7


  • Учителю
  • Қазақ тілі пәнінен Ашық сабақ жоспары Тақырыбы: Жеке адамға қатысты іс-қағаздары 10-сынып

Қазақ тілі пәнінен Ашық сабақ жоспары Тақырыбы: Жеке адамға қатысты іс-қағаздары 10-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Жеке адамға қатысты іс қағаздар

Сабақтың мақсаты : білімділік - Жеке адамға қатысты іс қағазды жаза білуге үйрету;

дамытушылық - оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

тәрбиелік - лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Жеке адамға қатысты іс қағаздар

Іс қағаздарын қалыптасқан үлгіде сауатты жаза білу талабы - жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарының да шарты. Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарының не-гізгілері төменде көрсетілген.

  1. Өмірбаян (аннотациялық парақ)

  2. Өтініш

  3. Жеке іс парағы

  4. Анықтама

  5. Мінездеме

Өтініш - ресми іс қағазы. Оған қойылатын талап нақтылық, дәлдік, ойды, тілекті ашып, анықтап көрсету.

№ 7 жалпы білім беретін

мектептің директоры

Р. Балғымбаеваеа

биология пәнінің мұғалімі

Ж. Асановадан

өтініш

19.02.05. - 25.02.05 аралығында биология пәні апталығының өтуіне дайындық жүргізу үшін №27 кабинетті босатуға рұқсат етуіңізді сұраймын.

17.02.05 қолы

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын

Үйге тапсырма: қайталау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал