мұрасының жайын білу, бағалау саласында саяси - әлеуметтік жағдайларға байланысты қоғамдық ой - санада қым - қиғаш талас - тартыстар өріс алғаны белгілі. Сондықтан тәуелсіз заманның уақыт талабына орай жаңа таным мен соңғы көзқарастың ғылыми тұрғыдан тың байламдарын бүгінгі заман жастарының санасына сіңіру міндеті алға қойылып отыр.
Бұл курста әр оқушы өзі таңдаған тақырыбы бойынша ізденіп, түрлі бағытта шығармашылық жұмыстар жасауына болады.
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті: Ұлы Абай Құнанбаевтың шығармашылығын толық игерту, Абай поэзиясының құдіретін таныту, ақын шығармашлығын әлем әдебиетімен салыстыра білу. Абайтану» курсы студенттердің осы курсты игеру барысында алған білімдерін одан әрі тереңдете түсуге, Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы оларға ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін игерту. Абай өлеңдерінің барлық жанрын саралау, поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу, қара сөздерінің тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсіну.
Курсты оқытудың міндеттері:
1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы - қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.
2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;.
3). Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.
4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;
5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;
6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;
7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;
Күтілетін нәтиже
Абай Құнанбаев шығармаларын терең талдай білер әдеби сауаттылық; ақын шығармаларын көркемдік ерекшелігін танып, тілін, өлең табиғатын тани білер ғылыми-ізденімпаздық; әдебиеттінің өмірдегі ерекше орынын бағалай білер эстетикалық талғамы жоғары құзыретті тұлға; көркем әдеби тілде сөйлеу мәдениетін жетілдіру; зерттеушілік қабілетін ояту, ғылыми жұмысқа баулу: дарынды оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізу.
9 сынып «Абайтану» таңдау курс бағдарламасы Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат
р/с
Сабақтың тақырыбы
Сағ
саны
Күні,айы
Сабақтың мақсаты
Сабақтың
түрі, әдісі
көрнекілігі
Үйге тапсырма
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Кіріспе Адамзаттың Абайы
1
Абайтанудың қазіргі уақыттағы өзектілігін, рухани қажеттілігін түсіндіру
баяндау
Абай портреті
Абайтанудың өзектілігі
«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» тарауы - 10 сағат
2
Абайдың өмірі
1
Ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы
3
Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері
1
Ақынның қазақтың халықтық өлең-жырларынан, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерінен үйренгендігін білу
Сыни ойлау стратегиялары: жеке, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс.Сұрақ-жауап
М.О.Әуезов «Абай жолы»
4 том
Ақынның шығармалар жинағы
4
Ақынның халық даналығын тануы
1
Блум таксономиясы; СТО; диалог, жеке жұмыс,топпен жұмыс;
Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері»
Ақынның білім алған мектептері
5
Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар
1
Ақын шығармашылығы
на шығыс, батыс, орыс әдебиеттерінің тигізген игі ықпалын білу
Диалогтық оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтар.
Шығармашылық жұмыс.
Постермен жұмыс
6
Абай және орыс әдебиеті
1
Сыни ойлау стратегиялары: жеке, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс.
«Шырылдауық шегіртке», «Қарға мен түлкі»
7
Абай және Пушкин
1
Топтық жұмыс
Интерактивті тақта, слайдтар
«Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі
8
Абайдың Пушкиннен аудармалары
1
«Абай энциклопедиясы
9
Абай және батыс әдебиеті
1
Сыни ойлау стратегиялары: жеке, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс.
Дидактикалық материалдар
«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі
10
Абай шығармашылығына шығыс, орыс, батыс әдебиеті әсерінің тарихи-әлеуметтік негіздері
1
Абайтану тарихы
11
Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы
1
Диалогтық оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтар.
Шығармашылық жұмыс.
Постермен жұмыс
Интерактивті тақта, слайдтар
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, және т.б. зерттеушілердің ақын шығармалары жайында айтқан пікірлері
«М.Әуезов және абайтану мәселелері» тарауы - 4 сағат
12
Абай мұрасын зерттеушілер
1
Абайтану ғылымының негізін салушылар мен оның қалыптасу кезеңдерін және алғашқы зерттеушілер
дің еңбектері жайында білу
Блум таксономиясы; СТО; диалог, жеке жұмыс,топпен жұмыс;
Абай шығарма
шылығы турасындағы шығыс және батыс әдебиетіне қатысты мәселелер
13
Абайтану ғылымының қалыптасуы
1
Диалогтық оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтар.
Шығармашылық жұмыс.
Постермен жұмыс
Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі
14
М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері
1
Сыни ойлау стратегиялары: жеке, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс.
Интерактивті тақта, слайдтар
15
Ақын шығармаларының басылымдары
1
Дәптермен жұмыс, жеке, жұппен, топпен жұмыс
К. Ысқақұлының Абай шығармаларының ең алғашқы жинағын шығарудағы еңбегі.
«Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы» тарауы - 10 сағат
16
«Ғылымға көңіл берсеңіз«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
1
Ақын шығармалары
ның көркем-образдылық қасиеттерін талдай білу
Блум таксономиясы; СТО; диалог, жеке жұмыс,топпен жұмыс;
17
«Интернатта оқып жүр» өлеңі
1
Дәптермен жұмыс, жеке, жұппен, топпен жұмыс
Ақынның өлеңдері
18
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
1
19
«Пайда ойлама, ар ойла»
1
20
«Сегізінші» қарасөзі
1
Абайдың ғылым, білім тақырыбына жазған өлеңдерінің, қарасөздерінің басты идеясын және философиялық көзқарастарыда
ғы тағылымдарын түсіне білу
Абай қарасөздері
21
«Он жетінші» қарасөзі
1
Блум таксономиясы; СТО; диалог, жеке жұмыс,топпен жұмыс;
22
Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі
1
Ақын шығармаларын жазудағы суреткерлік шеберліктерін білу
Диалогтық оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтар.
Шығармашылық жұмыс.
Постермен жұмыс
Интерактивті тақта, слайдтар
Ақынның халқына айтқан өсиет-насихаттары
23
«Екінші» қарасөзі
1
Абай қарасөздері
24
«Оныншы» қарасөзі
1
Абайдың қазақтың сөз өнерін тың ой оралымдары
мен байытып, ұлттық көркем ойды дамытудағы көшбасшылық рөлін білу
Сыни ойлау стратегиялары: жеке, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс.
Абай қарасөздері
25
«Он сегізінші» қарасөзі
1
Қарасөздерінің басты идеясын таныту
Дәптермен жұмыс, жеке, жұппен, топпен жұмыс
М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен»
Абайдың қазақ музыка өнеріне енгізген жаңалығы
26
Практикалық сабақ
1
«Абай танымындағы ән мен күй» тарауы - 4 сағат
27
Абай әндерінің таралуы
1
28
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар»
1
Ән мен күй өнері жайындағы толғанысын және эстетикалық талғамын білу дағдысы
Блум таксономиясы; СТО; диалог, жеке жұмыс,топпен жұмыс;
29
«Құлақтан кіріп бойды алар»
1
Диалогтық оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтар.
Шығармашылық жұмыс.
Постермен жұмыс
Өлеңдерін жаттау
30
«Айттым сәлем, Қалам қас» әні
1
Дәптермен жұмыс, жеке, жұппен, топпен жұмыс
Поэмалары - 2 сағат
31
«Ескендір» поэмасы
1
Поэмаларының тақырыбын, көркемдік-идеялық маңызын, тәлім-тәрбиелік мәнін, көркемдік ерекшеліктерін білу
Блум таксономиясы; СТО; диалог, жеке жұмыс,топпен жұмыс;
Интерактивті тақта, слайдтар
Абайдың шағын поэма жазудағы шеберлігі
32
Эпикалық дастандағы Ескендір мен Аристотель образдары
1
Диалогтық оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтар.
Шығармашылық жұмыс.
Постермен жұмыс
33
Практикалық сабақ
1
34
Қорытынды
1
Білімді жинақтау
Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Оқушы үшін:
1) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;
2) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі;
3) М.Мырзахметұлы «Абайды оқы, таңырқа», «Ана тілі» 1993 ж;
4) Т.Қожакеев «Абай-сатирик» «Білім» қоғамы, 1970 ж;
5)Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;
6) М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж;
7) Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;
Мұғалім үшін:
1) Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;
2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;
3) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы «Жазушы» 1988 ж;
4) Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж;
5) М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;
6) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 ж;
7) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;
8) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы «Атамұра» 1995 ж;
9) М.Мырзахметұлы «Әуезов және Абай» Алматы «Қазақстан» 1997 ж;
10) М.О.Әуезов «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» Алматы «Санат» 1997 ж;
11) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;
Балдық жүйемен білім алушылардың оқу жетістігін бағалағанда
төмендегідей талаптар бойынша бағаланады:
1 балл- тақырыпты біледі.
2 балл- тақырыптың мазмұнын жалпылама біледі.
3балл- тақырыптың мазмұнын, мәнін, сипатын жаза біледі.
4 балл- тақырыптың мазмұнын, мәнін, сипатын толық айта алмайды. Бірақ ақынның кім екені туралы түсінігі бар.
5 балл- тақырыпты толық ашып айта алады. Ұлы ақын Абайдың кім екенін, өмірі туралы ойын айта алады.
6 балл- ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жалпылама айта алады.
7 балл- оқулық көлемінде және хрестоматияны пайдалана отырып ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінігін айтып, ойын жеткізе алады.
8 балл- ақын шығармашылығын басқа ақын- жазушылар шығармашылығымен байланыстыра айта алады.
9 балл- Абай Құнанбайұлы өлеңдерінің бүгінгі замандағы маңызын, мәнін, сипатын жете түсінеді. Өзінің ойын ашық айта алады.
10 балл- ақын шығармашылығына талдау жасап, өзінің пікірін айта алады.
11 балл- ақын шығармашылығы бойынша толық түсіндіре алады.
12 балл- ақын өлеңдерін жатқа біледі, поэмаларына еркін талдау жасайды. БАҚ мақала жазады. Сөйлеу мәдениеті жоғары адам.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:
1 балл- оқыса шамасы жетеді.
2 балл- көтермелеуді қажет етеді.
3 балл- орташа
4 балл- жақсы
5 балл- өте жақсы
6 балл- тамаша
7 балл- керемет
8 балл- нағыз керемет
9 балл- Дарынға талпынушы
10 балл- Дарын
11 балл- талант иесі
12 балл- қолынан бәрі келеді. Азамат. Тұлға.