- Учителю
- Урок на тему: Ілініс
Урок на тему: Ілініс
«Ақкөл қаласы Ақкөл ауданы
№10 Агротехникалық колледжі» КММ
«Трактор және автомобильдер құрылысы» пәні бойынша
ашық сабақ
Сабақ тақырыбы: «Ілініс»
Дайындаған: Арнайы пәндер оқытушысы
Кулушов Сералы Шорманұлы
Ақкөл қ.-2015
«Трактор және автомобильдер құрылысы» пәні бойынша ашық сабақ жоспары, 2-курс
Сабақ тақырыбы: «Ілініс»
Сабақ түрі: аралас
Сабақ мақсаттары:
-Білімділік: өткен сабақты қайталау,а/ш қолданылатын трактор,автомобиль ілініс жалғағышының құрылысымен,жұмыс істеу принциптерімен,ақауларымен, реттелуімен танысу;
-Дамытушылық : логикалық ойлануды,шығармашылық белсенділікті,өз ойын сауатты жеткізе білуді,өздігінен жұмыс істеуді,оқулықпен жұмыс істей білуді дамыту.
-Тәрбиелік: командада істей білуді,жауапкершілікті тәрбиелеу, мамандыққа қызығушылық тудыру;
Құрал-жабдықтар,көрнекті құралдар:
-командаларға берілетін карточка-тапсырмалар, презентация, ілініс жалғағышының макеті, ілініс жалғағышының негізгі бөліктері, МТЗ-80 тракторы және ЗИЛ-130 автомобилі іліністерінің плакаттары, оқушылардың дәптерлері, тақта, оқулықтар: Родичев В.А. «Тракторы и автомобили» .Алиев Б. Тракторшының анықтамалығы,Астана,Фолиант, 2007. Жүнісбеков П., Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет. Астана,Фолиант,2010.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
-оқушылар санын тексеру;
-топты 2 командаға бөлу
-сабақтың тақырыбын,мақсатын айтып шығу..
II.Сабаққа дейін қойдыру
Біз бұған дейін іске қосу қозғалтқышын оқып өткен болатынбыз.Бүгінгі сабақты сайыс түрінде өткіземіз,сондықтан сендерге тапқырлық,тез ойлау қабілеті керек болады.
Сабақ жоспары
-
Іліністің мақсаты,жіктелуі,негізгі құрамы
-
Трактор,автомобиль ілініс жалғағышының құрылысы
-
Реттеулер
-
Іліністің ақаулары
III. Өткен тақырып бойынша білім тексеру
Енді өткен сабақты еске түсіреміз. Өткен тақырыптар бойынша әр команда мүшесі бір сұрақ таңдап алып,жауап береді (дұрыс жауап 1ұпайға бағаланады).Егер жауап беруші айта алмаса, ол үшін команданың басқа мүшесі,одан кейін қарсы команда жауап беруге болады.
1.Екі ырғақты қозғалтқыштың жұмыс циклі иінбіліктің келесі айналым санында жасалады
А) 2 В) 1,5 С) 2,5 Д) 0,5 Е) 1
2. П-10УД іске қосатын қозғалтқышының қосу тетігі тұтатқыш шырағының орталық ж/е жанындағы үзгіштер арасында ... мм саңылау болады
А) 2-3 В) 0,1-0,3 С) 1,2-1,5 Д) 1,5-2 Е) 0,4-0,5
3.П-10УД іске қосатын қозғалтқышының поршенінде ... сақиналар орнатылады
А) 2 компрессиялық, май алатын жоқ
В) 1 компрессиялық, 2 май алатын
С) 2 компрессиялық, 1 май алатын
Д) 1 компрессиялық, 1 май алатын
Е) компрессиялық жоқ, 2 май алатын
4.Редукторды ажырату автоматы ... есебінен жұмыс істейді
А) орталықтан тебетін күш
В) ортаға тартушы күш
С) үйкеліс күші
Д) инерция күші
Е) реактивті күш
5.П-10УД іске қосатын қозғалтқыш
А) қысқа мерзімде жұмыс істегендіктен салқындатылмайды
В) ауаның қарама қарсы ағымымен
С) сулы салқындатудың өз жүйесі бар
Д) суыту жүйесі қозғалтқышпен ортақ
Е) желдеткішпен салқындатылады
6.П-10УД іске қосатын қозғалтқышында енгізу ж/е шығару қақпағының жалпы саны
А) 4 В) 2 С) 3 Д) 1 Е) 0
7. Іске қосу қозғалтқышы редукторының озу жалғағышы ... үшін қызмет етеді
А) беріліс санының азаюы
В) негізгі қозғалтқыштан іске қосу қозғалтқышына айналыстың берілуін болдырмау үшін
С) редуктор білігінің айналуы
Д) беріліс санының артуы
Е) іске қосу қозғалтқышынан негізгіге айналым берілуі
8. Іске қосу қозғалтқышын ... төмен емес температура кезінде пайдалану ұсынылады,градус
А) 3 В) -5 С) 2 Д) 0 Е) 1
9. П-10УД іске қосатын қозғалтқышының тұтандыруын орнатқан кезде поршен ... ЖТН жетпестен орнатылады
А) 5,2мм В) 5,6мм С) 5,4мм Д) 5,0мм Е) 5,8мм
10. Іске қосу қозғалтқышы редукторының ілініс жалғастырғышы
А) үш тегершікті, үнемі тұйықталмайтын, тегершіктер майланады
В) көп дискілі, үнемі тұйықталмайтын, тегершіктер майланады
С) үш тегершікті, үнемі тұйықталған, тегершіктер майланады
Д) екі тегершікті, үнемі тұйықталған, тегершіктер майланады
Е) екі тегершікті, үнемі тұйықталмаған, тегершіктер майланбайды
Дұрыс жауаптар-1) Е; 2) Е; 3) А; 4) А; 5) Д; 6) Е; 7) В; 8) В; 9) Е; 10) А
IV .Жаңа тақырып түсіндіру: «Ілініс» (негізгі ұғымдарды дәптерге жазып алу)
Ілініс қозғалтқыш пен трансмиссияны уақытша ажыратуға ж/е жайлап қосуға арналған, яғни ол келесі қызметтер атқарады:
-айналу моментін қозғалтқыштан трансмиссияға береді;
-берілістер ауыстырғанда қозғалтқыш пен трансмиссияны уақытша ажыратады;
-машина орнынан қозғалғанда қозғалтқыш пен трансмиссияны жайлап қосады;
- қозғалтқыш пен трансмиссияны шектен тыс жүктемеден қорғайды.
Ілініс жалғағышының келесі түрлері болады:
-үйкеліс күші есебінен күшпен тұйықталатын- механикалық фрикциялы;
-екпін күшімен - гидравликалық;
-электромагнит өрісімен - электрлі;
-магниттік тартылумен - электромагнитті.
Трактор,автомобильде негізінен үйкеліс күші арқылы күшпен тұйықталатын механикалық фрикциялы тегершікті ілініс жалғағышы қолданылады. Механикалық фрикциялы ілініс жалғағышын келесі белгілері бойынша жіктейді.
Ілініс мақсаты бойынша бас ілініс ж/е қосымша болып бөлінеді.Бас ілініс айналу моментін трансмиссия арқылы жетекші доңғалақтарға береді,ол қозғалтқыш пен беріліс қорабы (БҚ) арасына қойылады.Қосымша (арнайы) іліністер айналу моментін ұлғайтқышта,қуат алу механизмінде,БҚ-да орнатылады.
Жетектегі тегершік саны бойынша ілініс бір, екі, көп тегершікті болады.МТЗ-80,ЗИЛ-130 ілінісі - бір тегершікті,ДТ-75М,Т-150,КамАЗ іліністері-екі тегершікті.
Үйкеліс түрі бойынша -құрғақ ж/е дымқыл болады.Іске қосу қозғалтқышының ілінісі-3 тегершікті,майланатын; МТЗ-80,ЗИЛ-130,ДТ-75М,Т-150,КамАЗ іліністері-майланбайтын.
Басқыш құрал түрі бойынша-үнемі тұйықталған (басқыш механизм серіппелі), үнемі тұйықталмаған (басқыш мехаизм рычаг типті) болады.
Басқару принципі бойынша - күшейткішсіз ж/е күшейткішті болады.Күшейткіш рычагты-серіппелі,гидравликалық немесе пневматикалық болуы мүмкін.
Трансмиссияға айналу моментін беру бойынша - бір ж/е екі ағымды болады. 2 ағымды ілініс айналу моментін БҚ-на ж/е қуат алу механизміне береді.
Ілініс жалғағышы негізгі 3 бөліктен тұрады: жетекші,жетектегі ж/е ажырату механизмі. Жетекші бөлік-қозғалтқыш сермері,тірек тегершігі ж/е басқыш тегершік.Жетектегі бөлік-қаптамалы тегершік пен БҚ білігі.Қаптамалы тегершік құрамына жетектегі тегершік, фрикциялық қаптама,оймакілтекті күпшек ж/е бұраушы тербелісті сөндіргіш кіреді.Тегершік пен білік бір бірімен оймакілтекті күпшек арқылы қосылған.Ажырату механизміне басқыш,тартқыш ж/е аша жатады.
Ілініс жалғастырғышының жұмыс принципі.
Жетектегі тегершік басқыш серіппелер көмегімен сермер мен басқыш тегершік арасында ұдайы бастырылып тұрады (макет арқылы көрсету). Бұл үшеуі үйкеліс күшімен біртұтас болып айналып,қозғалтқыштың иінді білігінен айналу моментін әрі қарай БҚ-на береді.Ілініс жалғағышын ажырату үшін басқышты басқанда басқыш тегершік серіппелерді қысып,оңға қарай жылжиды да жетектегі тегершікті босатады.Ол сермерден ажырап,айналуын тоқтатады,сонда БҚ-на айналыс берілмейді (тақтаға ілініс сұлбасын сызу).
Трактор,автомобиль ілініс жалғағышының құрылысы
Трактор,автомобильде негізінен үйкеліс күші арқылы күшпен тұйықталатын механикалық фрикциялы тегершікті ілініс жалғағышы қолданылады.
МТЗ-80 тракторының бір тегершікті құрғақ ілінісінің жетекші бөлігіне қозғалтқыш сермері (23) (плакат «Сцепление МТЗ-80») пен басқыш тегершік (36),ал жетектегі бөлікке жетектегі тегершік (33) пен БҚ-ның бірінші білігі (54) кіреді.Басқыш тегершік (36) үш құлағымен тірек тегершігі (24) ойықтарына кіреді.Бұл тегершік сермерге болттармен бекітілген.Басқыш тегершік құлақтарына осьтермен қайтарғыш рычагтар (31) бекітіледі.Басқыш ж/е тірек тегершіктері арасында стақандарда он екі басқыш серіппе (26) орналасқан,олар басқыш тегершік арқылы жетектегі тегершікті сермерге қысып тұрады.
Жетектегі тегершік (33) құрамына оймакілтекті күпшек (27),тойтармамен бекітілген екі фрикциялы қаптама ж/е иінді біліктің бұраушы тербелісін сөндіргіш кіреді.Күпшектің ішкі бетінде оймакілтекті тістер бар,сол тістер арқылы жетектегі тегершік БҚ бірінші білігінің (54) басына кигізіледі де онымен бірге айналады.Жетектегі тегершікке айналыс иінді біліктен сермер мен басқыш тегершік арасындағы үйкеліс күші арқылы беріледі.Басқышты (55) аяқпен басқанда ілініс ажыратылады.
БҚ білігін тез тоқтату үшін іліністе тежеуіш бар,ол берілістерді ауыстырғанда тісті доңғалақтардың тістерінің тозуын азайтады.Тежеуіштің фрикциялы жетекші тегершігі (7) білікте кілтекпен берік бекітілген.Тежеуіштің сырғымалы тегершігі (8) қозғалмайтын кронштейн (46) оймакілтегінде орналасқан.Тежеуіштің басқарылуы ілініс басқаруымен бірге істелген.Ілініс басқышын (55) басқанда тартқыштар (58) ж/е (60) арқылы ілініс ашасы (20) мен тежеуіш ашасы (48) ілініс қайтармасы (40) пен сырғымалы тегершікті (8) ілгері жылжытады.Тежеуіш тегершіктері бір біріне қосылып, БҚ білігі тежеледі,ал рычагтар (31) арқылы басқыш тегершік кейін шегініп,ілініс ажыратылады.
Тірек тегершігі (24) күпшегінің оймакілтегінде қуат алу білігі (ҚАБ) тәуелсіз жетегінің түтікті жетекші білігі (45) орналасқан.Білікте екі шестерня біртұтас істелген,соның арқасында МТЗ тракторында ҚАБ екі жылдамдығын алуға болады: 540 айн/мин ж/е 1000 айн/мин.
Автомобиль ілінісінің құрылысы трактордыкіне ұқсас.Ілініс аша (37) (плакат «Сцепление ЗИЛ-130») көмегімен ажыратылады,аша сығымдағыш мойынтіректі (33) жылжытады.Жүргізуші ілініс басқышын жібергенде сығымдағыш мойынтіректі қайтарма серіппе (34) кейін тартып алады. Автомобильде тежеуіш пен ҚАБ жетегі болмайды.
Ілініс мөлшері жетектегі тегершіктің сыртқы диаметрімен анықталады.Ол диаметр қозғалтқыштың мах. айналу моменті бойынша белгіленеді.МТЗ-80 тракторы ілінісінде жалғағыш басқышының номиналды еркін жүрісі ілініс қосқанда 40...45мм.Басқыштың толық жүрісі ілініс ажыратқанда 175мм. Дұрыс реттелген іліністе тірек тегершігі күпшегінің шетінен қайтарғыш рычагтарының ішкі ұшының мойынтірекке тиетін беттеріне дейінгі қашықтық 12+/-0,5мм.Бір ілініс жалғағышының рычагтары үшін бұл өлшем 0,3мм артық ауытқымау керек.
Реттеулер
Іліністі басқару басқышының еркін жүрісі 40...45мм тартқыштың (60) ұзындығын өзгертумен қойылады.Басқыштан аяқты алғанда ол еденге тірелгенше орнына қайту керек,олай болмаса тірек болты (6) көмегімен (63) серіппені қысады. Тежеуіш жұмысы тартқыш (58) көмегімен реттеледі.Ол үшін тартқышты (57) рычагтан босатып,рычагты сағат тіліне қарсы айналдырып, (58) тартқышты ұзартып,рычагты қосады.Сосын тартқышты рычагтан қайта ағытып, 7мм қысқартады да ашаны контргайкамен бекітіп,рычагты қосады.Қайтарғыш рычагтарды (38) реттеу винттерімен қояды.Ол үшін контргайканы босатып,винтті бұрау арқылы рычаг ұшы мен мойынтірек арасындағы саңылауды 3мм қояды да контргайканы бекітіп тастайды.
Тракторлардың ілініс жалғағыштарының көрсеткіштері мен реттеулері
1-кестеТолық жүріс, мм
ажыратқыш қондырғынікі
басқыштыкі
-
150
-
160
12+/-0,5
175
21-22
150-160
15+/-1
-
-
-
V .Тақырыпты бекіту
1-Конкурс «Сұрақ-жауап»
Командалар кезекпен оқытушы қойған келесі сұрақтарға жауап береді,дұрыс жауап-1ұпай.
1. Ілініс жалғағышының келесі түрлері болады
А) үйкеліс күші есебінен күшпен тұйықталатын (механикалық фрикциялы)
В) магниттік тартылумен (электромагнитті)
С) екпін күшімен (гидравликалық)
Д) электромагнит өрісімен (электрлі)
Е) барлық жауап дұрыс
2. Ілініс жалғағышының арналуы
А) айналу моментін қозғалтқыштан трансмиссияға беру
В) берілістер ауыстырғанда қозғалтқыш пен трансмиссияны уақытша ажырату
С) техника орнынан қозғалғанда қозғалтқыш пен трансмиссияны жайлап қосу
Д) қозғалтқыш пен трансмиссияны шектен тыс жүктемеден қорғау
Е) барлық жауап дұрыс
3.МТЗ-80 тракторы ілініс жалғағышы басқышының толық жүрісі (ілініс ажыратқанда)
А) 40-45 В) 4,0-4,5 С) 12+/0,5 Д) 175 Е) 12
4.ДТ-75 тракторы ілінісінің жалғағышы жүргізеді
А) үйкеліс бастырмасы ескірген
В) қысқыш серіппелер босаған
С) ілініспе тегершіктері майланған
Д) ілініспе басқышының үлкен еркін жүрісі
Е) ілініспе басқышының кіші еркін жүрісі
5.МТЗ-80 тракторы ілініспесінің жалғағыш басқышының номиналды еркін жүрісі, мм
А) 60-70 В) 20-25 С) 40-45 Д) 10-15 Е) 50-55
6.Қуаттылықты іріктейтін білік жетегінің ілінісімен негізгі іліністі ... үйлестіреді
А) үйкелісті
В) бір тегершікті
С) екі тегершікті
Д) екі ағымды
Е) бір ағымды
7.Серіппелер іліністі қосқан кезде екпінді жүктемелерді жұмсартады
А) толастатқыш
В) қыспақты
С) ығыстырғыш
Д) жұмыс
Е) аралық
8.МТЗ-80 тракторының сығатын рычагі мен мойынтірегі арасындағы саңылау... құрайды
А) 1,5 В) 6 С) 5 Д) 1 Е) 3
9.Жетектегі тегершік айналысты білікке береді
А) қосу
В) жетекші
С) аралық
Д) жетектегі
Е) ілініс
10.Ілініс жалғағышының тайғанақтау себептері
А) тегершікті тегіс емес қысу
В) ығыстыру рычагтары мен қайтарма мойынтіректері арасындағы саңылау үлкейген
С) басқыштың үлкен еркін жүрісі
Д) үйкеліс бастырмасын майлау
Е) тегершіктер шалысталды
Дұрыс жауаптар - 1) Е; 2) Е; 3) Д; 4) Д); 5) С; 6) Е; 7) А; 8) Е; 9) Е; 10) Д
VI. Өздік жұмыс орындау.
Сабақтың негізгі бөлігіне
Карточка -тапсырма:
Орындау уақыты 5-6 минут
Баға: «5» -10 - 12 позиция;
«4» - 8 - 10 позиция;
«3» - 6 - 8 позиция.
Әр команда бір карточкадан толтырады да команда капитандары тақтаға шығып, жауаптарын баяндайды.
VII. Жаңа тақырыпты жалғастыру
Іліністің ақаулары
Механикалық фрикциялы іліністе келесі ақаулар болуы мүмкін: толық іске қосылмау ( ілініс тайғанақтайды) толық ажырамау ( ілініс сүйрейді) және іліністің қызуы.
2-кесте
(толық қосылмайды)
Басқыштың бос жүрісі жоқ
Жетектегі тегершіктердің фрикциялық қаптамалары майланған
Басқыш серіппелер сынған немесе отырған
Жетектегі тегершіктің фрикциялық қаптамасы тозған
Бос жүрісті реттеу
Бензинмен жуу
Серіппені ауыстыру
Қаптама ауыстыру
Ілініс«сүйрейді» (толық ажырамайды)
Ілініс басқышының үлкен бос жүрісі
Ортаңғы жетекші тегершіктің бос жүрісі аз
Жетектегі тегершік майысқан (кедір-бұдыр)
Басқыш рычагтың бірі сынған
Тежеуіш толық қосылмайды
Бос жүрісті реттеу
Бос жүрісті реттеу
Тегершікті түзеу немесе ауыстыру
Ауыстыру
Реттеу
Ажыратқанда ілініс қызады
Тежеуіш ерте қосылады
Жетектегі тегершік майысқан (кедір-бұдыр)
Тежеуішті реттеу Тегершікті түзеу немесе ауыстыру
VII1. Тақырыпты бекіту
Тақырыпты бекітуге
Карточка -тапсырма:
Т.А.Ә. _________________ Топ. ______ Күні __________
Салыстырма - тест: Іліністің ақаулары
Екінші бағанадағы себеп нөмірін «Ақау» торына қою
Орындау уақыты 5-6 минут
6. Ілініс басқышының бос жүрісі жоқ
7. Жетектегі тегершік майысқан, кедір-бұдыр
8. Ілініс тежеуіші толық қосылмайды
Баға: «5» - 8 позиция;
«4» - 6-7 позиция;
«3» - 4-5 позиция.
Әр топ тақтадағы 2-кестеге қарап отырып бұл карточканы толтырады, сосын жауапты дұрыс үлгімен салыстырамыз.
IX. Конспект жасау
Қазір дәптерлеріңе жазған материал бойынша мына тірек конспектісін әр команда А1 форматты ватманға жазып, команда капитандары тақтаға шығып көрсетіп, оқытушы жасаған нұсқамен салыстырамыз.
арналуы
X. Рефлексия
Енді «Бағдаршам» әдісі бойынша рефлексия жасап, үш түсті стикерлерді пайдаланамыз: қызыл, сары,жасыл.
«Қызыл»-маған тақырып бойынша бәрі түсінікті емес,ұнамады,
«Сары»- маған тақырып бойынша бәрі түсінікті емес,бірақ ұнады,
«Жасыл»-маған бәрі де түсінікті,бәрі де ұнады (стикерлермен оқушылар белгі береді).
X1. Сабақ қорытындысы
Сарапшыларға сөз беру.Конкурс нәтижесі бойынша командаларға баға қою.
Үйге тапсырма:бүгінгі сабақ бойынша 2 кестені, тірек конспектісін дәптерге жазып алу,қайталап келу.
Дүрыс жауаптар үлгісі
Сабақтың негізгі бөлігіне
Карточка -тапсырма:
Т.А.Ә. _________________ Топ. ______ Күні__________
Орындау уақыты - 5-6 мин.
Баға: «5»-10 - 12 позиция;
«4» - 8 - 10 позиция;
«3» - 6 - 8 позиция.
Тақырыпты бекітуге
Карточка -тапсырма:
Т.А.Ә. _________________ Топ. ______ Күні __________
Салыстырма - тест: Іліністің ақаулары
Екінші бағанадағы себеп нөмірін ақау торына қою
Орындау уақыты - 5-6 мин.
-
Ілініс тайғанақтайды (толық қосылмайды)
1, 3, 6
3. Басқыш серіппелер сынған
4. Басқыш рычагтың бірі сынған
5. Тежеуіш ерте қосылған
Ажыратқанда ілініс қызады
5, 7
6. Ілініс басқышының бос жүрісі жоқ
7. Жетектегі тегершік майысқан, кедір-бұдыр
8. Ілініс тежеуіші толық қосылмайды
Баға: «5» - 8 позиция;
«4» - 6-7 позиция;
«3» - 4-5 позиция.
арналуы