- Учителю
- Ашық сабақ 'Ыбырай - шағын әңгіме шебері' (10 - сынып)
Ашық сабақ 'Ыбырай - шағын әңгіме шебері' (10 - сынып)
Оқыту бағдаршамы
Негізгі мәселелері, талдау сұрақтары
Құзыреттілікті қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар.Әдістемесі, технологиясы.
1. Ыбырай Алтынсарин - оқулық авторы.
Ыбырай өлеңдерінің тақырыбы, көркемдік әлемі
2. Ыбырай - шағын әңгіме шебері.
3. Ыбырай - қазақ балалар әдебиетінің атасы.
4. «Ыбырай - көрнекті прозашы» деген пікірмен келісесің бе?
5. Қалай ойлайсыңдар, Ыбырай әңгімелерінің бүгінгі күн өміршеңдігі бар ма?
6. Топтастыру стратегиясы
7. «Мен үшін...» өз ой - пікіріңді білдір.
8. Үйге:
-
«Қазақ хрестоматиясына» енген шығармаларын топтастырып, тәрбиелік мәнін дәлелдеңдер.
-
Ыбырай өлеңдерінің тақырыбын, көркемдік әлемін ашып, дәлелдеңдер. Кесте түрінде топтастырыңдар, бір арнаға жинақтаңдар, қорғаңдар.
-
Модель құрастырыңдар:
Тақырыптары, көтерген мәселелері, философиялық түйіндер, даналық, нақыл сөздері.
-
Модель құрастырыңдар:
Атасы Балғожа бидің ықпалы, мақсатын айқындау, ағартушылық - демократтық көзқарасы.
Шарттары: тәрбие мәселесіне және еңбек тақырыбына арналған шағын әңгімелерін талдау, саралау;
Өздерің таңдап алған әңгімелерден даналық, нақыл сөздерді теріп алыңдар немесе қорытынды шығарып, ой түйінін келтіріңдер.
-
бір - біріңнен ( қарсылас топтан) интервью алып, оны ортаға салуға сұрақтар әзірлеңдер. Пікірлеріңді білдіріңдер.
-
Ақын әңгімелерінде атап көрсетілген адамдық қасиеттердің болашақтағы өміріңе қажеті бар ма? Осы мәселе айналасында ой толғаңдар. Пікірлеріңді жинақтап, сыныптағы білім қоржынына салыңдар.
-
Ыбырай әңгімелеріндегі адамгершілік қасиеттерді топтастыру.
-
Ыбырай әңгімелері арқылы неге үйрендім? Топтастыру.
-
Мен үшін Ыбырай атаның әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор...
-
Ыбырай атаның арманына біздер жетіп отырмыз...
-
«Ғылым - жанып тұрған шырақ», - дегендей... ойды жалғастыр.
-
«Қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер» тақырыбына эссе жазу.
-
«Ыбырай және болашақтағы қазақ мектебі» тақырыбына пікір таласын жүргізуге сұрақтар әзірлеп келіңдер.