7


Қазақстан - әлем картасында

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 11«б» Пәні: Қазақ тілі. Күні: 10.12.2015ж.


Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан - әлем картасында»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Егеменді еліміздің жерімен, жетістіктерімен таныстыру;
Дамытушылық: туған елі, Отаны туралы оқушының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік : оқушының еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, тарих
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, интерактивті тақта, оқулық, кеспе қағаздар, кесте.

Тақтада қанатты сөздер жазылған:

Туған жер - алтын бесік.


Отан! Отан! Бәрінен биік екен.

Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем.
М. Мақатаев
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) сәлемдесу
Ә) Кезекшімен тілдесу және сабаққа даярлықтарын тексеру.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні? Жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын кім атайды?
- Ауа райы қандай? Жерде не жатыр?
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында өткізілетін сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстан - әлем картасында». Біздің мақсатымыз: «Қазақстан - әлем картасында - лексикалық тақырыбына және «Жіктік жалғау» - грамматикалық тақырыбы бойынша білімді тиянақтап, қорытындылаймыз.
Әр азамат өзінің туған жерін, елінің тарихын, мәдениетін біліп өсуі керек.
- Сонымен, балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- «Отан» деген сөзге қандай басқа мағыналас сөздерді білесіңдер?
- Біздің Отанымыз қай мемлекет және ол қандай?
- Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
- Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)


Тыңдалым. Оқушылар интерактивті тақтадан Отан туралы мақал - мәтелдерді үш тілде оқып, ауызша түсінгендерін айтады.
1. Отан - оттан да ыстық
Родина жарче огня
The Motherland is hotter of the fire
2. Отанды сүю - отбасынан басталады.
Родина начинается с семьи
The Motherland starts from the family
3. Отансыз - адам,
Ормансыз бұлбұл
Человек без родины
Как соловей без леса
A man without a country
A man without a country
Үй тапсырмасы: Қазақстанның табиғи қорлары
Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру мақсатында «Сандар сөйлейді» ойыны.
(оқушылар сандарға жасырылған маңызды оқиғалы жылдарда не болғанын анықтап, айтады)
1. Қазақстанның отын энегетикалық қорлары.
2. Қазақстанның минералды қорлары.
3. Қазақстанның климаттық қорлары.
4. Қазақстанның су қорлары.
Жаңа сабақ: «Қазақстан - әлем картасында». «Жіктік жалғау»

Оқулықпен жұмыс
3-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді өздерің білетін мәліметтерді қолдана отырып аяқтаңдар.

  1. Қазақстан жер көлемі бойынша ... .

  2. Қазақстанның климаты айтарлықтай ... .

  3. Табиғи ресурстарды тиімді ... .

  4. Еліміздің ең басты байлығы ... .

  5. Пайдалы қазбалар кен орындары ... .

(жазба, аударма жұмысы орындалады)


- Балалар, біз енді Отанымыз туралы білімімізді тексеру мақсатында сабағымызды сайыс түрінде жалғастырамыз
ІІ. Оқушыларды 2 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.
1 - топтың аты - «Атажұрт»
2 - топтың аты - «Атамекен»

1 - сайыс. «Фонетика елінде» деп аталады. Бұл сайыстың шарты: әрбір топ интерактивті тақтада жасырылған ұяшықтардың біріндегі Қазақстанның бір қаласының атауына фонетикалық талдау жасайды.
2 - сайыс. «Жіктемек» деп аталады. Бұл сайыстың шарты бойынша оқушылар интерактивті тақтада берілген 3 ұяшықтың біреуін таңдайды. Берілген сөзді жіктеуге екі топтан бір-бір оқушы шығып жылдамдыққа жарысып жіктеп айтады.

3 - сайыс. «Менің қалам» деп аталады.
Екі топқа екі үлкен парақша беріледі. Оқушылар сол парақшаларға өздерінің болашақ қаласының суретін салып, қорғайды.

Бекіту. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы - жастардікі» - дейді. Елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан - жақты білімді болу - міндеттерің.
Қорытынды ретінде ТЕСТ жұмысын орындату

Тест жұмыстары.
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
а) 7
ә) 9
2. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
а) 4
ә) 3
3. Қазақ тілінде буынның қанша түрі бар?
а) 5
ә) 3
4. Қазақ алфавитінде неше әріп, неше дыбыс бар?
а) 42 әріп , 33 дыбыс
ә) 42 әріп, 37 дыбыс
5. Жіктік жалғауы:
а) -мын, -мін, -сың, -сің, -сыз, -сіз
ә) -м, -ң, -ыңыз, -іңіз, -ы, -і.
Балалар, алда үлкен мереке. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, сондықтан сендерге мынадай тапсырма беремін. Осында отырған қонақтарымызды келе жатқан мерекемен құттықтап, өз тілектеріңді жазыңдар.
(Балардың жазған тілектері тыңдалады).
Үйге тапсырма: Үш деңгейлік тапсырма орындау.
Үйге әр топқа екі мәтін беріледі.
«Қазақстан - әлем картасында». Мәтінді оқу, аудару, әңгімелеу

4-тапсырма. Берілген кластерді пайдаланып Қазақстан туралы қысқаша хабарлама дайындау.
Бағалау. Ең көп парақша жинаған топты анықтау және оқушыларды әр түсті парақшалар бойынша бағалаймын.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал