7


  • Учителю
  • Уорк 'Көп мағыналы сөздер'5- класс

Уорк 'Көп мағыналы сөздер'5- класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні _____________ Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 5

Тақырыбы: Көп мағыналы сөздер

Мақсаты: білімділік: Оқушыларға көп мағыналы сөздердің омонимдермен ұқсастығын ажыратуды ұғындыру, ерекшеліктерін түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу;

тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа, ойын ашық, еркін жеткізуге, өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, жаттығу, ой жинақтау, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: тірек сызба

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын тексеру

48-жаттығу . Мәтінге ат қойыңдар.

Мәтіндегі ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздердің тура мағынасын білдіретін сөз тіркестерін құраңдар.

49-жаттығу. «Жеті», «тоғыз», «он екі», «қырық» сандарына қатысты мақалдар жазып келіңдер.

Қайталау сұрақтары:

Сөз дегеніміз не?

Сөздің тура ж/е ауыспалы мағынасы деген не?

б) Жаңа сабақ

Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз.

Көп мағыналы сөздер бір негізден таралып, бір сөз табына қатысты болады.

М: Құлақ-адамның құлағы, домбыраның құлағы.

Ата (зат есім) - 1) үлкен әке, әкенің әкесі; 2) ата жолы - ескіден қалған жөн-жоба, әдет-ғұрып; 3) ата жұрт - ежелгі мекен; 4) ата кәсіп - атадан келе жатқан шаруашылық.

Көп мағыналы сөздер омоним сөздерге де құсас. Бірақ екеуінің атқаратын қызметі екі түрлі. Көп мағыналы сөз бір сөз табынан жасалып, мағыналары жақын болса, омонимдердің мағыналары әр түрлі болады.

М: Күл- жымиып күл (іс-әрекет), оттың күлі ( жанған заттың қалдығы)

в) Жаттығу жұмыстары

51-жаттығу. Төмендегі сөздердің қосымша туынды мағыналарын анықтап, кестені толтырыңдар. (І қатар)


53-жаттығу. Мәтіннен көп мағыналы сөздерді табыңдар. (ІІ қатар)


55-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңдар. Мәтіннен көп мағыналы сөздердің астын сызыңдар. (ІІІ қатар)


Топпен жұмыс: 58-жаттығу.Алтын,маржан, шырын сөздерін ауыспалы мағынада қолданып,сөз тіркесін құраңдар.

Үлгі: ақ алтын,маржан сөз т.б.

Жаттығумен жұмыс: 60-жаттығу. Салмақты,әрекет,қарулы сөздерінің ішінен біреуін таңдап,сол бойынша шағын мәтін құраңдар.Мәтінде көп мағыналы сөздердің болуын ескеріңдер.

г) Бекіту

Сөздің көп мағыналы болуы үшін не қажет?

Көп мағыналы сөз бен омоним сөздің айырмасы қандай?


д) Бағалау

Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

е) Үйге тапсырма

52-жаттығу. Берілген көп мағыналы сөздердің бастапқы мағынасын табыңдар.

57-жаттығу. Төмендегі сөздердің көп мағыналық сипатын сөз тіркестерін құрау арқылы дәлелдеңдер.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал