7


  • Учителю
  • Ашық сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев «Толағай»

Ашық сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев «Толағай»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: ІӘдеби ертегі туралы түсінік беру, «Толағай» әдеби ертегісінің мазмұны, негізгі идеясымен таныстыру.Оқушылардың тіл байлығын арттыру,сөздік қорын молайту, әдеби ертегіні халық ертегісінен ажырата білуге, өзіндік ойын дәлелдеуге, тұжырымдама жасауға үйрету.Туған жерге,
предварительный просмотр материала

«Петровка жалпы білім беру орта мектебі» КММ











Ашық сабақтың тақырыбы:

Әбділда Тәжібаев

«Толағай»



Өткізген:

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі: Сембаева Б.С.



2014-2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Ә.Тәжібаев «Толағай»

Мақсаты: Білімділік- әдеби ертегі туралы түсінік беру, «Толағай» әдеби ертегісінің мазмұны, негізгі идеясымен таныстыру.

Дамытушылық -оқушылардың тіл байлығын арттыру,сөздік қорын молайту, әдеби ертегіні халық ертегісінен ажырата білуге, өзіндік ойын дәлелдеуге, тұжырымдама жасауға үйрету.

Тәрбиелік- туған жерге, отанға деген патриоттық сезімдеріне әсер ету, сүйіспеншіліктерін арттыру, қайырымдылыққа, жанашырлыққа, рақымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі. Жаңа білімді меңгерту

Әдіс-тәсілдер: топтастыру, салыстыру, талдау, ойқорыту, т.б.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд материалдары

Пәнаралық байланыс: география, қазақ тілі

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру жұмыстары.

ІІ. Өткенді қайталау.

1.Құранда неше сүре бар?

А) 114 Б) 116 В) 112

2. Кімнің тұсында Құранды кітап етіп шығарды?

А) Хазрет Омар Б) Хазрет Оспан

В) Әбубәкір Сыдық

3. Адам атаның шын аты?

А) Сапиолла Б) Самиғолла В) Сымағұл

4. Алла тағала адамды неше күнде жаратты?

А) 7 Б) 6 В) 8

5.Смайылдың шешесі?

А) Сара Б) Ажар В) Гауһар

6. Ажар мен Смайылды Ибраһим қайда апарды?

А) Палестинаға Б) Софа тауына

В) Құлазыған шөл далаға

7.Құранды жаттап, үнемі есіне сақтаған адамдар кімдер?

А) Қари Б) Хафиз В) Сахаба

8. Алла тағала адамды неден жаратты?

А) Судан Б) Оттан В) Балшықтан

ІІІ. Жаңа сабақ.

Эпиграф «Әбділда Тәжібаев - қазақ поэзиясына

әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізген ақын»

Мұхтар Әуезов

Әбділда Тәжібаевтың өміріне шолу.

  • 1909 жылы 4 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

- 1998 жылы 23қыркүйекте 89 жасында дүниеден өткен.

- Ә.Тәжібаев - ақын, драматург, әдебиет зерттеуші, Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы,, профессор.

- Республикалық «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет атқарған.

- «Толағай» әдеби ертегісін1978 жылы жазған.

Әдеби ертегі туралы түсінік беру. Тақтаға жазу түрлерін.

Ертегі дегеніміз не? Ауыз әдебиетінде ертегінің неше түрі бар еді?

(сызбамен көрсету)

Қиял-ғажайып ертегі «Ер Төстік»

Шыншыл ертегі «Қырық өтірік»

Хайуанаттар туралы ертегі «Жеті лақ»

Әдеби ертегі Ә.Тәжібаев «Толағай»

Ертегілердің бір саласы - әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегі деп атайды. Мысалы Ә.Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталатын Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған.

  • Балалар, біз бұдан бұрын қандай көлемді тақырыптармен таныстық?

  • Осы тақырыптарды қаншалықты тереңірек меңгергенімізді тексеру үшін сөзжұмбақ шешіп көрелік.

Сөзжұмбақ шешу.

Т


О

Л


А


Ғ


А

Й


  1. Перінің қызының аты (Бекторы)

  2. Қойдың пірі қалай аталады? (Шопаната)

  3. Ер Төстіктің мінген тұлпары (Шалқұйрық)

  4. «Аяз би» ертегісінде уәзірлеріне бұйрық берген хан (Мадан)

  5. Жерұйықты іздеген кім? (Асанқайғы)

  6. Алланың елшісі, ең соңғы пайғамбар кім? (Мұхаммед)

  7. Сырым кімнен бата алды? (Малайсары)

Ортадан қандай сөз пайда болды? Толағай. Олай болса, балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз - Әбділда Тәжібаевтің «Толағай» әдеби ертегісі.


Суретін көрсету


«Толағай» әдеби ертегісінің сюжеттік жоспарын құру.

1.Дүниеге «алып болар» баланың келуі.

2.Толағайдың ер жетуі.

3.Алғашқы ерлік.

4.Алыптың жан күйзелісі.

5.Тау көтерген Толағай

6. Ер есімі ел есінде.

Ертегінің тақырыбы: Ерлік туралы

Идеясы: Батырлықты, ерлікті дәріптеу


Сәйкестендіру.


«Алып болар»



деді Саржан

Толағайдың анасы

Айсұлу

Жеті жаста


деді үлкендер

Ұйқыдағы


Толағайды

«Ұйықта, қозым»


садақ тартты


Мен қай жерде қателестім:


Сегіз жүз жылдар шамасында

Сонау Ертіс жағасында.

Болған біреу Саржан атты.

Даңқы шыққан жалқау екен,

Талай жерді көрген екен,

Сүйіпті жұрт сол қазақты.

Жұбайы да өзіне сай,

Аты Нұрсұлу - ақ маралдай,

Ақша беті аймене тең.

Көркінен де ақылы басым,

Достарының кәрі, жасын

Сүйсіндірген қылығымен

Айы толды, күні жетті,

«Қыз туды» деп ел шу етті,

Дүниеге бір бала келді.

Қырық күндік мерекені,

Естен кетпес берекені,

Сол ауылға ала келді.

Саржан Толағайдың нағашы ағасы




Толағай оз басын ойлайтын бала болып өседі

Толағай жем іздеген мысықты көлге лақтырып жібереді

Толағайға мінездеме беру. Топтастыру

күшті


Толағай

рақымшыл

батыр

мерген

алып



Оқулықпен жұмыс. Жоғарыда топтастырылған Толағайдың мінездерінің сипатын мәтіннен тауып оқу.


Күшті.

Арқалады ауыр тауды,

Жаншып бара жатыр жанды.

Маңдайынан тер көл боп ақты,

Жеткенше дем алмайын деп,

Жарты жолда қалмайын деп,

Шаршаса да тоқтамапты.

Алып.

Арқаласа он баланы-

Қайыспайды қабырғасы.

Рақымшыл.

«Қайтсем жауын жаудырамын,

Ел сусынын қандырамын»


Мерген.

Аң аулауға - кең даладан,

Құтылмайды қашқан құлан.

Жалғыз толғап тартуынан,

Жан құтқырмас болды қыран.

Батыр.

«Келе қал,- деп,-болсаң күшті»,

Құйрығынан алды барып.

Таяқ құрлы көрмей тіпті,

Жолбарысты дөңгелетті.

Жанашыр.

Күйген жердің кірді жаны,

Шөлдегендер суға қанды.

Ауыл қайта ажарланды,

Тарқады елдің бір құмары.


Сергіту сәті.


Автор орындығы

Мұғалім сөзі: Оқушылар, ортадағы мына отырғыш автор орындығы деп аталады. Бұнда Толағай бейнесіне еніп, оқырмандар қойған сұраққа Толағай болып жауап беруіміз керек. Қане, кім Толағай болғысы келеді.

(Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады. )

1. Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме?

2. Алда-жалда жұрт қиналса сен не істер едің?

3. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?

4. Отаның үшін қызмет етесің бе?


«Сезім сыры» кестені толтыру


Ренжідім


Қуандым


Қорықтым


Өкіндім


Таң қалдым


Жек көрдім

Қорытынды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның болашағы - жастардың қолында» деп жас ұрпаққа сенім артады.

  • Ендеше бүгінгі жастар қандай болуымыз керек?


«Екі бетті күнделік» стратегиясы


Ертегіден алған әсерім

Өз пікірім




  • Бүгінгі бейбіт замандағы Толағайларымыздың қатарын кімдермен толықтырар едіңдер?

  • Толағай сияқты елінің халықтың таудай үмітін арқалап, таудай іс атқарып жүрген, қазақстан атын әлемге паш ететін азамттар бар ма?

«Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді» деген мақал бүгінгі сабағымызға қорытынды болмақ. Еліміздің үміт артып отырған бүгінгі Толағайлары - сендерсіңдер, ендеше осы атымызға лайық болайық.

Рефлексия:

«Бес саусақ» стратегиясы

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма. 1.Мәтінде кездесетін салт-дәстүрлерді теріп жазу.

(Отыз күндік мереке, бата беру, ат қою)

2. Өлеңнен өздеріңе ұнаған сюжеттен үзінді жаттап, суретін салу.

Венн диаграммасы. Бұрынғы оқыған ертегінің кейіпкері Кендебай мен Толағайды салыстыру


Кендебай

ортақ

Толағай

1.Ай сайын емес, күн сайын, 6 күнде күліп, 60 күнде

6 жастағы бала болады.

2.Шыңыраудан атанды жалғыз өзі тартып шығады, көкжалды өлтіреді, айдаһарды, арыстанды жеңеді.

3.Таз, кедей балаға ата-анасын тауып әкеледі.



Батыр,

ел қорғаны,

жанашыр,

мейірімді,

қайырымды,

алып бала.

1.Толағай алып денелі, он баланы көтерсе қабырғасы қайыспайтын мықты болды.

2.Жолбарысты мысықтай көріп, ұршықтай иіреді, тауды жалғыз өзі көтереді.

3.Толағай еліне жаңбыр алып келіп, халқын аман алып қалады.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал