7


  • Учителю
  • Өзін -өзі тану Аялай біл сен деп соққан жүректі

Өзін -өзі тану Аялай біл сен деп соққан жүректі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



Мектеп: Бектау орта мектебі Мерзiм__27_11__2015ж №15

Тақырып:__Аялай біл,сен деп соққан жүректі_

Құндылық:__ Сүйіспеншілік

Қасиеттер:_Риясыз қызмет ету, кешіре білу, адалдық

Мұғалiм: Мүтән Бұлбұл Cынып: 7 Оқушылар саны: 13



Сабақ мақсаты: Жаныңдағы жақын адамдарға деген жылы сезімдерін арттыру арқылы сүйіспеншілік құңдылығының мәнін ашу.

Міндеттері: - риясыз қызмет етуге баулу;

- кешіре білуге үйрету;

- адалдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер), интерактивтік тақта,ватман, маркер, түрілі түсті қағаздар

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. №1 нұрға бөлену

Үй тапсырмасын тексеру. Кітаптың 82 беті шағармашылық тапсырма

  1. Отбасында қандай ағасың, қандай іні , қандай қарындассың?

  2. Ағалыққа немесе әпкелікке тұрарлық қандай іс жасап жүрсің?

  3. Лайықты іні немесе қарындас болып жүрсің бе? Осы сұрақтарды катыстырып ой толғау жазып келу.



Сабақ барысын талқылау:

3 мин

3 мин

Дәйек сөз.. Дүниені ұстап тұрған − сүйіспеншілік,

Сүйіспеншілік бар жерде ғана − өмір бар».

Махатма Ганди

М. Ганди туралы мәлімет.



Сұрақтар:

1.Сүйспеншілік дегенде ойларыңа не түседі?

2. Жүрегі сүйіспеншілікке толы адамды қалай елестетесіңдер?

3.Өзін жақсы көру үшін адам қандай болу керек?

Бір,екі оқушыға айтқызып қормен қайталау және мағынасын ашу.

5 мин

Әңгiмелеу (сұхбат). Ата -ана жүрегі

Бір отбасында жалғыз баласы болыпты.Ол ер жетіп басқа жерге (қалаға) кетіпті.Өмірін ырду-дырдумен өткізеді,ата анасына бір де хат жазбайды.Күндердің күнінде ақшасы таусылып, үйіне қайтуға тура келеді.Кәрі ата -анасынан ақша сұрауға ұялады, қаладағы өмірін аңсап, кеткісі келеді. Банкада ақша жатқанын байқап,ешкімге білдірмей ұрлап алып кетіп қалады.Тағы да көңілді өмір кешеді, тағы әке -шешесіне хат жазбайды.Ол да көпке жетпейді, амалсыздан әке-шешесіне хат жазады. «Қымбатты менің туғандарым. Мен бейсенбі күні сағат 3-те үйдің жанынан өтемін. Егер мені үйге кірсін десеңдер, терезеге ақ орамал іліп қойыңдар. Ілулу тұрған орамалды көрсем үйге кіремін, ал егерде болмаса, кірмей кетемін». Сіздер қалай ойлайсаздар, ақ орамал ілулі тұрады ма, әлде жоқ па? Барлық терезелерге ақ орамал ілінген, есік ашық тұрды.

Сұрақтары:

1. Бала неге ата-анасына хат жазбады, араларында сыйластық бар ма?

2. Терезеге ақ орамал ілу нені білдіреді, мәні неде?

3. Сен баланың орынында болсаң не істер едің?

4.Аялау, қадірлеу, сыйластық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер ?

Мұғалімнің сыйы: Бейбіт Сейдуалиева (аудиожазба

1. Ана махаббаты дегенді қалай түсінесіңдер?





Т.Б Әділжан

Зердеңізге тоқыңыз

15 мин

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Сүйіспеншілік» тобы. Тірек сөздер беріледі сол сөздерді пайдаланып «Ана - өмірдің - гүлі,тіршілік басы» шағын эссе жазу.

Тірек сөздер: Аяулы, ардақты, алақаны, ақ сүті, мейірімді, қымбат, мәпелеген, әлдилеген, кең пейіл, қамқор, күн шуағы, нұр шашады, .

II. «Мейрімділік» тобы ана тақырыбына арналған өлеңді толықтыру.

. Аялай біл, сен деп соққан жүректі,

..................... таси берсің, дәулетің.

Айналамда нәзік жанды ...............,

................. бір-бірінен көмекті

Ауырмашы мәңгі соқсын ...........,

.............. қанша рет өтті түндерің

Сүріңгенде күш беріп ................,

Қалайша сен барда мен қартаямын?





Аялай біл, сен деп соққан жүректі,

Әрқашанда таси берсің, дәулетің.

Айналамда нәзік жанды адамдар,

Аямайды бір-бірінен көмекті



Ауырмашы мәңгі соқсын жүрегің,

Ұйқысыз қанша рет өтті түндерің

Сүріңгенде күш беріп аяладың,

Қалайша сен барда мен қартаямын?

10 мин

Үй тапсырмасы.

</<font face="Times New Roman, serif">«Бақытты отбасы» коллаж жасау.

1 мин

Кешір ана

Өлеңін жазған: Ш.Сариев

Әнін жазған - Т.Мұхамеджанов

Еркелеп өстік,бала да болдық,

Қуалап ойын далада қондық.

Ананың сөзін құлаққа ілмей,

Кей-кезде көсем де, дана да болдық.



Қайырмасы

Есейдік енді ақтықты беріп,

Жүзіңнен сенің шаттықты көріп.

Қуансам деймін өзіңмен бірге,

Ырысың менен бақытты бөліп.



Піспеген әлі шала шығармын,

Үйретті ме екен нағашыларым.

Балалық та бар, қателік те бар,

Кешіре көрші анашым бәрін.



Қайырмасы



Тағдырым білем қояды сұрақ,

Жаппасын қатты есігін бірақ.

Басымды иіп отырмын мында,

Барлығы үшін кешірім сұрап.







5 мин

Соңғы тыныштық сәтi.

Мұғалімнің сөзі:

- Денемізді бос ұстап,көзімізді жұмамыз. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді естеріңізге түсіріп, жүректеріңізге сақтауға тырысыңыздар.(2 минут музыка ойнап тұрады).

- Енді көздеріңізді жайлап ашуларыңызға болады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет! қош, сау болыңыздар!

2 мин















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал