7


  • Учителю
  • Қазақ тілі пәнінен 'Тасымал' тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Қазақ тілі пәнінен 'Тасымал' тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________

Сабақ жоспары № 5

Пәні: Қазақ тілі

Топ: ________ Мерзімі: ___________


Сабақтың лексикалық тақырыбы: Ел бірлігі.

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Тасымал


Эпиграф: Ырыс алды - ынтымақ.


Сабақтың мақсаттары:


а)Білімділік: оқушыларға ел бірлігі, ынтымақ жайында мақал-мәтелдерді мысалға келтіре отырып, «Ел бірлігі» мәтінінің мазмұнын ашу. Сөздерді дұрыс тасымалдауды меңгерту; еркін ойларын жеткізуге, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

б)Тәрбиелік: оқушыларды мәтін мазмұны арқылы ауызбіршілікке, ынтымақтыққа тәрбиелеу.


Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.

Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тірек сызба.

Оқыту құралдары: компьютер, тірек сызбалар.

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі «Правила переноса».


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.


ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру


Қазақ ханы Жәнібек туралы, оның ерлік істері мен өмірбаянын айта келіп, оқулықтағы «Ел бірлігі» мәтінін оқып, талдау жұмыстарын жүргізу. Бұл шығарманың авторы І.Есенберлин жайында да айтып, «Алмас қылыш» романынан алынған үзінді екенін айту. Мәтінді аудару.


Сабақтың грамматикалық тақырыбын түсіндіру:

Ереже.

Жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір буынды немесе көп буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейміз. Демек, сөздерді буын жігімен ғана тасымалдау керек.


Тасымалдауға болмайтын жағдай төмендегіше:


Сызба № 1

Тасымалдауға келмейтін буындар


1

Бір дыбысты сөздер тасымалданбайды.

Мысалы: ат, ай, күн, ет, қарт, пункт, вольт

2

Жеке әріпті сол жолға қалдыруға да, келесі жолға тасымалдауға да болмайды.

Мысалы: ара (а-ра емес, а-яқ емес)

3

Бас әріппен қысқарған сөздер: БҰҰ (БҰ-Ұ емес), КЛ (К-Л емес)

4

Кісі аттарының қысқарған әрпін фамилиядан бөлуге болмайды.

Мысалы: Ғ.Мүсірепов (Ғ-Мүсірепов емес), М.О.Әуезов (М.О.-Әуезов емес)

5

Цифрлармен таңбаланған сандар атауларынан бөліп тасымалданбайды.

Мысалы: 50 га (50-га емес), 10 см (10-см емес)


ІІІ. Сабақты бекіту.


Тапсырма:

  1. Мәтін бойынша сұрақ қойып, мәтіннің мазмұнын өз сөздеріңмен айтыңдар.

  2. Мәтінде кездесетін диалог сөздерге қойылған тыныс белгілерін түсіндіріңдер.


Тапсырма:

«Егер екі қолдың он саусағындай ел қос жұдырық боп түйілсе, қандай жауға болса да қауіпті күш» деген сөйлемнің мағынасын өз сөздеріңмен айтып түсіндіріңдер.


Тапсырма:

Берілген сөздерді дұрыс тасымалдаңдар және олармен сөйлем құраңдар:


Тобылғы, жігіттер, Жәнібек, сұлтан, ел, сындырды, тер, ақты, күш.


Тапсырма:

Берілген сөз тіркестерін «Ел бірлігі» мәтінінен тауып, аударыңдар:


Өтіп бара жатқанда -

Жуандығы қамшы сабындай -

Бір құшақ тобылғы -

Біраз күш жұмсап -

Тер ақты -

Әрең сындырды -

Сындыра алмады -

Сәл ойланып -

Тізелеріне салды -

Ел бірлігі деген осы -

Жау алады -

Жалғыз адамды -

Көп біріксе -

Жеңе алмайды -

Көп қорқытады -

Терең батырады -

Қос жұдырық -

Қауіпті күш -


ІҮ. Қорытындылау:

«Көп қорқытады, терең батырады» деген мақалдың мағынасын түсіндіре отырып, осы жайында оқушылардың пікірлерін тыңдау. Сабақты «Бірлік болмай, тірлік болмас» мақалымен қорытындылау.


V. Үй тапсырмасы:

13 бет, 8 жаттығу

Сөздердің синоним және антонимін тауып жазып, олардан сөз тіркестерін жасаңдар:


Синоним

Антоним

сындыру


Жіңішке


Күш


Аз


Қолдану


Тез


Зорға


Көп


біраз


қауіпсіз




ҮІ. Бағалау.

Сабақ барысында тапсырмаларды орындаған, белсенді қатысқан оқушыларға баға қою.






Оқытушы: С.Ботантаева




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал