7


Көңілді мәре

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Дене шынықтырудан сыныптан тыс іс - шара "Көңілді мәре". 7 класс қыз балаларына арналған. Сабақ барысында жүгіру, секіру, шынығу, есептер шығару, жылдам қозғалу секілді тапсырмалар қарастырылған. Оқушылар көңілді мәреге үлкен қызығушылықпен қатысады. Сабақ соңында мінде
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы: «Көңілді мәре» эстафеталық жарыс

Мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Доп, кедергілер, шар, секірме, таяқша,
Қатысатын кластары: 7 класс қыз балалары

Уақыты: 13.04.2015 сағат 13.00


«Көңілді мәре» эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр». Денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет. Бүгінгі өткізгелі отырған «Көңілді мәре» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар таныс болайық.
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Қазылар алқасын оқушыларға таныстырып өтіледі.

Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,
Әзірледік сізге орынды төрден біз.
Ұландардың ең құрметті қонағы,
Жанкүйер де, төреші де өзіңіз.

Шарттары:
1. Таныстыру кезеңі. (топтың атын таныстыру керек)
2. «Кім жылдам?» кезеңі - Кедергілер арасымен жүгіру. Белгі берісімен бірінші тұрған ойыншы, алдында тұрған кедергілер арасымен жүгіріп қайтады. (әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
3. Қолдың көмегімен жүру кезеңі
4. «Тасбақа» кезеңі - белгі берісімен бірінші тұрған ойыншы тасбақаша жүру керек. Ойын екінші оқушыға келіп жалғасын табады (әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

5. Есеп шығару кезеңі
(оқушылар жүгіріп келіп берілген есепті асықпай дұрыстап шығару қажет)
100+200+300=
100+200+30=

400-150+50=
100+200+300+200=

300+250-150=
6. «Кім бірінші?» кезеңі - пресс жасау
7. Ұзындыққа секіру кезеңі

Мұғалімнің белгісі бойынша орыннан ұзындыққа секіреді. Секіріп түскен жерге таяқша қойылады. Екінші ойыншы сол таяқшадан ұзындыққа секіреді. Қалғандары да осылай секіре береді. Қай команда ұзын секірсе сол жеңіске жетеді.

Қорытынды сөз.

Марапаттау рәсімі.
Жүлделеріңіз құтты болсын!

№41 жалпы білім беретін орта мектебі









Сыныптан тыс шара


«Көңілді мәре» эстафеталық сайыс

7 класс оқушылары арасында (қыз балалар)




Өткізген: Жаңабаев С.Қ

дене шынықтыру пәні мұғалімі


























2014 - 2015 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал