7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку для 10 класса 'Кітаби тілдің стильдік сипаттары'

Урок по казахскому языку для 10 класса 'Кітаби тілдің стильдік сипаттары'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қарағанды қаласы

№23 ЖББОМ» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мухсинова А.М.


Қазақ тілі, 10-сынып Күні: 23.11.2015жыл

Сабақтың тақырыбы: Кітаби тілдің стильдік тармақтары.

Мақсаты: Кітаби тілдің стильдік тармақтары туралы оқушыларға мысалдар келтіре отырып меңгерту.

Міндеттер:

  • Оқушылардың стиль тармақтарын өз беттерінше анықтай алуына жағдай жасау, сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың түрі дәріс түрінде

Әдіс-тәсілдері сұрақ-жауап, АКТ, мәтінмен жұмыс жасау, сөйлемдерді талдау, тест жұмысы, өзіндік бағалау.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Көрнекілік: Слайд, кестелер, оқулық, сандық оқыту ресурстары.

Күтілетін нәтиже:

оқушылар ойлау қабілеттері дамиды, сөздік қорлары молаяды, стиль тармақтарын сөйлемнің мазмұнына қарай айыра алады.

І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын кезекшінің мәліметі арқылы тексеру. Оқушыларға сабақтың мақсатын айту.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Көркем әдебиеттен 5 сөйлем жазу, талдау, стиль түрін анықтау. Сөйлем ішінен 8-9 буыннан тұратын сөзге фонологиялық талдау жасау.Оқушылардың дәптерлеріндегі тапсырмалар тексеріледі.

ҰБТ-ға дайындық: Жабық тест: тек қана сұрақтар беріледі, жауаптары жоқ.

Сұрақтар

Жауаптар

1.

Лексика нені зерттейтінін белгілеңіз.


2.

Қос сөздердің арасына қандай тыныс белгісі қойылатынын көрсетіңіз.


3.

Жақсыз сөйлем жазыңыз.


4.

Одағай сөз жазыңыз.


5.

Қыстырма сөзі бар сөйлемді жазыңыз.


6.

Антоним сөздерді жазыңыз.


7.

Толымсыз сөйлем жазыңыз.


8.

У дыбысы дауыссыз болады. Мысал жазыңыз.


9.

Сабақтас құрмалас сөйлемді жазыңыз.


10.

Біріккен сөздер қалай жазылатынын көрсетіңіз.


11.

Есімдіктер мағынасына қарай неше топқа бөлінетінін көрсетіңіз.


12

Оқшау сөздер қызметіне қарай нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.


13.

«Көп» сөзіне синоним бола алатын сөзді жазыңыз.


14.

Антонимдер дегеніміз не екенін жазыңыз..


15.

Кірме сөздер дегеніміз не?


Бағалау түрі жұптық. Тақтада бағалау критерийлері жазылады.

1-5 дұрыс жауап: «2», 6-9 дұрыс жауап «3»,

10-13 дұрыс жауап- «4», 14-15 дұрыс жауап «5»

ІІІ Жаңа сабақ: Кітаби тілдің стильдік тармақтары.

Ой қозғау: Стиль дегеніміз не? Стиль түрлері? (Сөйлеушінің, жазушының тіл саптау шеберлігі)

(Слайд бойынша түсіндіру)

Кесте толтыру.

Стиль тармақтары

қолданылу аясы

мақсаты

тілдік құралдары

стильдік сипаты

Ресми іс қағаздар стилі


Ісқағаздар, нұсқау хаттар, кеңсе құжаттары

Хабарлау, нақты мәліметтер беру

Кітаби сөздер мен тіркестер,


Ғылыми

Ғылыми еңбектерде, зерттеулерде, ғылыми мәжіліс, кеңес, ғылыми ортада.

Заттың, құбылыстың, дүнниенің мәнді белгісін көрсетуғ себеп-салдарын ашу, шындықты логикалық жүйемен белгілеу.

Дерексіз жылпылық ұғымдағы сөздер жиі кездеседі: құс, өсімдік, ағаш, жылдамдық т.б., ғылыми терминдер, баяндауышы ырықсыз етіс түрінде, ауыспалы келер шақ түрінде келеді

Айтылатын ой, сөз дәлелді, тура мағынада, атау сөз көбінесе дерексіз, жалпылық ұғымда жұмсалады.

Көркем

Көркем шығармалардағы жазбаша түрі, көпшілік алдында сахнада айтылатын әңгіме, аңыз т.б.

Шындықты, ақиқат өмірдегі зат, құбылыстарды бейнелеу арқылы оқырманға әсер ету.

Әртүрлі ауыспалы мағынада қолдану.

Сөз деректі, образды мәнде, эмоционалды, экспрессивті болады.

Публицистика

лық

Газетте, саяси-қоғамдық журналдарда, жиналыстар мен митингілер, радио-телевизия хабарлары (ауызшы түрде)

Заттар мен құбылыстардың мәнін ашу, оған көпшіліктің назарын аудару, жұртшылықты жұмылдыру, мақсатқа үндеу, сенімін ұштастыру, қоғамдық пікір туғызу.

Экспрессивті-эмоционалды реңктегі және бағалауыш сөздер. (жарыс жүлдегері, еңбек майданы, ерлік мектебі т.б.)

Сөз үндеу, жұртшылықты жұмылдыру, иландыру т.б.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс:

1-қатар:

56-тапсырма /94 бет/

Мәтін ісқағаздар стилінің қай түріне жатады? Тілдік ерекшелігіне қарай ауызша талдау жасаау.

2-қатар:

57-тапсырма /96-бет/

«Сынап» мәтіні бойынша қолданылатын орны, мақсаты, тілдік тәсілдері, стильдік сипаты, ерекшеліктерін талдау.

3-қатар:

59-тапсырма /97-бет/

«Күн энергиясын пайдалану» мәтіні бойынша ғылыми стиль мен ресми ісқағаздар стилінің өзіндңк сипаттарына талдау жасау.


Қорытынды:

-Кітаби тіл дегеніміз не?

-Стиль дегеніміз не?

-Кітаби тілдің стильдік белгілеріне қандай стиль түрлері жатады?


Үйге тапсырма:

Кітаби тіл стилінің тармақтары бойынша семантикалық кесте жасау.

54-тапсырма: тапсырмалар бойынша орындау.


Бағалау: сабаққа толық қатысып отырған оқушыларды және жабық тест қорытындысы бойынша бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал