7


  • Учителю
  • Внеклассное мероприятие по казахскому языку на тему Көкпар

Внеклассное мероприятие по казахскому языку на тему Көкпар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 21.04.2016ж.

Сыныбы: 5 «Б,В»

Тақырыбы: Көкпар

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттің тілдің мәртебесін көтеру, тілге деген қызығушылықты арттыру, патриоттық сезімдерін оятып, тілге деген құрметке тәрбие беру.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс, сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер



Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі 5 «Б» мен 5 «В» сыныптары арасындағы «Көкпар» сайыс сабағына қош келдіңіздер!

Қоғамымызда әрбір адам өз ойын білдіріп, білімнің жемісін сол тілде таратады. Халықтың мәңгі ғұмыры - тілінде. Ендеше бүгінгі сөз болатын тақырыбымызда да тілге байланысты болмақ.

Тәуелсіз елге білімді ұрпақ қажет. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары еліміздің өркениетіне бірден - бір үлес қосушылар.

Беташарын додамыздың бастайық,

Көпшілікті бір селпітіп тастайық...

Ортамызда сайыскермен толтырып,

Қошеметтеп, ду қол соғып қостайық.

Екі топ пен бөлініп отырған екі сынып 5 «Б» және 5 «В»

Сайысымыздың басын күш - қуат беретін сөзден бастасақ деп отырмын. Бұл бізге алдын ала ой қозғау, шабыт берер сөз десек те болады.

С ә т т і л і к !

Внеклассное мероприятие по казахскому языку на тему Көкпар

Додаға түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?!

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, білім табар ма?!

Бұл бәйге - ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға - сол алда!





Кезеңдер:



  1. «Сәлем - сөздің атасы»

  2. «Тапқыр болсаң - тауып көр»

  3. «Өнерлінің өрісі кең»

  4. «Білгерлер сайысы»

  5. «Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді»

  1. Жорға



  1. - кезең. «Сәлем - сөздің атасы»

Екі топ өздерін үш тілде таныстырады (қазақ, орыс, ағылшын). Топты таныстыру суреттері слайд арқылы көрсетіледі.



  1. - кезең. «Тапқыр болсаң - тауып көр»

Слайд арқылы оқушылар сөз тіркестерін тауып, мәнін ашып беру.

Жылдам жүгіру.

Алды - артына қарамай жүгіру. (тез)

Көзді ашып - жұмғанша

Көзге көрінбей.

Жауабы: көзді ашып жұмғанша



  1. - кезең. «Өнерлінің өрісі кең»

Кезең бойынша көрсетілген нөмірлердің ішінен біреуін, түскен тақырыбында көрініс қою.

Мысалы: №22 (мектепте)

№8 (дүкенде)

«Өнерлінің өрісі кең» кезеңінде алған сандар бойынша сандары сөйлету. Қазақстандағы мемлекеттік мереке күндерін атап, өлең шығару.

Шығарған өлең шумақтарына әуен табу. Уақыт беріліп, шығарған өлеңдерінде әуен шығарады.



4 - кезең. «Білгерлер сайысы»

Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы нүктені тез басады, сол оқушы бірінші жауп береді.







5 - кезең. «Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді»

Ол екеуіміздің аналарымыз бірге туған, біз қандай туыспыз?

«Бөле»

Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?

«Екі сағат»



6 - кезең. Жорға

Екі топ 1 минутта тестке жауп беруі тиіс.



Қорытындылау: уақытты тиімді пайдалана білетін ХХІ ғасырдың ойы жүйрік жарық жұлдыздары болайық.



Сайысты бағалау: ойын соңында қазылар алғасы ұпай саны жоғары жеңімпаз топты анықтайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал