- Учителю
- Раработка урока по казахскому языку 'Мәтін, оның түрлері'
Раработка урока по казахскому языку 'Мәтін, оның түрлері'
Сабақтың тақырыбы: Мәтін, оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Мәтін және оның түрлері туралы түсінікті меңгерту
-
Дамытушылық: Сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту
-
Тәрбиелік: Әдеби тілдің нормаларына сәйкес мәдениетті сөйлеу, сауатты жазу
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: теориялық-практикалық
Әдіс-тәсіл: сөз, практикалық, логикалық
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, анатомия
Педагогикалық технология: дамыта оқыту
Ұйымдастыру формасы: сайыс, жұппен
Сабақтың барысы:
Жұмыс түрлері
жұмыс мазмұны
хроно-метраж
1. Үй тапсырмасын тексеру
1. Оқулықтағы 16-жаттығудан соң берілген тапсырмалар
2. «Жазғы демалыста» шағын әңгімесі
5 мин.
2. Қызығушылы-ғын ояту
1. Мәтін туралы не білеміз? Кім айтады?
Мәтіннің қандай түрлері бар?
2. Мазмұндары қандай болады?
5 мин.
Жаңа білімді меңгерту
Оқулықпен жұмыс
1. Мәтін туралы ережені оқып меңгереді.
2. 17-жаттығу жазбаша орындалады.
3. 18-жаттығу
4. М.Қашқари туралы мағлұмат берілген мәтін таратылып, мазмұны сұрақ-жауап арқылы меңгертіледі /ауызша/.
15 мин.
Жаңа білімді бекіту
1.Шағын жатжазу
Атақты Бәйдібек би жылқы танығыш бапкер, сыншы болыпты. Жылқышыларына айтқан аталы сөздері, нақылдары аз болмаған. Соның кейбіреулері мыналар:
Малды жақсы баққаның -
Өзіңе абырой тапқаның.
Малды жаман баққаның -
Келген бақты қаққаның.
*** Сиырда аунамақ жоқ, Жылқыда күйсемек жоқ.
Таста тамыр жоқ, Суда қаймақ жоқ.
2. Қатемен жұмыс /жұп арасында/
3. Жатжазу мәтіндерінің тақырыбы мен негізгі ойын анықта.
4. 20-жаттығу
13 мин.
Қорытындылау
1. Әр түрлі тақырыпта сан түрлі ой қозғайтын «101 мақал» сайысы өткізіледі
2. Дәптерлеріне білмейтін мақалдары жаздыртылады
5 мин
Бағалау
1 мин.
Үйге тапсырма
1. Кескіндеме жаз (досыңның портреті)
2. Мақалдарды жатта
1 мин.