7


  • Учителю
  • 'ҰСтаз', 'Әке' т. б. тақырыпта өлеңдер

'ҰСтаз', 'Әке' т. б. тақырыпта өлеңдер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күз - көктем

  1. Күз келсе, көңілді мұң басады,

Жан-жақты тыныштық орап жатады.

Ағаштың бәрі маужырап,

Киімін шешіп жатады.

Күзгі жауын сіркіреп,

Жүректі мұңға толтырар.

Бұлттанып дала түнеріп,

Жаныңның мұңын ұқтырар.

  1. Жоқ, менде бәрі жаман емес,

Алайда, көңілім толық мәз емес.

Далаға қарап түңілсем,

Жұбатар жанды іздесем

Болдың ғой сен маған елес.

Көзіме мұңды жас толғанда

Жүрегім мұздап тонғанда

Бір үміт, сен келер деп,

Жүректі жұбатам да.

Күздің суық үнімен

Ұйқас болып жүрем мен.

  1. Күздің самал желімен,

Жапырақ билеп жүргендей.

Көңілде ойнаған күйіммен,

Жаныма қуаныш енгендей

Бақытқа толды жүрегім.

Түнерген мына күзіме

Көктем қайтып келгендей.

Анашым

Анашым әлдилеген, тербеген.

Өмір бойы «құлыным» деп еркелеткен.

Алғысым шексіз менің саған деген.

Күлімдеп жүре бергің әрдайым сен.

Ұстаз

Ұстаз - елдің жүрегі,

Ұстаз - өмір тірегі.

Балалардың еркелігін

Көтере де біледі.

Ұстаздардың еңбегі көп

Оқушыларға сіңірген.

Ұстаздар мәңгі жасасың!

Біз үшін көп тер төккен.

Қазақ тілі

Қазақ тілі - туған тілім,

Соғып тұрған жүрегім.

Қазағымның елінде.

Бақытты өмір сүремін.

Қазақ тілін білу міндет.

Өз тіліңді құрметте.

«Басқа тілді үйренем» деп.

Сол елде адасып кетпе.

Әке

Әке деген жаратылысы бөлек жан.

Оған деген сезіміміз орасан.

Өмір жолын қайталаймыз біз одан.

Барлық әке болса екен адал жан.

Әкетайым, көкетайым сен менің.

Жүрегімнен зор орынды алдың сен.

Саған деген сүйіспеншілігім шексіз ғой.

Өмірімнің мәні сенсің гүлдеген.

Ауылым

Сенде туып, сенде өстім ауылым.

Сені ғана жыр етемін әрдайым.

Сеніменен байланысты бар арман.

Сенің кең құшағында оралған.

Мектебім

Алтын ұя - мектебім.

Сенде туып, көктедім.

Саған деген айтатын

Алғысым да көп менің!

Алғаш қалам ұстатқан.

Білім отын тұтатқан.

11 жылдай өсіретін

Еркелікті көтеретін

Бәріне де шыдайтын

Оқытудан талмайтын

Алтын ұям, сен боласың,

Есімде мәңгі қалатын.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал