7


  • Учителю
  • ПСИХОЛОГИЯДА АДАМНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕСІ

ПСИХОЛОГИЯДА АДАМНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕСІ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ПСИХОЛОГИЯДА АДАМНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕСІ

«Тұлғалық әлеует» категориясын психологиялық тұрғыдан қарастыру мейлінше қиын болып табылады, себебі «әлеует» ұғымы алғашқыда физикалық ұғым ретінде, ал «тұлға» категориясы психологияда бірнеше анықтамаға ие. Бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша, адамның тұлғалық әлеуетін психологиялық білім аймағында қарастыру қажет, әлеует физиктер көзқарасы тұрғысынан - күш, қандай да бір нәрсені жүзеге асыру үшін қолдануға болады. Ал психология өз кезегінде адамда бұл күш қалай пайда болатынын және неліктен бұл ұғым тұлға ұғымында жиі қарастырылатынына жауап бере алады. Жоғарыда айтылғандай психологияда тұлға ұғымы жан - жақты ұғым болып саналады. Осыған байланысты адамның тұлғалық әлеуетін анықтауда әр түрлі мәселелер кездеседі.

Д.А. Леонтьев ойынша, тұлғалық әлеует мәселесін Л.С. Выготский көзқарастары мен экзистенциональды психологияның тоғысқан жерінен іздеу қажет.

Тұлғалық әлеует мәселесінің шешілу жолы бір жағынан экзистенциональды психологияның бүгінгі таңда тұлғалық әлеует феноменологиясына назар аударып, оны тұжырымдау әрекеттерімен байланыста болса, және екінші жағынан Л.С. Выготскийдің мәдени - тарихи психологиясымен байланысты болып есептеледі [3].

Экзистенциональды психология тұрғысынан тұлғалық әлеует авторлардың көзқарастары бойынша «ерік», «Эго», «бақылау локусы», «өмірге тұрақтылық», «өзін - өзі реттеу» және т.б. ұғымдар төңірегінде қарастырылады. Тұлғалық әлеует мінез-құлық қырларымен ғана байланысты болып келмейді, сонымен қатар тұлғаның маңызды қырларын анықтайды (сендіру, құндылық, смыслами) [2].

Сонымен психологияда тұлғалық әлеует құрылымы кем дегенде адамзат өмірінің 4 аймағымен анықталады:

- психофизиологиялық (ЖЖҚ ерекшеліктері, физикалық заң, архетип);

- еңбектік (көшбасшылық қабілеттер, кәсіби білім, еңбексүйгіштік, еңбек әрекетіне деген мотивация);

- интеллектуальдық (шығармашылық ойлау, сезім, жалпы және арнайы білім, дарындылық, интеллектуальды қабілеттер);

- рухани (әдептілік, адалдық, адамгершілік принциптер, катарсис).

Л.С. Выготский тұлғалық әлеует дамуын оқыту процесі арқылы қарастырды. Л.С. Выготский: «Оқыту дамудың алдында жүрсе ғана тамаша болар еді», - деп жазды [1].

Л.С. Выготский енгізген жақын даму аймағы түсінігі (ЖДА), бала дамуының әлеуеттік мүмкіндіктері мен ішкі жағдайы туралы түсінік береді. Бұл аспектіде жақын даму аймағы балалардың жеке даму ерекшеліктерінің көрсеткіші ретінде қолданылуы мүмкін. Сәйкесінше, классикалық емес психологияның ұлы өкілі ЖДА - ның феноменологиялық сипатын бала әлеуетінде бар болуын, оны басқа балалардан тек интеллектуальды қырынан емес, сонымен қатар тұлғалық жағынан ерекшелейтін көрсетті.

Сондықтан тұлғаның әлеуметтену үрдісі мен тәрбиелілік әсерлерге бағытталған нәтижелермен жүзеге асатын тұлға дамуындағы ілгерілеулер арасындағы айырмашылық анықталады.

С. Мадди экзистенциальды жеке тұлға идеясында тұлғаның психологиялық қажеттіліктерінің болуын биологиялық және әлеуметтік қажеттілікпен бірге көрсетті. Ол психологиялық қажеттіліктерге - қиял, ой-пікір, шартты белгімен білдірудегі қажеттіліктерді жатқызды. Бірақ бұған дейін танымдық үрдістерді қажеттіліктермен ешкім байланыстырмаған. Мадди биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктер басыңқы болған жағдайда, адам өзін әлеуметтік рөлдер мен қажеттіліктерді іске асырушы ретінде қабылдайды да, «ағыс» бойынша жүзеді, яғни өмірді бейімделуге тырысады деп есептеді. Ал егер бірінші орынға психологиялық қажеттіліктер шықса, онда адам болашақтың бейнесін құрады және өзінің өмірі үшін өмірлік құндылықтар таңдайды, өмірдің мәні және т.б. оның іс - әрекетін реттеп отыратын қуатты тірегі пайда болады [3].

Сонымен тұлғалық әлеует адамның интегралды сипатын көрсетеді. Бүгінгі таңда психологияда бұл ұғымға біржақты анықтама беру қиындық тудырады. Алайда, психологиядағы түрлі тәсілдерді саралап, тұлғалық әлеует - бұл адамның көпшілік мақұлдаған шеңберден шыға алу мүмкіндігі, бұл мүмкіндіктер тек адамның санасында бейнеленіп қоймай, оның қалыптасқан мінез - құлық жүйесінде көрінуі деп қорытынды жасаймыз.

Библиография:

1. Выготский, Л. С. Собрание сочинений: В 6-ти т. Т.3 Проблемы развития психики /Под ред. А. М. Матюшкина. М.: Педагогика, 1983. - 368 с.

2. Леонтьев, Д. А. Возможности эмпирического исследования личностного потенциала: Материалы межрегиональной научно-практической конференции // Прикладная психология как ресурс социально-экономического развития современной России. / Д. А. Леонтьев, Е. Ю. Мандрикова, Е. Осин, А. В. Плотникова, Е. И. Рассказова. Москва, 2005. С. 259-260.

3. Леонтьев, Д. А. Личностное в личности. Личностный потенциал как основа самодетерминации / Д. А. Леонтьев [Электронный ресурс] // Режим доступа: psychology-online.net.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал