- Учителю
- Разработка по казахскому языку на тему 'Азық-түлік дүкенінде. Зат есімнің септелуі'
Разработка по казахскому языку на тему 'Азық-түлік дүкенінде. Зат есімнің септелуі'
Күні:
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Азық-түлік дүкенінде
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгеру, білімдерін тиянақтау, бағалау.
2.Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдасын жетілдіру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту; ауызша сөйлеу мен ойлау қабілетін дамыту; сөз тіркесін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру;
3.Тәрбиелік: Тілге деген қызығушылығын арттыру, топтық жұмыс арқылы достық қарым-қатынасқа, сыпайы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: азық-түлік суреттері, жаттығулар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, топқа бөлу, оқу құралдарының толықтығы, оқушылардың көңіл-күйі, оқушылар назарын сабаққа толық аудару.
2. Мұғалім: Тілдік ортаға кіру.
- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
- Қазір қай ай?
- Аптаның қай күні?
- Ауа райы қандай?
-Біз қай Республикада тұрамыз?
-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
-Қазақстан Республикасының Президенті кім?
3.Үй тапсырмасын тексеру:
Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы қай қала?
Ол қайда орналасқан?
Қаланың негізі қай жылы қаланған?
Қала бұрын қалай аталған?
Қашаннан бастап Тәуелсіз Қазақстанның астанасы болды?
ІІІ Жаңа сабақ:
Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыздың аты - «Азық-түлік дүкенінде» деп аталады. Біз өткен сабақта қазақ тіліндегі септік түрлерімен таныс болған болатынбыз. енді сол тақырыптарға байланысты жұмыс түрлерін жүргіземіз.
ІҮ. Тапсырмалар орындату
1-тапсырма. Төменде берілген сөздерге септік жалғауын жалғаңдар.
Астана, халық, әуежай.
2-тапсырма. Азық-түліктің бағасын көрсетіп, сөйлемдер құраңдар.
нан, сүт, ұн, тоқаш, ет, қаймақ.
3-тапсырма. Диалогты сыныптастарыңмен бірге оқып, толықтырыңдар.
-
Базардың қасында азық-түлік дүкендері бар ма?
-
Иә, үлкен және шағын азық-түлік дүкендері бар.
-
Онда сүт қанша тұрады?
-
Сүт ... теңге тұрады.
-
Ірімшік бар ма екен?
-
Ірімшік жоқ, айран бар.
-
Айран қанша тұрады?
-
Айран ... теңге тұрады.
-
Жақсы, рахмет!
4-тапсырма. Жаңылтпашты түсініп оқып, жаттап алыңдар.
Жаңылтпаш
Олар Оралдан оралды,
Бұлар Аралдан оралды.
V. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
-
Сен азық-түлік дүкенінде болдың ба?
-
Сенің үйіңнің жаныда азық-түлік дүкені бар ма?
-
Сен қаншалықты жиі дүкенге барасың?
-
Дүкенде нанның бағыс қанша теңге тұрады?
-
Қазақ тілінде септіктің неше түрі бар?
-
Оларды ата.
-
Септік жалғаулары қай сөз табына жалғанады?
VІ. Үйге тапсырма: «қала», «көше» сөздерін септеу.
VІІ. Бағалау
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІІ. Сабақты қорытындылау
Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!