7


  • Учителю
  • Урок по казахского языка на тему 'Өздік, жалпылау есімдігі' (6 класс)

Урок по казахского языка на тему 'Өздік, жалпылау есімдігі' (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ПӘН: қазақ тілі СЫНЫП: 6

ӨТІЛЕТІН КҮНІ:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Өздік, жалпылау есімдігі.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

1. БІЛІМДІЛІК: өздік, жалпылау жайында түсінік беру.

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: оқушылардың көру, есту, ойлау, есте сақтау қабілеттерінің жетілуіне ықпал ету.

3. ТӘРБИЕЛІК: сыйластыққа, жолдастыққы бейімдеу.

САБАҚ ТҮРІ: жаңа сабақ.

ӘДІС -ТӘСІЛДЕРІ: түсіндіру жолымен ой қозғау, талдау.

КӨРНЕКІЛІГІ: оқулық, грамматикалық кестелер.

САБАҚ БАРЫСЫ:

САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ:

ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ:


I . ҰЙЫМДАСТЫРУ

КЕЗЕҢІ:


II. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН

СҰРАУ:

III. ЖАҢА САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН, МАҚСАТЫН ХАБАРЛАУ :


ІV. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА БЕРУ:


VІ. ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ:

  1. Оқушылармен амандасу:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Отырыңдар.

  1. Кезекшімен мәліметі.

  2. Психологиялық ахуал

Үйге: : 95 бет, 197 -жаттығу. жаттығуларды орындау. Ереже қайталау.

  1. Кім? деген сұрау есімдігін тәуелдеу, жіктеу, септеу.

  2. Тақтадағы мақал - мәтелдер мен нақыл сөздерді оқиық:

  • Өзің жәбір көрсең де, кісіге қиянат жасама.

  • Өзім деген жігіттен сақ болғайсың.

  • Балам абзал олсын десең, өзің адал бол.

  • Жігіт өз үйінде сыйлы болмай, елге қадірлі болмайды.

  • Кісі елінде күркірегенше,

Өз еліңде дүркіре.

  • Өз үйім - өлең төсегім.

  • Отанға опасыздық еткенің -

Өз түбіңе жеткенін.

  • Осы нақыл сөздерді оқығанда қандай ерекшелікті байқадыңдар?

  • Дұрыс, өз деген сөз бірнеше рет қайталанып тұр.

  • Осы өз сөзі қай есімдікке жатады?

  • Дұрыс. Өз сөзі атында айтылып тұрғандай өздік есімдігіне жатады.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Өздік және жалпылау есімдіктері.

Сабақтың мақсаты: өздік және жалпылау есімдіктерімен танысу.

Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:

Өздік есімдігіне бір ғана өз сөзі жатады. Өз есімдігі түбір күйінде ешқашан қолданылмайды. Бұл есімдік текжекеше, көпше түрде тәуелденіп, содан соң септеліп, жіктеліп барып қолданылады. Мысалы: өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздерің, өздері, өзіммін, өзіңсің.

Өздік есімдігінің септелу үлгісі

Септік

өзім

өзің

өзіңіз

өзі

Атау

өзім

өзің

өзіңіз

өзі

Ілік

өзімнің

өзіңнің

өзіңіздің

өзінің

Барыс

өзіме

өзіңе

өзіңізге

өзіне

Табыс

өзімді

өзіңді

өзіңізді

өзін

Жатыс

өзімде

өзіңде

өзіңізде

өзінде

Шығы

өзімнен

өзіңнен

өзіңізден

өзінен

Көмектес

өзіммен

өзіңмен

өзіңізбен

өзімен

Өз есімдігі зат есімдерге анықтауыш болып тіркесе береді, бірақ оның қосымшалары көбінесе түсіріліп айтылады.

Жекеше:

Көпше:

І ж. Өз кітабым

ІІж. Өз кітабың

С.т өз кітабыңыз

ІІІж. Өз кітабы

Іж. Өз кітаптарымыз

ІІж. Өз кітаптарың

С.т Өз кітаптарыңыз

ІІІжд. Өз кітаптары


Өз есімдігімен жіктеу есімдіктері тіркесіп те қолданылады.

Жекеше:

Көпше:

І ж. Мен өзім

ІІж. Сен өзің

(с.т) Сіз өзіңіз

ІІІж. Ол өзі

Іж. Біз өзіміз

ІІж. Сендер өздерің

С.т Сіздер өздеріңіз

ІІІжд. Олар өздері

Сергіту сәті:

Жалпылау есімдігі

Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар, мүллі. бүіл, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады.

Жалпылау есімдіктері жинақтау, жалпылау мағыналарын білдіреді.

Мысалы: Сен бүкіл ауданның даңқын бір көтердің.

Жалпылау есімдіктері сөйлемде, әдетте анықтауыш болып қызмет атқарады.

Мысалы: Бар жұрттың көңілі көтеріңкі.

Кейбір жалпылау есімдіктеріне сөйлем ішінде ара -тұра көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанады, бірақ олар жіктелмейді.

Мысалы:Мен саған, Кәкітайға да, баршаңа да ағам үшін алысыңдар деймін. Бұл жиналысқа бәріңіз келіңіздер.


Жазба жұмысы:

Күллі, барлық, түгел есімдіктерін қатыстырып, сөйлем құраңдар.


200-жаттығу. Оқып шығып, жалпылау есімдігін табыңдар.


Бекіту жауап: -Біз бүгін сабақта нені білдік?

  • Өздік есімдігі жайында не айтасыңдар?

  • Жалпылау есімдіктері нені білдіреді?

Үйге: 95 бет, 197 -жаттығу. жаттығуларды орындау. Ереже қайталау.

Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал