- Учителю
 - План-конспект на тему 'Тамақ құрамы, тамақтану тәртібі' (8 класс)
 
План-конспект на тему 'Тамақ құрамы, тамақтану тәртібі' (8 класс)
Сынып: 8. Қазақ тілі. Күні: 26.10.15ж.
 Сабақтың тақырыбы: Тамақ құрамы, тамақтану тәртібі
 Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тамақ құрамы мен маңызы, ақуыз, май, көмірсу, минералдар,
 дәрумендер туралы түсініктер беру. Дамытушылық: Тамақ құрамы балалардың ағзасын өсіруге, дамытуға әсері мен маңызы туралы білімдерін кеңейту, дамыту. Тәрбиелік: «Ас - адамның арқауы» екенін, адам тамақтану үшін тіршілік етпейтінін, тіршілік үшін тамақтануын түсіндіру, әдетті түсінікті қалыптастыру.
 Сабақтың түрі: дәстүрлі
 Сабақтың типі: аралас
 Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, топтық
 Көрнекілігі: интерактивті тақта, семантикалық кесте
 Сабақтың барысы:
 І. Ұйымдастыру:
 Сынып оқушыларының сабаққа қатысуы мен оқу құралдарының дұрыстығын тексеріп, оқушыларда төрт топқа бөліп отырғызу.
 ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
 Оқушылардың қызығушылығын арттыру:
 Қазақ халқы «Бірінші байлық - денсаулық»дейді. Олай болса «Денсаулық»сөзіне ассосация құру.
 - Деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайраты, білімді де, ақылды қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не керек деп ойлайсыңдар? (Оқушылардың өз ой - пікірлерін тыңдау)
 Табиғи күш ------------------- Білім ------------------- Белсенді еңбек
 ● Спорт
 ● Таза ауада болу
 ● Дұрыс тамақтану
 ● Тазалық
 ● Зиянды әдеттерден аулақ болу
 ІІІ. Жаңа сабақ:
 - Адам тіршілігі мезгіл - мезгіл ас ішіп оны қорытып, денесіне сіңіруіне байланысты. Халқымыз «Ас - адамның арқауы» - дейді. Ас адамның құрылыс материалы, энергия қоры. Адам денсаулығы дене қимылы, ой еңбегі және толып жатқан басқа іс - әрекеттер астың құрамына тікелей байланысты. Олай болса адам ағзасына қажетті азық - түліктер қайдан алынады?
 - Астық дәндер -------------- 
 - Бақша дақылдары --------- 
 - Жеміс - жидектер ------- 
 Дәрумендердің түрлері
 А, В1, В2, В3, В4, В6, В12, В13, В15, ВС, ВТ, С, Д, Е, Ғ, Н, К, Р, РР, N, V
 Дәрумендер мына тағамдарда кездеседі
 - Жеміс - жидектер ---- Сүт
 - Көкөністер ------------ Нан
 - Өсімдік ---------- Сары май
 - Балық --------------- Күріш
 - Бауыр ---------- Жұмыртқа
 - Ет
 Тамақтану ережесі
 - 1. Асықпай тамақтану
 - 2. Асты дұрыс шайнау
 - 3. Жегің келмесе жеме
 - 4. Тамақтану үшін жеу керек
 
 Тамақтану мезгілі
 - 1. Таңертеңгілік ас - 25%
 - 2. Түскі ас - 40%
 - 3. Сәскелік ас - 15%
 - 4. Кешкі ас - 20%
 Тамақтануда нені шектеу керек
 - Тағамдық тұзды
 - Қантты
 - Жануар майын
 IV. Жаңа сабақты бекіту:
 Семантикалық карта толтыру: Қандай тамақта күнделікті рационға қажетті қоректік заттар барын анықта.
 Тамақтың түрлері ------------ Су ------ Көмірсу ------- Ақуыз ------ Май ------ Дәрумен ------ Минералды
 Сүт және сүт тағамдары ------+------------+-------------------+------------+---------------+-----------------+
 Нан, жарма, ұн тағамдары
 Ет, балық, тауық, жұмыртқа
 Көкөністер мен жемістер
 Өсімдік және мал майы
 
 Тағамға байланысты валеологиялық диктант
 Түскі аста сұйық тағам... ішу қалыптасқан. Оның... 250 - 500 гр...
 Қапырық ыстықта асханалық... немесе аздап тұз... су, ең жақсысы газды... ішу керек.
 Ылғалды... өнімі - қияр.
 Күнбағыс өсімдігінен... алынады.
 ... адам қанының құрамын толықтырушы жеміс.
 
 Керекті сөздер: құрамында сорпа, су болады, май, көп көкөніс, салынған, су, анар, минералды су.
 Қорытындылау:
 Бағалау:
 Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу дәрумендердің түрлерін анықтау, күнделікті ішетін тағамда қоректі заттардың қаншалықты барын талдап дәптерге кесте құрастыру.