7


  • Учителю
  • Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары Абай және Пушкин 2 сағат 9 сынып

Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары Абай және Пушкин 2 сағат 9 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 9А

Сабақтың тақырыбы: Абай және Пушкин (2 сағаты)

Сабақтың мақсаты: Абай мен Пушки өмірінен мәлімет беру. Тілдің, достықтың, бірлік пен ынтымақтастықтың күшін түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: ақындар портреті, буклет, ақындар өміріне арналған папкалар, сызбалар.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сабақтың мақсатын айту

  2. Оқушыларды топқа бөлу

  3. Сұрақтарға жауап беру

  4. Білімдерін бекіту

  5. Сабақты қорыту

Сабаққа кіріспе: қазақтың ұлы ақыны -Абай. Абай -ұлы ақын, композитор, аудармашы, философ, қоғам қайраткері.

Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазақта қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

Абай Пушкин, Лермантовтың, Крыловтың, Салтыков- Щедрин мен Лев Толстойдың шығармаларын аса ардақтап, оларды сүйіп оқыды. Абай Пушкиннің «Онегин мен Татьяна» хаттарын қазақ тіліне аударып, бүкіл қазақ даласына таратып, таныстырды. Ол «орыстың ғылымы, өнері- дүниенің кілті» -деп санады.

«Орысша оқу керек, мал да, өнер де, ғылым да- бәрі орыста... сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады»- деді Абай.

Сондықтан Абай жастарды оқуға, білімге шақырды.

Кітап-ең сабырлы ұстаз!

Книга- самый терпеливый учитель!

Тіл- достық пен келісім көпірі.

Язык- посредник дружбы и согласия.

Тіл -жаңа дүниенің терезесі.

Язык- это окно в новый мир.

Олай болса біз тіл арқылы Пушкинді, Абайды оқып білеміз, танимыз.

Топпен жұмыс. Сын тұрғысынан ойлау жұмысын «топтастыру» стратегиясы.

Абай ауылы:















Пушкин ауылы:

















Интеллектуалдық ойын.

Сұрақтарға жауап беру (дұрыс жауап -5 ұпай)

Абай

  1. Абай қай елдің ақыны?

  2. Абайдың қандай шығармаларын білесіңдер?

  3. Абай кім?

  4. Абайдың әжесі кім?

  5. Абайдың шын аты кім?

  6. Абай қандай орыс ақындарының шығармаларын аударған?

  7. Абай неше тіл білген?

  8. Абайдың анасының аты кім?

  9. Абай неше жасынан бастап өлең жазды?

  10. Абай медреседе неше жыл оқыды?

Пушкин

  1. Пушкин қайда оқыған?

  2. Пушкинді кім тәрбиелеген?

  3. Пушкин лицейде қалай оқыған?

  4. Пушкин қандай пәнді өте жақсы көрген?

  5. Пушкиннің қандай шығармаларын білесіңдер?

  6. Пушкиннің «Осень» атты өлеңін қазақшаға аударғанда Абайдың қандай өлеңінің аты шығады?

  7. Пушкин қай елдің ақыны?

  8. Пушкин қай ғасырда өмір сүрген?

  9. Пушкин қандай тілді жақсы көрген?

  10. Пушкин лицейде неше жыл оқыды?

Венн диаграммасын жасау.

Абай Екеуіне ортақ Пушкин















































Сабақты қорыту. Сонымен балалар , бүгін біз сіздермен екі елдің ұлы ақындары туралы айтық, шығармаларымен таныстық, сұрақтарға жауап бердік.

Тұжырымдау:

- Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

- Сабақ несімен қызықты өтті?

- Сен үшін не жаңалық болды?

Үйге тапсырма: Достық туралы мақал мәтелдер жаттап келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал