7


  • Учителю
  • ӘДЕП – ЕҢ ҚЫМБАТ МИРАС 10 сынып

ӘДЕП – ЕҢ ҚЫМБАТ МИРАС 10 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ӘДЕП - ЕҢ ҚЫМБАТ МИРАС

• Мақсаты:

- Оқушыларды сыпайы сөйлеуге, адамдармен әдепті қарым-қатынас жасай білуге, инабаттылық, әдептілік, адамдық қасиеттерінің негізгі арқауы екендігін үйрету;

- Оқушылардың сөздік қорын байыту, ойлау қабілеттерін дамыту;

- Ұлттық салт-дәстүр, ырыммен таныстыру, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, жолдастық сыйласымды қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу;

Әдісі:

Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ой қозғау, пікір алысу, диалог түрінде өткізу, топтастыру.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Амансың ба, Алтын Күн?!

Амансың ба, Көк Аспан?!

Амансың ба, Жер-Ана?!

Амансың ба достарым?!

Сіздерді көрсем қуанам!

Үлкенге де сіз!

Кішіге де сіз!

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз! -

дегендей қазақ халқында, оның тіршілік аясында адамдармен қарым-қатынасында толып жатқан әдеп-ғұрыптар мен әдеттер қалыптасқан бұл олардың өзіндік рухани байлығы, рухани тазалығын көрсетсе керек.

Құрметті оқушылар, сендер міне бітіруші сынып болдыңдар. Оқушы болғаннан кейін мектеп ережелерін яғни өзін-өзі қалай ұстау керек екенін, үлкенді сыйлап, кішіге көмек беру керек екендігін білулерің қажет. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызда осы әдет, әдеп жөнінде айтамыз.
- үлкен адамдар жақсы тілектерін айтып жатады. Мысалы "бақытты бол", "көп жаса", "өркенің өссін" т.б.
- сәлемдесу де әдіптіліктің белгісі, үлкен адамға сәлем беру, кіші адамның міндеті.
-қазақта "Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді" деген әдеп бар.
-әдепті болу тек сәлемдесу емес, ата-ана, ұстаз, бір-біріңді, бауырыңды сыйлау, ретсіз сөйлемеу, күлмеу, дастархан басында әдепті отыру, дұрыс киіну, жүру-тұру да әдіптілікті талап етеді.



Оқушыларды 3 топқа бөлу.

І-топ "Тәртіптілер"

ІІ-топ "Алғырлар"

ІІІ-топ "Ұқыптылар"

Топтарға берілетін тапсырмалар:

1) "Даналық әліппесі" мақал-мәтелдер айту;

2) «Жағдаяттарды шешу»

3) «Әдептілік әліппесі»

4) «Салыстыру»

5) «Пікірталас»

6) Қорытындылау.

І. Даналық әліппесі (мақал-мәтел айту)

1. Алыстан сәлем береді,

ұқыпты елдің баласы.

2. Жақсы сөз жарым ырыс.

3. Әдепті бала арлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала.

4. Көп жасаған қария,

Ақылы асқан дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ өзі бар.

5. Әдептілік ар-ұят,

Адамдықтың белгісі.

Тұрпайы мінез тағы бар,

Надандықтың белгісі.

6.Сәлемдесу әдептіліктің белгісі.

7.Алыстан алты жасар бала келсе,

Алпыстағы қария сәлем береді.

8. Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күні бармақты.

9. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

10. Қызға қырық үйден тыю.

ІІ. «Жағдаяттарды шешу»



  • Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде немересін жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққаннан жылап жіберді. Сенің әрекетің?


  • Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді. Сен достарыңмен ойнап жүріп, бұл өтінішті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі үйді жинап,сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің?

  • Марат бір қарағанда көрікті де әдемі бала. Киімі де жарасымды. Бірақ көпшілік арасында, қонақта болған кездерінде қолын сермеп, даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сөздерін қалайда күлкіге айналдыруға да әуес.
    Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесуге болады?

ІІІ. Әдептілік әліппесі.

-Сөз әдептілігі

-Іс әдептілігі

-Мінез әдептілігі - талдау, мәнін ашу.

ІV. Салыстыру.

І-топ «Тәртіптілер» - Әдепті баланы суреттейді.

ІІ-топ «Ұқыптылар» - Әдепсіз баланы суреттейді.

ІІІ-топ «Алғырлар» - Екі баланы салыстырады.

V. Пікірталас.

  • Әдептіліктің кілті неде деп ойлайсыңдар?

  • Әдепті болу қиын ба?

  • Әдепті болу үшін не істеу керек?

Олай болса балалар, бүгінгі сабақтан алған білімімізді, ойларымызды жинақтап, тиянақтап мына таратып берген стикерларға жазып, тақтаға күннің төгіліп тұрған шуағының айналасына жапсырайық.

- Қорытынды.

Ал, енді әдептіліктің мынадай алтын ережелерін сақтайық!

  • Бір мезгілде ұйықтап, белгілі уақытта оянып үйрен.

  • Ерте тұрып, таза ауада денеңді шынықтыр.

  • Күнде таңертең салқын сумен жуын.

  • Көшеде жүргенде, көше тәртібін сақта.

  • Көшеде, көпшіліктің арасында әдеп сақта.

  • Үй жинауды, еден сыпыруды, ыдыс-аяқ жууды ұмытпа.

  • Үлкендердің, ата-ананың тілін ал.








 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал