- Учителю
 - 'Біржан -Сара' ашық сабақ, 7 'Б'
 
'Біржан -Сара' ашық сабақ, 7 'Б'
№ 30 мектеп-гимназия
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сабақтың тақырыбы: «Біржан-Сара» операсы
 
Өткізген: Бұлақбаева А.М.
 
 
 
Астана қаласы
2009 жыл
 
 
Сабақтың тақырыбы: «Біржан-Сара» операсы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушыларға опера жайлы түсінік
бере отырып,қазақтың асыл мұрасына айналған «Біржан-Сара»
операсымен таныстыру . Біржан мен Сара туралы түсінік беру;
ә) тәрбиелілігі: «Біржан-Сара» операсы арқылы оқушылардың
мәдени деңгейін ұлғайту,өнерсүйгіштікке,мәдениеттілікке
тәрбиелеу;
б) дамытушылығы: Оқушылардың ой-сезімін дамытып,сөздік
қорын байыту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: жеке,топпен,сыныппен
Сабақтың әдісі: түсіндіру,баяндау,бейнекөрініс,бейнесұрақ,сұрақ-жауап,
«бес жолды өлең» стратегиясы, «блиц-турнир» әдісі, «ой
қозғау» стратегиясы,қиықша әдісі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,сурет,аудио,сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі,тарих,қазақ әдебиеті
Пайдаланылған әдебиет: 7-сынып оқулығы,интернет жүйесі
 
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
-  
Оқушылармен амандасу
 -  
Оқушыларды түгелдеу
 
-Бүгін кім кезекші?
-Сыныпта кім жоқ?
-Жақсы
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
-Үйге не берілді?
-Кім айтады?
-Жазбаша қандай тапсырма берілді?
-Кім жазады?
-Жақсы,енді үй тапсырмасын бекіту мақсатында 2 топпен блиц-сұрақ ойынын ойнаймыз.Әр топ 30 секундта 10 сұраққа жауап беру
1-топтың сұрақтары:
-  
Күй дегеніміз не?
 -  
Күйде не туралы айтылады?
 -  
Құрманғазы деген кім?
 -  
Ол қай жылы,қай облыста дүниеге келген?
 -  
Дина Нұрпейісова қай жылы қайтыс болған?
 -  
Тәттімбеттің күйлерін ата
 -  
Тәттімбеттің әкесінің аты кім?
 -  
Дағдылы есімшенің жұрнақтарын ата
 -  
Есімше дегеніміз не?
 -  
«способность» сөзінің қазақша аудармасын ата
 
2-топтың сұрақтары:
-  
Күйді шығаратын кімдер?
 -  
Құрманғазының әкесінің атын ата
 -  
Құрманғазы қай жылы қайтыс болған?
 -  
Дина Нұрпейісова қай жылы дүниеге келген?
 -  
Динаның күйлерін ата
 -  
Тәттімбет қай жылы,қайда дүниеге келген?
 -  
Мақсат есімшенің жұрнақтарын ата
 -  
-ған,-ген,-қан,-кен қай есімшенің жұрнақтары?
 -  
Құрманғазының күйлерін ата
 -  
«вручить» сөзінің қазақша аудармасын ата
 
-Жақсы
 
ІІІ Жаңа сабақты өту кезеңі
-Бүгін нешесі?
-Аптаның қай күні?
«Ой қозғау» стратегиясы
-Балалар,қазақ халқы домбырамен күй тартқан және...
-Дұрыс айтасыңдар,ән айтқан
-Әннің қандай түрлерін білесіңдер?
- Ән-халық әні,эстрадалық ән,джаз,рок,рэп,классика-опера
-Дұрыс айтасыңдар,опера
-Опера қай жерде өтеді?
-Біздің қаламызда қандай тетр бар?
-Дұрыс айтасыңдар
-Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Біржан-Сара» операсы
-  
Мәтінді оқу
 -  
Мәтінді түсіндіру
 -  
Слайдпен жұмыс жасау «Біржан-Сара» операсынан көрініс,аудио Біржан мен Сараның айтысын тыңдату
 -  
Мәтін бойынша сұрақ қою
 -  
Сөздікпен жұмыс 5 минут
 -  
Диалогпен жұмыс жасау (дайындыққа 5 минут беру)
 -  
Тапсырмамен жұмыс жасау
 
 
Бейнесұрақ
1.Біржан-Сара операсының авторы кім?
2. «оқыған,білетін» сөзін септеу
3. «Біржан-Сара» операсында не туралы айтылған?
4. «айтпақ,келер» деген сөзді жіктеу
5. «Біржан-Сара» операсының тұңғыш премьерасы қай жылы,қай
қалада болып өтті?
ІҮ Жаңа сабақты бекіту кезеңі
-Менің қолымда «Біржан-Сара» операсына 2 билет бар. Осындағы сұрақтарға жауап беру керек
1-билеттің сұрағы:
Өнер туралы мақалдар айтыңдар
 
2-билеттің сұрағы:
Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін жатқа айтып беру
 
Ү Қорытынды
Үйге тапсырма беру кезеңі
-Үйге «Біржан-Сара» операсын мазмұндау,жаңа сөздерді жаттау.4-тапсырманы орындап келу
Бағалау кезеңі
Оқушыларды жинаған қиықшаларына қарап бағалау