- Учителю
- Сабақ жоспары Қазақ тілі 6 сынып «Ертегілер»
Сабақ жоспары Қазақ тілі 6 сынып «Ертегілер»
Қазыбек бекетіндегі орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қазқ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Уралбаева Алия Амангельдиевана
Сыныбы: 6 «Г»
Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер»
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға ертегілерді және халық даналығын түсіндіру, ертегіні тыңдай отырып оның астары мен мән мағынасын талдау.
Ә) Дамытушылық: Оқушылырдың қиялын, ой - өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту, ертегіні мазмұндау және талдай отырып ойларын тиянақты жеткізе біліуді, ойлау шеберліктерін дамыту.
Б) Тәрбиелік: Ержүректік пен батырлыққа, отан сүйгіштікке, адалдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, сөздікпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: ертегілер жинағы, суреттер.
Пән аралық байланыс: тарих, қазақ тілі, орыс тілі.
Ұйымдастыру кезеңі .
Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа қатысуларын қадағалау. Назарларын сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау:
Халық ауыз әдебиеті туралы түсініктерін сұрау. Мақалдар мен жұмақтарды жатқа сұрау. (Түсініксіз сөздерді аудару. Сөздік дәптерге жазу)
Үй тапсырмасын бекіту:
-
Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
-
Ауыз әдебиетінің түрлерін ата
Дайындық кезеңі:
1. Әр топ сұраққа жауап беру арқылы топ басшыларын тағайындайды. Кім нақты әрі толық жауап берсе сол топ басшысы болады.
-
Қандай ертегілерді білеміз?
-
Ертегілердің кейіпкерлері кімдер?
-
Әжеден де, атадан да қашып, түлкіден құтыла алмайтын ертегі кейіпкері кім?
Ойын сабақ:
2. Әр топ оқушылары бір ертегіні бастайды, екінші топ оқушылары сол ертегіні аяқтау керек.
1-топ «Мақта қыз бен мысық»
2-топ «Ұр тоқпақ»
3-топ «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
3.«Ұр тоқпақ» ертегісін мәнерлеп оқып, топ мүшелері мазмұндайды. (Түсініксіз сөздерді аударып, сөздік дәптерге жазу)
Ертегі желісі бойынша әр топ бір - бірлеріне сұрақтар қойып, ертегілерді пысықтайды.
4. «Ұр тоқпақ» ертегісін топ мүшелері сахналап көрсетеді.
1-топ «Піс қазаным піс»
2-топ. «Құс, есегім, құс»
3-топ. «Ұр, тоқпағым,ұр!»
Сабақты бекіту:
Сурет бойынша ертегінің кейіпкерлері мен тақырыбын табу.
1-топ. «Ақмақ қасқыр»
2-топ. «Алдар көсе»
3-топ « Жылбасына таласқан хайуанаттар»
Қорытынды:
Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
«Мен жақсы көретін ертегі кейіпкері» тақырыбында әңгіме жазу.