7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку на тему'Салалас құрмалас сөйлем' (8-сынып)

Урок по казахскому языку на тему'Салалас құрмалас сөйлем' (8-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бұл сабақ "Модульдік оқыту технологиясы" бойынша 8-сыныптың "Салалас құрмалас сөйлем" тарауына құрылған бір модульдің қорытынды бөліміне арналған қорыту сабағы.Сабақ "Бақытты сәт" оқыта үйрету ойыны бойынша жоспарланған.Мақсаты:Оқушының тақырып бойынша алған білімдер
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлөм

«Бақытты сәт» оқыта үйрету ойыны.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың салалас құрмалас бойынша алған білімдерін пысықтау,тиянақтау.

Дамытушылық:оқыта үйрету ойыны арқылы оқуға қызығушылықты арттыру,білімді дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке,бірлікке,жылдамдыққа баулу.

Құрал-жабдығы:1.Шарлар салынған бөшке немесе

асықтар.

2.Сағат.

3.Ортақ бағалау парағы.

4.Гейм тақырыптары.

5.Фишкалар.

6.Үй тапсырмасы.

7.Конкурс тапсырмалары.

8.Жауап үлгілері.

Ойынның жүру барысы:Оқушылар, бүгін екі топқа бөлінеміз.Әр топ өз капитанын әрі бағалаушысын таңдасын.Ойын 5 гейм бойынша жүреді.

I Бой сергіту.

II Бөшкеден шыққан бас қатырғылар.

III Жұмбақтас.

IҮ Мен-саған,сен-маған.

Ү Көсемдікке ұмтылу.

I гейм.

Әр топқа 10 сұрақтан беріледі.Дайындалуға 5 мин беріледі.Келесі топ жауап үлгісі бойынша тексеріп отырады.I-гейм ұпайы айтылады.

«А» тобы.

Сұрақтар:

1.Құрмалас сөйлем деген не?

2.Ыңғайлас салалас деген не?

3.Қарсылықты салалас деген не?

4.Талғаулы салалас деген не?

5.Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер қандай жолмен байланысады.?

6.Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер қалай байланысады. ?

7.Ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар?

8.Қарсылық мәнді шылаулар?

9.Талғау мәнді шылаулар?

10.Тек жалғаулық шылаулар арқылы байланысатын салаластың түрін ата?

«Б» тобы.

Сұрақтар:

1.Салалас құрмалас деген не?

2.Себеп-салдар салалас?

3.Түсіндірмелі салалас?

4.Кезектес салалас?

5.Құрмалас сөйлемнің түрлері қандай?

6.Салалас пен сабақтасты бір - бірінен қалай ажыратамыз?

7.Себеп - салдар мәнді жалғаулық шылаулар?

8.Түсіндірмелі салалас қалай байланысады?

9.Кезектес мәнді шылаулар?

10.Себеп - салдар салаластың құрамында қандай сөйлемдер бар?

II-гейм.«Бөшкеден шыққан басқатырғылар»

Команда мүшелері бөшкеден нөмірлері бар шарлар алады.Әр нөмірде жұмбақ бар. Өз ішінде талқыланған соң команда капитандары жауап береді.Егер бір оқушыға «Бақытты сәт»деп жазылған шар түссе,ол оқушыға 5 қойылады.

1.Ұрмай-соқпай жылатады,әркім бірақ ұнатады.(пияз-қарсылас)

2.Өзі өтпейді,бірақ өтпесті өткізеді.(қайрақ,қарсылас)

3.Бесікке іледі,сондықтан әнін де,дәмін де сәбилер біледі.(сылдырмақ- себеп-салдар)

Геймді қорытындылаймы

III-гейм.

«Жұмбақтас».Бұл гейм шарты бойынша жылдам жауап берген команда ұтады.Тақтаға шығып талдау керек.

1.Мақалды аяқта,салаластың қай түрі пайда болды?Жастықты қайтара алмайсың,қарттықты тойтара алмайсың .

2.Мақалды аяқта,қандай салалас сөйлем болды?Ащыны татып көрмеген,Тәттінің дәмін білмейді.

3.Сөйлем құрастыру.Мен қорықпаймын,.......

4.Сөйлем құрастыру.Олар күзде және көктемде еш босамайды,......

5.Мына сөздерді әр жай сөйлемнің бастауышы етіп,салалас сөйлем құрастыр.Күн .........,қар......

6.Мына сөздерді жай сөйлемнің бастауышы етіп,салалас сөйлем құрастыр.Жаз.......,егін........

7.Жеті кереметтің бірі - Галикрнас мавзолейі.Салалас сөйлем кездесті ме? Осымен III геймді қорытындылайқ.Бағалау парағына қою,жетондар тарату.

IY гейм «Сен- маған,мен- саған»

Командалар бір-біріне дайындап келген 2тапсырмасын береді.(карточка түрінде).Дайындалуға 1 минут беріледі.Дайын команда жауап береді.

Бағалау парағына баға қойылып,жетон таратылады.

Y гейм. «Көсемдікке ұмтылу»

Әр топқа 12 сұрақтан қойылады.Жауап беруге барлық оқушылар қатысады.Көп жауап берген команда ұтады.Ең көп фишка алған оқушы бағаланады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал