7


  • Учителю
  • «Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы»

«Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы»

Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр - дегендей арайлы алтын күз мерексі қарсаңында Қуағаш орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық тобында Самал Ахметованың ұйымдастыруымен «Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы» атты сайыс өткізілді. Сайысқа даярлық тобынан Айқын мен Лунара, Данияр мен Балауса, Бекарыс пен Ақнұр, Аманжан мен Кәусар өзара жұп болып сайысқа түсті. Сайыс барысында жұптар өз-өздерін таныстырды. Таныстыру бөлімінен кейін Айқын мен Лунараның жұбы «Жау, жау, жаңбыр» әнін әуелетіп шырқап, Данияр мен Балауса күз туралы тақпақтарды нақышына келтіріп оқыды, Бекарыс пен Ақнұрдың жұбы би билесе, Аманжан мен Кәусардың арқасында испан еліне саяхат жасағандай болдық. Бүлдіршіндеріміздің әсем өнерлерін кейін ата-аналарының көмегімен дайындалған сән үлгісін тамашаладық. Әр жұп өздерінің жан-жақты қабілеттерімен, білімділігімен, өнерлерімен көзге түсе білді. Соңғы «Бізден сұрақ, сізден жауап...» бөлімінде өз білімдерін нақты көрсете алды. Әділқазы алқаларының әділ бағалауының нәтижесінде «Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы» номинациясынАйқын мен Лунараның жұбы жеңсе, «Көрермен көзайымы» номинациясын Данияр мен Балауса, «Ең үздік жұп» номинациясын Бекарыс пен Ақнұр, «Ең үздік өнер» номинациясын Аманжан мен Кәусар жеңіп алды. Сайысқа қатысқан бүлдіршіндер мақтау қағаздары мен марапатталып, бүлдіршіндеріміз көңілді тарқасты. Бүлдірішіндеріміз алда осындай сайыстарға қатысып, жетістіктерге жетуіне тілекшіміз.


Нурлан Туякбаев

Қуағаш ОЖББМ-нің музыка

пәнінің жетекшісі



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал