7


  • Учителю
  • Қазақ тілі. Тақырыбы: 'Жіктеу есімдіктерінің түрленуі' 7 сынып. Сабақ жоспары

Қазақ тілі. Тақырыбы: 'Жіктеу есімдіктерінің түрленуі' 7 сынып. Сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдіктерінің түрленуі.
Сабақтың мақсаты: білімділік - Оқушының есімдіктен алған білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру, бағалау, жіктеу есімдіктерінің түрленуін түсіндіру; тәрбиелік - оқушылардың қызығушылығын арттыру, ақыл - ой, парасат тәрбиесін беру; дамытушылық - оқушылардың ақыл - ойын дамытатын әңгіме, мақал - мәтел, жұмбақтар, грамматикалық ойындар пайдаланып, ой - өрісін дамыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың типі: жаңа білім қалыптастыру.
Көрнекілігі: оқулық, интербелсенді тақта арқылы слайдтар, кестелер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, халықтық педагогика.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Үй тапсырмасы: Есімдіктерді қатыстырып сөйлем жазу.
Пысықтау сұрақтары:
1. Есімдік дегеніміз не?
2. Есімдік мағынасына қарай қалай бөлінеді?
Жаңа сабақ.

Жіктеу есімдігі.
Белгілі бір заттық ұғыммен
байланысты қолданылады.
Жекеше -----Көпше
Мен --------- Біз, біздер
Сен ---------- Сендер
Сіз ----------- Сіздер
Ол ------------ Олар

Мысалы: Мен - балаң, жарық күнде сәуле қуған...
Өз тілі мен әдебиеті бар ел ғана өз алдына дербес ел бола алатынын біз ұмытпауымыз керек. (А. Байтұрсынов).
Қазақстанның болашағы сенің қолыңда, жас ұрпақ!
Ол - елдің тірегі.

Жіктеу есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімдерше септеледі және жіктеледі.
Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі төмендегі кестеден көруге болады:

Мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады:
1. ілік барыс, табыс, шығыс септіктерінде түбірдегі л, н дыбыстары түсіп қалады;
2. жатыс септікте ол есімдігіндегі л дыбысы н - ға айналады;
3. көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында - ы, - і дәнекері пайда болады;
4. барыс септік жалғауы жуанданып, л, н түсіп қалған түбірге - ған түрінде жалғанады.
Жіктеу есімдіктері өз жағында ғана жіктеледі, яғни жіктеу есімдігі қай жақты білдірсе, оған сол жақтың жіктік жалғауы жалғанып жіктеледі.
Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі:

Сынып ішінде 77 - жаттығу орындалады. Сен құрметте оны.
1. Тапсырма. Жұмбақтар. Есімдіктерді тап.
Маған да, саған да,
Жақын туыс - бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан,
Бәрі де өз жұратың,
Айтады кәне: кім атын?

2. Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия» атты өлеңінен жіктеу есімдігін тауып, талдаңыз.
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.

3. "Қазақстан менің Отаным оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын" (Нұрсұлтан Назарбаев)

4. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойыңыздар. Ақындардың өлеңдерінен үзінді келтірейік.
1) Бақыт деген -... бала күндерің,
Бақытсыз - ақ бақытты боп жүргенің. (Мұқағали Мақабаев)
2)... қазақпын, мың өліп, мың тірілген. (Тұманбай Молдағалиев)
3)... жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ барды ертегіні термек үшін.( Абай Құнанбаев)

Бекіту.
Бағалау.
Үйге

Үздік тапсырма: 79 - жаттығу. Ақындардың өлеңдерінен үзінді келтіріп, есімдіктерді табу.жаңалықтар



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал