- Учителю
- Тұрақты тіркестің ойды әсерлі берудегі мәні (поурочное)
Тұрақты тіркестің ойды әсерлі берудегі мәні (поурочное)
«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
</
Ашық сабақ тақырыбы:
Тұрақты тіркестің ойды әсерлі берудегі мәні.
5 сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Жарылқасымова Бақытгүл
Қазақ тілі
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім:
Сабақтың атауы
Тұрақты тіркестің ойды әсерлі берудегі мәні.
Сілтеме
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
Жалпымақсаттар
Сабақтың мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып
еркін тіркес пен тұрақты тіркес айырмашылығын ажырата білу.
Оқыту нәтижесі: Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалану нәтижесінде
оқушылар жай тіркес пен тұрақты сөз тіркесін практикалық жолмен
ажырата білу.
Негізгі идея: Балалар бірлесе отырып ереже шығарады. Тұрақты тіркес
ерекшеліктерін айқындайды.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы
- Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Үй тапсырмасын сұрау
Тест тапсырмалары
Мағынаны тану
Екі не одан көп сөздің тіркесінен құралып, біртұтас ұғымды
беретін, сөйтіп бір сөздің орнына жұмсалатын ауыспалы мағынадағы
тіркесті тұрақты тіркес деп атаймыз. Мысалы: аузын ашпау - үндемеу,
көзді ашып - жұмғанша - лезде.
Жаңа тақырыпты игеру кезеңдері:
«Баламасын табыңдар»
«Алғырлар»тобына ------------------- «Білгірлер» тобына
1. Ат ізін салмау -------------------------1. Инедей қадалу
2. қол ұшын беру -----------------------2. мұзға отырғызу
3. тіс жармау -----------------------------3. ит тұмсығы
өтпейтін
4. мойны жар бермеу -----------------4. жерге кіріп кете жаздау
5. төрт көзі түгел ------------------------5. аузын қу шөппен
сүрту
6. бетінен қақпау -----------------------6. қабырғаңмен кеңес
«Суреттер сөйлейді»
Оқушыларға слайдпен ауыз, мұрын, мұз, жүрек, пышақ, ит, қоян,
шаштың суреттері көрсетіледі. Сол суретке қарап тұрақты тіркес
құрайды және сол сөзді үш тілге аударады.
Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
«Әзіл аралас сұрақтар»
Екі топқа мағынасы қисық сұрақтар қойылады. Оқушылар оған тұрақты
тіркеспен жауап береді.
1. Адамның төбесі аспанға жете ме?
2. Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма?
3. Екі аяқ бір етікке сия ма?
4. Адамның қай жерінде нан піседі?
5. Көз сатыла ма? Ол не деген сөз?
6. Адамның аяғы, қолы түрлі - түсте бола ма?
7. Мәселенің қабырғасы бола ма?
8. Жұмыстың аяғы бола ма?
9. Қар жана ма?
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бағалау парақшаларын тарату
Парақшаларды толтырады
Кері байланыс