7


  • Учителю
  • Мағжан - қазақ поэзиясының Хантәңірі. Ашық сабақ

Мағжан - қазақ поэзиясының Хантәңірі. Ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

I Сабақтың тақырыбы: «Мағжан - қазақ поэзиясының Хантәңірі».

II Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушыларға Мағжан Жұмабайұлының өмірі мен шығармашылығы, ақындығы туралы жалпы түрде мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

Дамытушылық: Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,олардың поэзия,сөз өнері,бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру. Мағжан ұлылығын терең сездіру, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру. Елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

III Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

IY Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытынды.

Y Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

YI Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих,география,ән-күй,бейнелеу.

YI I Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс істеу.

YIII Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру

1. Кезекші мәлімдемесі.

I Кіріспе

Таспадан тыңдату.

Абайдан соң самаладай екі ақын бар: бірі - Сұлтанмахмұт, бірі - Мағжан.

Мағжанның ақындығын аса жоғары бағалап, таңырқанған М. Әуезов былай деген: «...Мағжанды сүйемін! Қазақ жазушыларынан, Абайды сүйемін, менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан... Бұдан соң Мағжанды сүйемін, Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Мағжан - культурасы зор ақын.»

ІІ Мағжан өмірінен мәлімет.



ІІІ Мәнерлеп оқу. «Туған жер»

Мағжан қандай тақырыпты болсын адамзаттық биіктен жырлайды.Нені өлең етсе де шеберліктің шегіне жете игереді. Ешкім де бұған дейін Мағжандай жырламаған.

ІY Мағжанның шығармашылығы.



Y Поэзия минуты.

Мағжанның ақындық мінезіне келсек, оның шыбыты аса шапшаң, алғыр, ұмтылу, зымырау, жоғарылау, самғау, кең даланың тас сияқты тұлғалары мен асқар таудың темір қанат сұңқарларын елестетеді.



YI Мағжан - біздің рухани өлкеміздегі қиырдан көзге түсетін, көз сүйінетін бірі де бірегейі. Оны танып қастерлеу - біздің елдік мәдениетіміздің анық көрсеткіші, сипаттасы болмақ. Оның «Педагогика» еңбегіне тоқталу.



YII Ән «Дайдидау»



YIII Мағжан көші тарих көшімен жалғасуда.

Мағжанның ең басты ерекшелігі - ақындық талантының осы уақытқа дейін болмаған қуаттылығы, уыттылығы, оттылығы мен адам рухын арбап түсіретін, аймалап сүйетін, өртеп жіберетін жалынында, байлам-тұсап тастайтын жұмбақ тылсым сиқырында.

Мағжанның мұражайы жайлы тоқталады.

IX Мағжан ақындығының құпиясы оның өз тұсының шындығын дәл бейнелуінде ғана емес, өлеңінің сиқырлы күшінде. Ол бірде өмірдің күлкісіндей қуанышты бейнелесе, бірде жылаған, қайғы жұтқан қазақтың ішкі сезімін көрсетеді.Мағжан 1938 жылы қайтыс болды дегенмен,Мағжанның кейін қайтыс болғаныдығы жайлы мәлімет бар.Осы жөнінде толығырақ біле кетсек.

X Тағдыры қиын болғанымен, өміршең жырлары кейінгі ұрпаққа өлмес мұра болып қалған Мағжан Жұмабаев еңбектері уақыт өте келе қолға алынып баспа беттерін көре бастады.

XI Бүгінде Мағжантану ілімі ұлттың рухани-мәдени құндылықтар қатарында. Қазақ әдебиетінің сарқылмас қазынасына айналған ұлы суреткердің шығармашылығын көптеген ғалымдар зерттеп, ғылыми еңбектер, оқулықтар жазды. Мағжантану ғылымы.

XII Мағжан жайлы деректер.

XIII Мағжан шығармасы - өмірде.Өнерлі өрге жүзер.Көрініс «Әке мен бала».

XIY Географиялық картаны пайдалану.

Қандай бір ақын үшін де қасиетті тәу етпей өтпес бір тақырып бар. Ол - тарих. Туған ел тарихы, туған жер тарихы.Мағжан да тарихқа табынды Ат ізін салған тегеурінді қалам тартқан атақты өзінің «Түркістан» өлеңін былай жырлаған.

Түркістан - екі дүние есігі ғой,

Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің тәңірі берген несібі ғой.

«Түркістан» өлеңін меңгерту үшін Мағжанның көшіндегі тапсырманы орындату. Өлеңде айтылатын негізгі ойға тақырып қою арқылы меңгерту.



XY Ел қазақта жыр патшасы - Мағжан бар,

Сөзінде оның алтын, күміс маржан бар.

Өлеңнен метафораны табу.Таспадан тыңдату.

XYI Елінің тарихы мен мәдени мұраларын терең білген Мағжан қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» сияқты бірнеше тамаша поэмалар тудырды.

Мағжанның ең ұлы шығармасы болып саналатыны - «Батыр Баяны». Поэманы 1923 жылы Ташкентте М.Әуезовтың үйінде бір түнде жазып шыққан екен.

Кейіпкерлер жүйесіне талдау

Абылай - данагөй басшы, айбынды батыр, халық қамқоры, елінің тәуелсіздігін аңсаған хан.Батыр Баян - Абылайдың сенімді серігі, батыр, өжет, ақылды, патриот, опасыз бауырын атып өлтіреді.Қалмақ қызы - сұлу. қайсар, кекшіл, өжет, айлакер, туған жеріне, еліне адал.Ноян - батыр, махаббатына адал, еліне, ағасына опасыз, көрсеқызар.

XYII Композициялық құрылысы.

  1. Кіріспе- экспозициясы - Көкшетаудың табиғаты.

  2. Оқиғаның байланысы - батырлардың бас қосуы.

  3. Оқиғаның дамуы - Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы.

  4. Оқиғаның өрбуі - Қыздың айласы.

  5. Оқиғаның шиеленісуі - Қос ғашықтың елден қашуы.

  6. Оқиғаның шарықтау шегі - Батыр Баянның екеуін атып өлтіруі.

  7. Оқиғаның шешімі - Батыр Баянның ерлікпен қаза табуы.

Концептуалық кесте



Батыр Баян









Ноян









Қалмақ қызы













Семантикалық карта



Қалауым бар, Ноян батыр,

Адасқан аққу құстай мен бір пақыр.

Арқаның аруы боп жүрсем-дағы

Алыста туған, өскен жерім жатыр.







2

«Жарайды, даярмын!» - деп айтып салды.







3

Жоқ, әлде, жоқ, жоқ... Әлде Өлтірдім бе,

Інімді алты алаштың намысы үшін?!







4.

Алдияр, ел ағасы, ханым дана,

Алашқа ауыр күнде болған пана.

Кінәлі кешігіп келіп еді алдыңа,

Келді ерің, іші жалын, жаны жара.









XYIII Қорыту

Еліміз егемендік алып ұлы тұлғаларымыз өз орнын тапты. Ұлыларымызды ұлықтай білу бүгіннің де болашақтың да еншісінде.

Мағжан Жұмабаев - ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетін көш ілгері дамытқан, қазақ өлеңіне түп тамырмен өзгерістер енгізген, тұнған сөз шебері, әрі ел тағдырын ойлап, уайым жеген, сол жолда жапа шеккен, азапты өмір сүрген қайраткер.

XIX Үйге тапсырма:

Бес өлеңін жаттап келу.

Өлең құрылысына талдау.

Хандар кестесін сызу.

XX Бағалау. Білімдеріне сәйкес тиісті бағаларын қою.





Сламбаева Еркежан Бейсенбаевна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал