7


  • Учителю
  • Атамекен – алтын бесік 7сынып

Атамекен – алтын бесік 7сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



Тақырып: Атамекен - алтын бесік

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Сүйіспеншілік

Мұғалiм Узакбаева Дарига Сынып: 7а Оқушылар саны: 17



Сабақ мақсаты:

Атамекеннің адамның өсіп-дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру.

Сабақ міндеттері:

Атамекенді қадірлей білу, атамекенге қызмет ету, адам өміріндегі атамекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру.

  • Оқушылардың өз атамекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін дамыту.

  • Өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, дәптер, маркер, А4 ақ қағазы

Күй «Сарыарқа»

үнтаспа

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңi.

5 Т ережесін сақтау

Тәртіп, Талап, Тыныштық, Тазалық, Татулық.



2.Тыныштық сәтi. Баяу музыка қою

«Нұрға бөлену»

3.Үй тапсырмасын тексеру.

19 сабақтағы Ғ.Оралбаевтың «Бір шымшым топырақ» әңгімесі.

Сұрақтар:

Атамекеннің адам үшін маңызы қандай?

«Атамекен», «туған жер» ұғымдарының қандай айырмашылықтары бар?

Өз атамекенің, туған жерің, Отаның туралы айтып беріңдер?

Мұғалім сыйы.

Атамекен - ақ мекен. (Бейне ролик көрсету)

Талқылау сұрақтары.

Оқушылар өз - пікірлерімен бөліседі.



Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Атамекен - анаң екен,

Қысылғаңда панаң екен.

  • Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?



5.Әңгiмелеу

Атамекен туған жер:

кір-қоңыңды жуған жер,

кіндігіңді кескен жер,

кісі болып өскен жер.



Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз.



Баланың өскен бесігі кең дүниенің есігі.

Атамекенді қадірлей білу, мақтаныш ету, әр бала өз болашағын атамекенмен байланысты екені жайлы әңгіме жүргізіледі.







6.Шығармашылық жұмыс

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1. Туған жер туралы мақал - мәтелдер жинақтау

2. Ауылым алтын бесігім. Эссе жазу

3.Атамекенім - мақтанышым . Сурет салу



7.Топпен ән айту.

Атамекен

Сөзі: Қ.Мырза Әлі

Әні: Е.Хасанғалиев



8.Үй тапсырмасы.

20 сабақтағы С.Жүнісовтың «Аманай мен заманай» атты мәтінін оқып келу.



9.Соңғы тыныштық сәтi.

Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде тыныштық...

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл - күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады» Рахмет оқушылар!











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал