- Учителю
- Конспект по социальной работе 'Ата- аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру жолдарын ұйымдастыру'
Конспект по социальной работе 'Ата- аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру жолдарын ұйымдастыру'
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «№ 4орта мектебі»мм
Әлеуметтік педагог Оразалина Алмагүл Ерғалиқызы
Шебер класс тақырыбы: Ата- аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру жолдарын ұйымдастыру
Мақсаты: Ойға түрткі болу арқылы адамгершілік қасиеттерді насихаттау Отбасы тәрбиесіндегі ата - ананың балаға деген тәрбиелік ықпалын арттыру.
Міндеті: 1. Отбасында ата-ананың баламен қарым - қатынасы және құқығы маңыздылығын нығайту Формасы: топтық, ұжымдық
Түрі: тренинг
БАРЫСЫ:
І. Сәлемдесу.Тренинг «Досыммен бірге» танысу жаттығуы
Қалаған адаммен жұптасып, есімдерін біріктіріп, есім ойлап тауып таныстыру. Мысалы Жамила, Ғалия-Жамал с.с
ІІ. «Бір ауыз сөз» тренингі
Құрбыңыздың бойындағы жақсы қасиеттер
Жағымсыз қасиеттер
Сұрақ:
-Сіздің бойыңыздағы жақсы қасиеттер айтылғанда қандай көңіл-күйде болдыңыз?
Ал жағымсыз қасиеттер айтылғанда қалай қабылдадыңыз?
Интерпритация: Бір ауыз сөз арқылы көңілге қаяу да түсіруге, қасіретті тыюға болады
ІІІ. Топқа бөлу (түсті гүлдер таңдау арқылы)
Топ ережелерімен таныстыру.
1. Бір - бірін сыйлау.
2. Уақыт үнемдеу
3. Топ үшін жанкүйер болу
4. Белсенділік
ІІІ. Тосын сый (қобдишадағы затты анықтау)
Мына қобдишаның ішінде не бар деп ойлайсыз? (ата -аналар жауабы тыңдалып болғаннан кейін қобдишаны ашу)
Бұл жолақтардың мағынасы тереңде, шебер класс соңында білетін боламыз
«Еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде отбасы тәрбиесін басты назарда ұстаған болатын.
«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді» деген екен А.С.Макаренко
Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.Отбасы - адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.
Көпшілік ата-аналардың құқықтық және педагогикалық мәдениеті төмен деңгейде. Мысалы, өмірдің әлеуметтік жағдайы қиын емес қарапайым отбасында кішкентай балалардың құқықтарын бұзу, олардың қадыр-қасиетін кемсіту - таралған құбылыс.
Көпшілік жағдайда ата-аналарда педагогикалық және әлеуметтік-құқықтық сауаттылығының болмауынан балаларда түрлі тұлғалық және мінез-құлықтық ауытқушылықтар туындайды. Бұл одан әрі жасөспірімдер агрессиясының дамуына, педагогикалық қараусыздық, тәрбиеге бағынбаушылық, бейтарап мінез-құлыққа әкеп соқтыратын сананың невротикалық бұзушылықтарға да байланысты.
Баланың құқығын ескермейтін ата-ана баланың бойында күштеп, зорлық қалпындағы сананы қалыптастырады. Осыны өз бойына сіңірген бала аталмыш құндылықтарды өзінің қарым-қатынас жасайтын құрбы-жолдастар, айналадағы ересектерге пайдаланады.
«Отан отбасынан басталады» демекші ата- аналар мен ұстаздар қауымы үшін, жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата- аналар мен ұстаздар қауымы болып, бірге ат салыссақ алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата- ана баласынан не күтеді, баласын қалай тәрбиелейді? Ата ананың бақыты неде? Баласы ата- анасын қалай бақытты етпек? Ата- ана құқығынан айырылу себебі неде? Міне бүгін осы тұрғыда сөз қозғап, ой бөлісетін боламыз
ІV.Сұрақтар слайдтар арқылы көрсетіледі, әр топ жауап беру арқылы қорғайды.
1. Ата-аналар балаларды тәрбилеу жөнінде құқықтары мен міндеттері
2. "Бала деген кім?" ( ата -аналар топтары постер қорғайды)
І топ
ІІ топ 1,2 жолақты жапсыру мүмкіндігі
-
Ата-ана құықтарынан айрылған ата-ана санының көбеюінің себебі неде ?
4.Әлеуметтік жетімдіктің себебі неде?
І топ
ІІ топ 3,4 жолақты жапсыру мүмкіндігі
5. Бейне ролик көрсетіледі
І топ
ІІ топ 5 ,6 жолақты жапсыру мүмкіндігі
Рефлексия:
Әріптестер қандай бейнені көріп тұрсыздар?
-Мәңгілік ел логотипі
-Дұрыс айтасыздар, біз жолақтарды жапсыру арқылы логотип бейнесін құрастырдық. Белгіге назар аударсаңыздар, әр жолақ бір -бірін нық ұстап, бірлігімізді паш етіп тұр. Барлығымыз дөңгелене тұрып қолымыздан ұстаймыз.Бүгін біздер бірлескен іс-әрекеттің нәтижесінде мақсатымызға жеттік.
Белгінің маңыздылығы - бірлікте, демек, қуаттылықта және сенімділікте. 2050 Стратегиясының жаңа логотипі - бірлік тоғысы. Ол қазақ ұғымындағы бірігу мен тұтастық белгісін білдіретін заттардың жарасымынан көрініс беретін үйлесім мен бірлесу идеясын көрсетеді.