- Учителю
- Озерный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің ашық сабақ жоспары: «Қос сөз» (5 - сынып)
Озерный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің ашық сабақ жоспары: «Қос сөз» (5 - сынып)
Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы
Озерный орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Г.К.Омарованың қазақ тілінен
өткізген ашық сабағы
Тақырыбы: «Қос сөз»
Мақсаты:
1. Қос сөз туралы түсініктерін толықтыру, қос сөздердің айтылуы, жазылуы,
олардың әрқайсысының айтылуындағы айырмашылықты аңғарту;
2. Тұлғалық ерекшелігін, жасалу жолындағы айырмашылықты таныту, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, каллиграфиясына көңіл бөлу;
3. Қос сөздерді орнымен қолданып, сөздерді әсерлі, суретті, көңіл күйін сезімін айтып жеткізуге, еңбекке, жан-жануарды қамқорлыққа алуға, ұлттық сананы дарытып, елінің намысы мен атақ-абыройын ту қылып ұстайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
- Қос сөз дегеніміз не?
- Екі сөздің қосарлануы арқылы жасалады. Арасына дефис қойылады.
Көркем жазу минуты: Мм, Лл.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бізге «Балдырған» қонаққа келді. Қоржынында не бар екен? Сұрақтар бар карточкалар.
- Алдымызда келе жатқан қай мереке? Қатыстырып сөйлем құра, құрамында қос сөз болсын.
Желтоқсан көтерілісіне топ-топ жастар шықты.
- Жылдың қай мезгілі?
Күшейткіш буыны бар қос сөзбен сөйлем құра.
Қыста шана ойнаған балалардың екі беті қып-қызыл.
Жылы-жылы қос сөзі бар сөйлем құра.
Жылы-жылы сөйлесең,жылан інінен шығады.
Балдырғанның келесі тапсырмасы:
244-жаттығуды орындау. (Тақтаға, дәптерге).
Сөйлемдерді қос сөздердің арасына дефис қойып көшіріп жаз.
1.Терлей-терлей арық қазсаң, күле-күле су ішерсің.
2. Асқар-асқар тауларда жалғыз арқар өмір сүріпті.
3. Жас қозылардың жып-жылы тұмсықтары Айгүлдің қолын иіскелейді.
245-жаттығу. (Өздік жұмыс). Өлеңді жатқа жаз.
Шудалары жібектейін
Желкілдеген желменен.
Әне топ-топ түйелер де
Келе жатыр белменен. (Ж.Саин)
246-жаттығу. (Талдай отырып жаздырту). Қос сөздердің астын сыз.
Қарамен жазылған сөздерді қос сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Оқушы қыздар құмыраға бөлме гүлдерін отырғызып жатыр. Қолдары топырақ.
ә) Оқушы қыздар құмыра-құмыра бөлме гүлдерін отырғызып жатыр. Қолдары топырақ-топырақ.
2. Қаладағыдай көп қабатты биік үйлер ауылда қайдан болсын.
ә) Қаладағы көп қабатты биік-биік үйлер ауылда қайдан болсын.
3.Түнгі бұрқасыннан кейін жылғаны қар көміп тастады.
ә) Түнгі бұрқасыннан кейін жылға-жылғаны қар көміп тастады.
4. Шаңғы жарысында озып келген Мақан ентігіп демалады.
ә) Шаңғы жарысында озып келген Мақан ентіге-ентіге демалады.
ІV. Сабақты қорыту.
1. Қос сөз дегеніміз не?
2. Олардың жасалу жолдары.
3. Сөз таптарын ата?
- Етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
- Заттың ісін, қимылын білдіретін сөздерді етістік дейміз.
Сұрақтары: Не істеді? Не қылды? Қайтті?
сссссс Етіс
Қыста күн ап-ашық болса да,жылытып жарытпайды.
(Күрделі етістік)
4. Қатысушылар сөзін сөз құрамына талдау.
5. Сөйлем мүшелерін ата.
Бастауыш дегеніміз не?
Баяндауыш дегеніміз не?
V. Білімдерін бағалау.
VІ. Сабақты әнұранды орындаумен аяқтау.