7


  • Учителю
  • Тесты по казахскому языку 8-9 класс

Тесты по казахскому языку 8-9 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі 8-9 сыныптаға

1. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Жонынан таспа тілу.

B) Кішкене тарақ.

C) Толықша келіншек.

D) Жаңбырлы күн.

E) Томағасын сыпыру.

2. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.

B) Жалғасы қызық болды, олар таңға көз ілмеді.

C) Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.

D) Дәркембай, Абылғазы, Қаңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.

E) Кейде ұзақ жырлар жырланып, кейде ел ішінің әңгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызыға тыңдайды.

3. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.

A) "Сөйлемді сауатты құрастырған жөн," - деді мұғалім.

B) "Сөйлемді сауатты, құрастырған жөн," - деді мұғалім.

C) "Сөйлемді сауатты құрастырған жөн" - деді мұғалім.

D) Сөйлемді сауатты: құрастырған жөн, - деді мұғалім!

E) Сөйлемді сауатты; құрастырған жөн деді мұғалім.

4. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Меніңше, Щербаков кемшіліктерді тауып айтты.

B) Апырау, Сүгірәлі ғой мынау!

C) Мүмкін, Баймақан бабын тапқан болар.

D) Шынын айту керек, өте оңай жеңдіңіз.

E) Сапарың құтты болсын, қарағым!

5. Төл сөздің автор сөзінен соң орналасып тұрған түрін көрсетіңіз,

A) Мен колхозшыларға: ''Өзім бұл жерде туғаным жоқ'', - дедім.

B) ''Біз қайда жатырмыз? - деді, - кеше кеткен жоқпыз ба?''.

C) ''Иә,-деді Дина, басын изеп, - тіл мен үн арасында айырма жоқ''.

D) ''Біз қайда жатырмыз?'' - деп сұрады.

E) Ол бірде маған шынын айтты: ''Сенімен сапарға шықсам, көңілім бір түрлі көтеріңкі болады''.

6. Сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған

сызықшаны табыңыз.

A) Қарқаралы деген округтің әміршісі - Құнанбай мен осы Майыр.

B) Алыс-берісіміз көп, ағайын адамбыз.

C) Ағаш арасын қаратса - жоқ.

D) Жұрт айтты - көне берді.

E) Аяғы жоқ, - жүреді, аузы жоқ, - сөйлейді.

7. Жақты сөйлемді табыңыз.

A) Қап, ұят болған екен!

B) Бұлт астында жылжыған ай.

C) Бүгін жиналысқа қатысуға тиіссіз.

D) Саған соны ғана айтқым келеді.

E) Қатерліден осылай құтылар болар.

8. Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз.

A) Қос нүкте.

B) Көп нүкте.

C) Үтір.

D) Сызықша.

E) Дефис.

9. Себеп-салдар салаластың шылауларын табыңыз.

A) Өйткені, сондықтан, сол себепті.

B) Сондықтан, және, әрі.

C) Өйткені, сол себепті, бірақ.

D) Дегенмен, әйтсе де, ал.

E) Немесе, бірде, кейде.

10. Төл сөздің алдынан автор сөзі келсе, қойылатын белгіні көрсетіңіз.

A) Нүктелі үтір.

B) Қос нүкте.

C) Көп нүкте.

D) Үтір.

E) Нүкте

11. Толықтауышқа тән байланысу түрін көрсетіңіз.

A) Қабысу, матасу.

B) Жанасу, матасу.

C) Қиысу, қабысу.

D) Меңгеру, қиысу.

E) Меңгеру, жанасу.

12. Қаратпа сөзді табыңыз.

A) Мүмкін, сәл кідіре тұрарсыз?

B) Сөйтіп, ол Домалақ ана атанды.

C) Немене, риза емеспісің?

D) Амал қанша, осылай болды.

E) Алма, алманы әкел.

13. Сөйлеушінің біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей беруінің атауын табыңыз.

A) Автор сөзі

B) Қыстырма сөз

C) Төл сөз

D) Төлеу сөз

E) Қаратпа сөз

14. Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қандай тыныс белгісі қойылатынын табыңыз.

A) Үтір.

B) Сызықша.

C) Қос нүкте.

D) Нүктелі үтір.

E) Дефис.

15. Шылауды табыңыз.

A) Басты мәселе - оқу үлгерімі.

B) Сөз - өмірдің үлкен қаруы.

C) Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.

D) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

E) Ой жетпейтін жер болмайды.

16. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.

A) Сәл нәрсеге ренжімейін деп, сезімін ақылға жеңдірді.

B) Басталып қойған әңгімеге тез оралу үшін, одан өзімнің қалай айырылғанымды айтып берейін.

C) Өміріңде қауіп-қатер төніп тұрса да, ата тегіңе кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа.

D) Балаларымыз білім алсын деп, елде барлық жағдай жасалған.

E) Сын түзелмей, мін түзелмес.

17. Үтірі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз.

A) Не әскери мектепке, не химия институтына түседі.

B) Ұра су, дами берсе, көл болады.

C) Дана сөзді ұғу да, айту да, даналық.

D) Шаңғы тепкен, із кескен, ит жүгірткен, адамдар көрінеді.

E) Шөлде мына ағаштар өсе алады: сексеуіл итмұрын, тікенді, тал-шіліктер.

18. Анықтауыш қатысып тұрған тіркесті табыңыз.

A) Кешке қарай.

B) Жалғыздың үні.

C) Қуанғанынан күлді.

D) Еріктен тыс.

E) Жүгіріп келді.

19. Жалпылауыш сөзі бар сөйлемді табыңыз.

A) Ақылбай, Ербол және Мағаш келді.

B) Жел қатайып кетті,-күн суытпады.

C) Оқушылардың бәрі қысқы демалысқа тарады да, мектеп бос қалды.

D) Үлкенді сыйлау - асыл қасиет.

E) Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Арал, Алакөл және Марқакөл.

20. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз.

A) - Бұл үйдің жаны нешеу?- деді Итбай.

B) - Бұл үйдің жаны нешеу? деді: Итбай.

C) - Бұл үйдің жаны нешеу?: деді Итбай.

D) - Бұл үйдің жаны нешеу?, деді Итбай.

E) "Бұл үйдің жаны нешеу": деді Итбай.

21. Анықтауыштық қатынас қалай байланысқан есімді тіркестерге тән екенін белгілеңіз.

A) Қабыса, жанаса.

B) Матаса, жанаса.

C) Меңгере, жанаса.

D) Меңгере, қабыса.

E) Матаса, қабыса.

22. Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

A) Ержан үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Серік тыста қалды.

B) Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.

C) Жұмыс бізді үш үлкен жамандықтан: зерігуден, аурудан, жоқшылықтан құтқарады.

D) Білікті адам айтпай-ақ жаныңды ұғар.

E) Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме түсірдім.

23. Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқарасын білдіретін сөзді табыңыз.

A) Қаратпа сөз.

B) Төл сөз.

C) Одағай сөз.

D) Қыстырма сөз.

E) Төлеу сөз.

24. Сөз тіркесіндегі матасуды табыңыз.

A) Сегіз жас.

B) Оны тапты.

C) Айтып бер.

D) Сенің үйің.

E) Ала тай.

25 . Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.

Бұл - үлкен бақыт.

A) Жіктеу есімдік - зат есім.

B) Есім - етістік.

C) Сілтеу есімдігі - зат есім.

D) Есімдік - сын есім.

E) Зат есім - зат есім.







Жауап кілті:

  1. А

  2. Е

  3. А

  4. Е

  5. С

  6. А

  7. С

  8. Д

  9. А

  10. В

  11. Е

  12. С

  13. В

  14. Д

  15. С

  16. А

  17. В

  18. Е

  19. а

  20. В

  21. в

  22. д

  23. в

  24. с









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал