- Учителю
- Конспект по казахскому языку на тему Ұлттық тағамдар
Конспект по казахскому языку на тему Ұлттық тағамдар
Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық тағамдар»
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Тақырып бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту.
2. Дамытушылық: Тақырып деңгейінде жаңа сөздерді меңгерте отырып, сөздік қорын дамыту.есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік:Оқушыларға ата-бабамыздан келген қазақ халқының ұлттық тағамдарына ерекше мән беріп, қастерлеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, монолог,жаттығу жұмыстары.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Кезекшімен диалог (оқушыларды түгендеу)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Зат есім. Зат есімнің түрлері ережесін білу.
2.Нанға қатысты ырымдарды білу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі. Балалар, әр ұлттың өз ұлттық тағамдары бар....Сендердің отбасыңда ұлттық тағамдар дайындай ма?Қай кезде дайындайды, жай күнде ме немесе мереке күндерінде? Ал, қазақ халқының қанай ұлттық тағамдрын білесіңдер? Сендер осы тағамдарды жақсы көресіңдер ме?
2.Сабақтың мақсатын жариялау
3.Жаңа сөздермен жұмыс(аудирование)
Сөз тіркестері мен сөйлем құрастыру.
Ерекше мән берген - особенно уделяли внимание
Негізгі асы - основная пища
Буға пісіру - варить на пару
Майға қууру - жарить на жиру
Кесектеп турау - резать кусочками
Отқа қақтау - коптить на огне
Тиімді пайдалану правильно использовать
Атқұлақ (қымыздық) - щавель
4.Мәтінмен жұмыс.
Ұлттық тағамдар
Қазақ халқы қонақжай адамдар. Олар қонақты аса құрметтеген халық, сондықтан дастархан байлығына ерекше мән берген. Негізгі асы - сүт пен ет. Қазақтар тағам түрлерін ақ (сүт тағамдары), ұн тағамдары деп үшке бөлген.
Етті суға пісіріп те, буға пісіріп те, майға қуырып та, кесектеп турап, отқа қақтап та әзірлеген. Олар - қазы, қарта, шұжық, құырдақ жал, жая, бесбармақ т.б ет тағамдары.
Сүттен құрт, ірімшік, қымыз, шұбаи, айран, май, қаймақ, қатық, кілегей сияқты ішетін, жейтін әр тағам әзірлеген.
Ұн тағамдарына: бауырсақ, шелпек, тоқаш, бәліш жатады. Бауырсақ, шелпек - дастарханның көркі, деп халық айтады. Сондықтан дастархан үстіне нан тағамдарын шашады.
5. Мәтін бойынша сұрақтар құастыру.
6. Ұлттық тағамдар түрлері бойынша кестені тотыру.
7.Жаттығу жұмысы.
Мәтіннен күрделі зат есімдерді көшіріп, сөз құрамына талдау
IY.Қорытынды кезеңі.
Кестемен жұмыс.
«Дұрыс», «Бұрыс» жауабын табыңдар.Қазақ халқы, дастарханның көркі - кәмпит пен қайнатпа деген
Бауырсақты тәрелкеге салып, дастарханға қояды
Ет тамдарына қазы, қарта, шұжық, жал, жая,бесбармақ, қуырдақ жатады
Сүт тағамдарына тек қана қаймақ пен май жатады
Ұн тағамдаына бауырсақ қана жатады
Y. Үйге тапсырма:
1.Зат есім. Зат есімнің түрлері ережесін білу.
2.Ұлттық тағамдарының түрлерін білу.
YI. Бағалау.
а